Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы бастамалары оның бұған дейінгі жолдауларынан және сайлау алдындағы бағдарламасынан бастау алған реформаларды одан әрі дамытуға арналды. Мемлекет басшысы өз сөзінде азаматтардың тұрмысын жақсартуды көздейтін жүйелі экономикалық өзгерістерге баса назар аударды.
Жолдауда жүзге жуық түрлі бастамалар, ұстыныстар және тапсырмалар бар. Мысалы, салық жүйесін мұқият ойластыра отырып қайта жүктеу, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған шаралар топтамасын оңтайландыру, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі үшін қолжетімді несие беру, әділ әрі тиімді тариф саясатын жүргізу, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, білікті маманда даярлау, жасанды интеллектіні дамыту және жаппай цифрландыру, азаматтардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамсыз ету сияқты басымдықтарды айрықша атап өтеуге болады.
Сондай-ақ Президент қоғамда бір жыл бойы талқыланып жатқан Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты референдумды өткізу күнін белгіледі. Бұл референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының және Әділетті Қазақстан идеясының жүзеге асырылып жатқанының тағы бір айқын дәлелі.
«Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан қалалық филиалыныңтөрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов Президент Жолдауымен мұқият танысып, Мемлекет басшысының елімізде атом электр станциясын салу туралы бастамасын қолдайтындығын жеткізді.
- Бүгінгі күннің басты тақырыбының бірі – Атом электр станциясын (АЭС) елімізде салу. Президентіміз жаңа Жолдауында Атом электр станциясын салу туралы референдумды 6 қазан күні өткізілетіндігін атап өтті. Жалпы Қазақстанда АЭС салу сонау Кеңес Одағы ыдырамай тұрып көтерілген болатын. Енді, міне, сол мәселе қайта қозғалып отыр.
Өткенге көз жіберер болсақ, Кеңес Одағы тұсында, дәлірек айтсақ, 1948 жылы академик Курчатовтың бастамасымен бірінші атом электр станциясы (АЭС) салынды. Ол кезде ұлы державалар КСРО-мен АҚШ барлық салада бір-бірінен озуға тырысатын, басқа елдердің олармен жарысуға шамасы да, мүмкіндігі де жоқ болатын. Сонымен бірінші атом электр станциясы 1943 жылы 3 қыркүйекте Американың Теннеси штатында іске қосылса, екіншісі араға 8 жыл салып барып 1951 жылы Айдахо штатында іске қосылды. Ол кезде мықты елдер атом бомбасын жасау үшін бар күшін салып бақты. Соның нәтижесінде бірінші атом бомбасын Америка шаты Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастап, өздерінің мықты екенін көрсетуге тырысты.
Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануда алдымен дамыған елдер қолға алды. Соның ішінде Қытай да бар. Бүгінгі күні дүниежүзі бойынша Қытай ғалымдары атом электр станциясын соғуда бірінші орынға шығып кетті. Қытай Республикасында 54 атом электростанциясы жұмыс істеп тұр және 28-АЭС соғылып жатыр. Ресейде «РосАтом» орталығына карайтын 11-АЭС жұмыс істеп тұр. Америка штаттарында 5-АЭС жұмыс істейді және тағы жаңа АЭС салу жоспарлануда. Жалпы Индияда – 6, Пакистанда – 2, Украинада – 2, Словакияда – 2, ал Франция, Аргентина, Беларусь, Финляндияда, Бразилияда бір-бірден атом электро станциялары жұмыс істеп тұр, - дейді Жарқынбек Құлбайымбетов.
Жалпы елімізде Атом станциясы үшін ең керек өнім уранның 900 мың тонна қоры бар. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атом электр станциясын соғу туралы бастамасын халыққа жолдап, халықтың келісімін алу үшін республика бойынша референдум өткізілетін болды, бұл өте дұрыс шешім деп есептеймін. Яғни, осылайша Президентіміз әрбір ел азаматының өз таңдауын жасауына құқық беріп отырғаны белгілі.
Жер бетінде атом энергетикасы дамып АЭС соғылғалы бері де екі АЭС-те жарылыс орын алды. Оның бірі Украинадағы Чернобыль Атом электростанциясы, екіншісі Жапониядағы Фукусимо АЭС-ы. Екіншісі мұхит суының тасқынынан болған еді.
- Еліміздің әрбір озық-ойлы азаматтары Қазақстанда АЭС соғу туралы өз ойын айту керек. Мен жоғарыда айтқанымдай, Қытай Республикасында 54 -АЭС жұмыс істесе, ендігі кезекте 28-АЭС соғылуда. Өйткені 1,4 миллиард халқы бар Қытайдың экономикасы өте жақсы дамып келеді, ол үшін бірінші кезекте керегі – электр энергиясы. Сондықтан да көршіміз атомнан электр энергиясын өндіруге бар ресурсын жұмылдырған. Түркия мемлекеті де жаңа атом станциясын қолға алып отыр. Олардан да біздің үйренеріміз көп.
Қазақ бата беренде «Еліміз аман жұртымыз бүтін болсын» дейді, ол үшін біздің елімізде дамыған елдердің көшінен қалып қоймауы керек. Ең бастысы халық денсаулығы, келешек ұрпағымыздын жарқын болашағы үшін үлкен қадам жасағалы отырмыз. Жалпы республикамызда АЭС-тің соғылуын мен қолдаймын, ең басты сұраныс сол соғылатын АЭС-тың жаңа талапқа сай болуы. Техникалық қауіпсіздікке баса мән берілуі. Жаңа техника, жаңа талапқа сай болса, адам өміріне қауіпсіз болса, неге АЭС соқпасқа?», - дейді«Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан қалалық филиалыныңтөрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов.