Шиелі ауданында округ әкімдері екі азаматпен жаңарды

Oinet.kz 18-07-2024 38

Қызылорда облысына қарасты Шиелі ауданы ауылдық округ әкімдерінің сайлауын өткізуде алда келеді. Бүгінгі күні мұндағы округ әкімдерінің басым бөлігі жаңарған. Ішінде қайта сайланғандары да бар. Аудандық сайлау комиссиясының тағайындауымен 11 тамызда ауданға қарасты Иіркөл және Майлытоғай ауылдық округтерінің әкімдері сайланды. 

Screenshot_34.jpg

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатовтың айтуынша, екі округ бойынша барлығы 6 кандидат тіркелген. Олардың барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Оның ішінде сайлауға екінші қайтара түсіп отырған Иіркөл ауылдық округінің әкімі бар. 

- Шиелі ауданында 12 ауылдық округі бар. Бүгінге дейін оның 8-9-ында ауылдық округ әкімдерінің сайлауы жаңа талаппен өткізілді. 11 тамызда өткен сайлауда да жерлестерімнің дәл сондай белсенділік танытқанын өз көзімізбен көрдік. Жалпы, азаматтардың сайлауға қатысуы не үміткер ретінде өзін-өзі ұсынуы – туған өлкенің тұрмысын түзетуге деген ізгі ниеті ғана емес, зор жауапкершілік. Осы жауапкершілікті сезіне отырып Ирікөл мен Майлытоғай ауылдық округтеріне әкім болып тіркелген азаматтардың барлығы да жоғары білімді мамандар. Оның бірі – округтің әкімі Ержан Оралбек Оразбекұлы. 54 жастағы ол өз орнын сақтап қалуға ниетті. Ал екінші кандидат, Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлім басшысының орынбасары Бәйділдаев Бақытжан Әлиайдарұлы. Үшінші кандидаттың есімі – Рахманов Уалихан Уайдаұлы. 50 жастағы ол Шиелі ауданының экономика және қаржы бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлім басшысының орынбасары. 

Округте жұмыс істеген №278, №279 учаскелік сайлау комиссиясында сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген 2516 азаматтың 1898-і қатысып, дауыс берді, - дейді комиссия төрағасын. 

Сонымен сайлау қорытындысында кандидат Бәйділдаев Бақытжан Әлиайдарұлы сайлаушылардың басым дауысын иеленді. Оның кандидатурасын жақтап округ тұрғындарының 971-і дауыс берген. Ал округтің әкімі Ержан Оралбек Оразбекұлы сайлаушылардың 674 дауысын жинаған. Рахманов Уалихан Уайдаұлы болса 242 сайлаушының дауысына ие болған. Сөйтіп Иіркөл ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған 40 жастағы Шиелі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Бәйділдаев Бақытжан Әлиайдарұлы сайланды.

Ал Майлытоғай ауылдық округі бойынша тіркелген кандидат саны үшеу. Барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Бірінші кандидаттың есімі – Мамбетов Абилькасим Абильдаевич. 61 жастағы ол «Әбілда» шаруа қожалығының жетекшісі. Екінші кандидат – Жиделіарық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман Оспанов Дәурен Әуезұлы.  Үшінші кандидаттың есімі – Жәрімбетов Талғат Ергешбайұлы. 48 жастағы ол Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі. 

11 тамыз күні Майлытоғай ауылдық округі әкімінде орналасқан №270 учаскелік сайлау комиссиясының және Шиелі аудандық сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 346 азаматтың 271 қатысып, дауыс берген. Сайлау қорытындысында кандидат Жәрімбетов Талғат Ергешбайұлы сайлаушылардың 30, Мамбетов Абилькасим Абильдаұлы 217, ал Оспанов Дәурен Әуезұлы 22 дауысын жинаған. Дауыс беру қорытындысымен 61 жастағы өзін-өзі ұсынған «Әбілда» шаруа қожалығының төрағасы Мамбетов Абилькасим Абильдаевич Майлытоғай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

- Қос ауылдық округте сайлау талапқа сай өткізілді. Өзін-өзі ұсынған азаматтардың ішінен халық іскер азаматтарды таңдап, дауыс берді. Сонымен, Шиелі аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, 2024 жылғы 12 тамыздағы шешімімен  2024 жылғы 11 тамыздағы сайланған Майлытоғай ауылдық округінің әкіміне Мамбетов Абилькасим Абильдаұлы мен Иіркөл ауылдық округінің әкіміне Бәйділдаев Бақытжан Әлиайдарұлын тіркеді. Бүгінгі таңда округ әкімдері аудан активіне таныстырылып, қызметтік куәліктері тапсырылды, - дейді комиссия төрағасы М.Дулатов.  

Қазалы ауданында Майдакөл және Сарбұлақ ауылдық округінің әкімдері өз орнында қалды
Түлкібас ауданында бас маман Шақпақ ауылдық округінің әкімі болып тіркелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу