Тарбағатайда Тұғыр ауылдық округінің әкімі ел сеніміне ие болды

Oinet.kz 18-07-2024 41

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 11 тамызға тағайындалған Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округі әкімін сайлауы сайлау талабына сәйкес өтті. Мұндағы №9 сайлау округі комиссиясының төрағасы Гүлмира Окенованың айтуынша, сайлау таңғы сағат 7:00-де ашылып, кешкі 20:00-де аяқталған. Сайлауға сайлау округінің сайлаушылар тізіміне енгізілген сайлаушылардың 87,7 пайызы қатысып, дауыс берген. 

Screenshot_36.jpg

Сайлау округі бойынша Тұғыр ауылдық округі әкімі лауазымына барлығы 3 кандидат тіркелген болатын. Оның бірін Amanat партиясы ұсынса, екеуі өзін-өзі ұсынғандар. Өзін-өзі ұсынғандардың бірі – 60 жастағы Жаңаауыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қызырхан Фугатович Тисаев. Екіншісі – 36 жастағы Жетіарал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жадыра Бесимбайқызы Мурзабекова. Amanat партиясы ұсынған кандидат 53 жастағы Тұғыл ауылдық округінің әкімі Қанат Шеризатұлы Свенов. 

Сонымен 4 тамызда Тұғыл ауылдық округінде өткен әкім сайлауына сайлаушылар тізімге енгізілген 2646 азаматтың 2304-і қатысып, дауыс берген. Жалпы сайлауға қатысқандар 87,07 пайызды құрады. 

Сайлау қорытындысында Мурзабекова Жадыра Бесимбаевна сайлаушылардың 145, Свенов Канат Шеризатович 1930, ал Тисаев Кызырхан Фугатович 133 дауысын жинады. 

- Тұғыл ауылдық округінде өткен әкім сайлауына Amanat партиясы ұсынған кандидат округ тұрғындарының 87,2 пайызының дауысына ие болды. Сөйтіп, округтің әкімі Свенов Канат Шеризатович өз орнын сақтап қалды. Халықтың сеніміне ие болған ол өз жұмысына кірісіп кетті, - дейді комиссия төрағасы Гүлмира Окенова. 

Түлкібас ауданында бас маман Шақпақ ауылдық округінің әкімі болып тіркелді
АЭС салуда көшбасындағы елдердің көшінен қалып қоймаумыз керек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу