Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
4 тамызда Солтүстің Қазақстан облысының Жамбыл мен Мамлют аудандарының Кладбинка, Мамлютка қаласы мен Новомихайлов ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті. Облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереевтің айтуынша, бұл аудандардағы ауылдық округтер бойынша әкім лауазымына барлығы 9 кандидат тіркелген. Олардың екеуі саяси партиядан, 7-і өзін-өзі ұсынған.
Мәселен, Жамбыл ауданына қарасты Кладбинка ауылдық округі бойынша тіркелген кандидаттардың саны үшеу. Оның біреуі әйел. Екеуі өзін-өзі ұсынса, бір үміткерді «Respubliсa» партиясы ұсынған болатын. Өзін-өзі ұсынған кандидаттың бірі 55 жастағы Пресновка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Мағазұлы Нұртазин Мәулен. Округтен ұсынылған әйелдің есімі Ұлболсын Шорақызы Уәлиева. 33 жастағы ол Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы болып жұмыс істейді. «Respubliсa» партиясынан ұсынылған кандидат, ішкі істер органдары тарапынан зейнеткерлікке шыққан 48 жастағы Сұлтан Олегович Абзалимов.
Мұндағы сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 882 азаматтың 571-і сайлауға қатысты. Сайлау қорытындысы бойынша С Абзалимов сайлаушылардың 425, М. Мағазұлы 42, ал Ұ.Уәлиева 62 дауысын жинаған. Кладбинка ауылдық округінің әкімі болып 48 жастағы, «Respublica» саяси партиясы ұсынған Сұлтан Олегович Абзалимов сайланды.
- Ал Мамлют ауданында 4 тамызда Мамлютка қаласы мен Новомихайлов ауылдық округі әкімдері сайланды. Жалпы Мамлютка қаласы бойынша үш кандидат тіркелген болатын. Оның екеуі өзін-өзі ұсынса, бір кандидат саяси партия атынан ұсынылды. Өзін-өзі ұсынған кандидаттың бірі 35 жастағы «Искра» сауықтыру лагерінің директоры Айбек Мұратұлы Әбілов. Екіншісі, 34 жастағы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коомуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маман-заңгер Ержан Нұрланұлы Мәженов. Ал үшінші кандидатты, 48 жастағы, уақытша жұмыссыз жүрген Асқар Кеңесұлы Оразалиновты Amanat партиясының Мамлютка қалалық филиалы ұсынған еді.
Мамлютка қаласының әкімін сайлау қорытындысына қарайтын болса, мұндағы сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 5230 азаматтың 2722-і сайлауға қатысты. Оның 81-і дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде өз таңдауын жасаған. Сайлау бюллетеньдеріне «Барлығына қарсы» жолы енгізілгеннен кейін осы көзқарастағы азаматтар өз таңдауларын белгі соғып көрсетуде, мәселен бұл сайлауда мұндай 256 белгі қалдырылған бюллетень анықталды. Одан бөлек 62 бюллетень жарамсыз деп танылды. Дегенмен сайлауда өзге азаматтардың берген таңдауы да ескеріліп, А.Әбілов сайлаушылардың 437, Е.Мәженов 404, ал А.Оразалинов 1563 дауысын жинаған. Сонымен Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласының әкімі болып Amanat партиясы ұсынған, уақытша жұмыссыз жүрген 35 жастағы Асқар Кеңесұлы Оразалинов сайланды, - дейді Асқар Сақыпкереев.
Мамлют ауданының Новомихайлов ауылдық округі бойынша тіркелген үш кандидаттың бірі 33 жастағы Тохтар Абайұлы Әбділманов болатын. Ол Мамлют ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы. Екінші кандидаттың есімі Елхан Болатұлы Бименді. 26 жастағы ол Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқаруда. Соңғы кандидат 42 жастағы Руслан Төлегенұлы Омаров Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары. Бұл кандидаттардың барлығы да өзін-өзі ұсынғандар.
Новомихайлов ауылдық округінің әкімін сайлауының қорытындысына қарайтын болсақ, сайлаушылар тізіміне енген 1428 азаматтың 1159-ы дауыс берген. Мұнда 31 сайлаушы дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде өз таңдауын жасаған. Ал бюллетеньдербі санау барысында 21 бюллетень жарамсыз деп танылса, «Барлығына қарсы» жолында 93 азамат белгі қалдырған. Дауыс болса кандидаттар арасында төмендегідей бөлінді. Атап айтсақ, Т.Әбділманов 113, Е.Бименді 780, Р.Омаров сайлаушылардың 152 даусын жинаған. Сөйтіп Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округінің әкімі болып Елхан Болатұлы Бименді сайланды. Қазіргі күні бұл округ әкімдері елмен етене еңбек етуде.