Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауылдық округ әкімдерінің сайлауы ел көлемінде өз жалғасын тауып келеді. Соның бірі 25 тамызда Ақтөбе облысының Алға, Байғанин, Қобда, Мұғалжар аудандарында ұйымдастырылып, 6 ауылдық округте әкім сайланды.
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ақмарал Нұрмағамбетованың айтуынша, Алға ауданының Ақай және Бестамақ, Байғанин ауданының Қопа, Кобда ауданының Қызылжар және Өтек ауылдық округтері мен Мұғалжар ауданының Егіндібұлақ ауылдық округінде өткен сайлау қорытындысы жарияланды. «Облыс бойынша ауылдық округ әкіміне үміткерлерді ауыл тұрғындары өздері таңдап, өз дауыстарын берді. Ендігі кезекте әкімдер халық үшін қызмет ететін болады. Өткен сайлау халықтың дұрыс таңдау жасағанын тағы дәлелдей түсті», - дейді төраға орынбасары.
Алға ауданының Ақай және Бестамақ ауылдық округінің әкімдерін сайлау бір сайлау округі бойынша өтті. қос ауылдық округтегі сайлаушылар тізіміне енгізілген 2934 азаматтың 1665-ідауыс берген. Жалпы екі округтен әкім лауазымына барлығы 6 кандидат тіркелген. Барлығы өзін-өзі ұсынғандар.
Ақай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша айтар болсақ, мұндағы сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген 455 азаматтың 349-ы дауыс берген. Дауыс санау барысында 20 бюллетень жарамсыз деп танылса, 7 сайлаушы барлық кандидатқа қарсы дауыс бергені анықталды. Сонымен кандидаттың бірі Т.Досжанов сайлаушылардың 18 дауысына ие болса, екіншісі А.Дубаев 17 дауыс жинаған. Ал Т.Мұналбай 287 дауыспен алға шықты. Сайлау қорытындысымен 1997 жылы дүниеге келген Ақай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Мұналбай Тоқмұрат Аманұлы Ақай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Ал Алға ауданының Бестамақ ауылдық округінің әкімін сайлауы да бір сайлау округі бойынша өтті. Ондағы сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2479 азамат енгізілсе, сайлау учаскесіне 1316-ы адам келіп өз таңдауларын жасап дауыс берген. Дауыс санау барысында 13 бюллетень жарамсыз болып қалса, 19 сайлаушы «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қалдырған. Ал дауыс үш кандидат арасында төмендегідей бөлінді. Атап айтсақ, Д.Аппазов сайлаушылардың 86, Қ.Даулеталин 1002, А.Курамысов 196 дауысын жинаған. Сөйтіп 46 жастағы округтің әкімі Даулеталин Қанат Сағынғалиұлы өз орнын сақтап қалып, Бестамақ ауылдық округінің әкімі болып халықтың қолдауымен қайта сайланды.
- Даулеталин Қанат Сағынғалиұлы 1978 жылы Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ ауылдық округіне қарасты Бесқоспа ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1999 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын «Қазақ тілі және әдебиет» мамандығын бойынша бітірген. 2023 жылы Қазақ-орыс Халықаралық университетінің «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1999 жылы В.И.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінде Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып бастаған. Одан кейін Алға аудандық білім бөлімінде және И.Пацаев атындағы Алға орта мектепте әдіскері, Бесқоспа орта мектебінің директоры болып жұмыс істеген. 2016 жылы Бестамақ ауылдық округінің әкімі болып тағайындалған болатын. Сайлау заңына сәйкес ол өз лауазымына халықтың қолдауымен қайта сайланып, тиісті жұмысын атқаруда. Аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшылығы өз ісінің білікті маманына қолдау көрсетуде, - дейді , - дейді Ақмарал Нұрмағамбетова.