Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
11 тамызда Түркістан облысының Түлкібас ауданы Шақпақ ауылдық округі әкімінің сайлауы жауапкершілікпен өткізілді. Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ерден Қаратаевтың айтуынша, округ әкіміне кандидат ретінде үш үміткер тіркелген. Оның бірі Amanat партия тарапынан ұсынылса, екеуі өзін-өзі ұсынғандар.
- Шақпақ ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген үш кандидаттың бірі – Абдикеримов Нұрдаулет Мирзакеримұлы. Ол Шақпақ ауылдық округі әкімінің сайлауына үміткер болып Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 17 шілдедегі № 47 шешімімен тіркелген болатын. 49 жастағы ол Ақ-биік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Екінші кандидаттың есімі Досов Біржан Бейбитжанұлы. Ол Кемербастау ауылдық округі әкімінің кеңесшісі. Бұл екі кандидат та өзін-өзі ұсынғандар. Ал Amanat партиясының Түлкібас аудандық филиалы 40 жастағы Ақбиик ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Барлыбаев Серик Балабекұлын ұсынған. Халық тұрмысын жақсарту үшін қандай да бір өзгеріс қажет болса, ол – сайлаудың әділ өтуі. Ол халыққа да байланысты. Кешегі өткен сайлауда халық тарапынан болған белсенділікке қарап, елімізде демократиялық үдерістің орныққанын көрдік, - дейді комиссия төрағасы.
Сонымен Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Түлкібас ауданы, Шақпақ ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі. Атап айтсақ, Шақпақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне енген 2227 азаматтың 1612-і учаскелік сайлау комиссиясына келіп, дауыс берді. дауыс санау барысында жарамсыз бюллетеньдер саны – 44 болса, 56 сайлаушы «Барлығына қарсы» жолына белгі соққан. Дегенмен өзге сайлаушылар өз дауыстарын өздері қалаған кандидаттарға берген. Яғни, сайлау бюллетендерін санау барысында белгілі болғаны, кандидаттар арасында сайлаушылардың басым дауысына Барлыбаев Серик Балабекұлын ие болды. Ол сайлаушыларының 1433 дауысын жинап, қарсыласынан үлкен сан айырмашылығымен алдыға шыққан.
- Түлкібас ауданының Шақпақ ауылдық округі әкімінің сайлауы заң бұзушылықтарсыз, әділ, әрі ұйымшылдықпен өтті. Сайлау күні сайлау учаскелеріне келген халықтың қарасы қалың болды. Халықтың басым бөлігі өз таңдауын жасап, дауысын ылайық көрген кандидатқа берді. Сөйтіп, Amanat партиясы ұсынған 40 жастағы Ақбиик ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Барлыбаев Серик Балабекұлы Шақпақ ауылдық округі әкімі болып тіркеліп, қызметіне кірісті, - дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ерден Қаратаев.