Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
25 тамызда Ақтөбе облысы Қобда ауданының Өтек және Қызылжар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ақмарал Нұрмағамбетованың айтуынша, қос ауылдық округ бойынша 6 кандидат тіркелді. Оның бірі әйел. Олардың барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Қос сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 627 сайлаушы енгізілсе, дауыс бергені 447-і.
Мемлекет басшысы айтқандай, сайлауға әрбір ел азаматының қатысуына құқы бар. Сонымен бірге мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға да еркі бар. Сайлау қашан да – елге сын, ұлтқа жауапкершілік жүктейтін, азаматтық позицияға тың серпін беретін ертеңнің ісі, болашақтың бағдары. Өйткені, сайлау елді біріктіретін, ойды тоғыстыратын сын мен сынақтан әбден ысылған саяси құрал. Ал, бұл сайлаудың негізгі идеясы еліміздің баға жетпес қазынасы бірлік пен ынтымақтың, татулық пен келісімнің маңына топтасу идеясы. Өтек ауылдық округнде өткен әкімінің сайлауы соның бір дәлелі. Бұл сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 273 азамат енгізілсе, оның 192-і дауыс берді. Сайлау қорытындысында Б.Телегисов сайлаушылардың 29, Ж.Төкешева 21, ал Е.Сарқұлов 135 дауысын жинаған. Сөйтіп, 39 жастағы И.Құманов атындағы ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Сарқұлов Ерлан Саматұлы Өтек ауылдық округінің әкімі болып сайланып, жаңа қызметке кірісіп кетті, - дейді төраға орынбасары.
Ал Қызылжар ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша айтар болсақ, бұл сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 354 азаматтың 255-і өз таңдауын жасап, дауыс берген. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны, атап айтсақ, Н.Дұзбанов сайлаушылардың 42, Б.Мусаев 169, ал Ж.Наушабаев 34 дауысын иеленген. Өзін-өзі ұсынған 57 жастағы Қобда ауданының білім бөлімінің әдіскері Мусаев Бауыржан Әлменұлы Қызылжар ауылдық округінің әкімі болып сайланды.