Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында 4 тамызда 3 ауылдық округте әкім сайлауы жоғары дайындықпен өткізілді. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Максим Деревяганың айтуынша, бұған дейін де ауданда ондаған сайлау ұйымшылдықпен өткізілген. Биыл жыл басынан бері 6 ауылдық округте әкім сайлауы өтсе, оның 3-і 4 тамызда Амангелді, Заречный және Явленка ауылдық округтерінде өткізгеліп отыр.
- Жалпы бұл үш ауылдық округ бойынша 9 кандидат тіркелген болатын. Оның 3-і әйел. Amanat партиясы әрбір ауылдық округтен бір-бірден өз үміткерлерін ұсынса, 6 кандидат өзін-өзі ұсынғандар. Амангелді ауылдық округі әкіміне «Amanat» партиясы аталған округтің әкімі 60 жастағы Бақыт Серкешұлы Исмағұловты қайта ұсынып отырса, өзін-өзі ұсынғандардың бірі – 32 жастағы Есіл ауданы әкімдігі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Асқар Абайұлы Байтоков. Келесі кандидаттың есімі – Виктория Владимировна Кутейникова. 38 жастағы ол Есіл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді. 4 тамыз күні сайлауға Амангелді ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 378 азаматтың 262-і қатысты. Олардың 47-і барлық кандидатқа қарсы екендіктерін білдірген. Жалпы сайлау қорытындысында А.Байтоков сайлаушылардың 46, С.Исмағұлов 106, ал В.Кутейникова 53 дауысын ие болды. Сөйтіп Амангелді ауылдық округінің бұрынғы әкімі Бақыт Серкешұлы Исмағұлов өз орнын сақтап қалды, - дейді Максим Деревяга.
Ал Заречный ауылдық округі әкіміне 27 жастағы осы округтің бас маманы Арман Азаматұлы Әбілғазин ұсынылды. Оны ұсынған Amanat партиясы. Ал өзін-өзі ұсынған кандидаттардың бірі – Олег Александрович Краснощёк. 40 жастағы ол Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маман. Екіншісі - Дина Оспанқызы Шалабаева. 39 жастағы ол Есіл ауданы әкімдігінің Алматы аауылдық округі әкімінің аппаратының бас маман болып жұмыс істейді.
Жалпы бұл сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 831 азаматтың 646-ы сайлауға қатысып дауыс берді. сайлау қорытындысымен А. Әбілғазин 461 дауыспен алға шықты. Ал А.Краснощёк болса 100, О.Шалабаева 54 сайлаушы дауысын жинады. Сөйтіп Заречный ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы Арман Азаматұлы Әбілғазин округ әкімі болып жоғарылады.
Явленка ауылдық округі бойынша айтар болсақ, мұнда округте әкіміне саяси партия атынан 35 жастағы Есіл аудандық мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы Нұркен Жалғасбайұлы Сисенбаев ұсынылды. Өзін-өзі ұсынған кандидаттар, Тұяқов Данияр Алтайұлы, 35 жаста, Заградовка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман, ал Наталья Николаевна Никитина, 46 жаста, Покровка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман.
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 4217 азаматтың 2319-ы сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Бір атап өтерлігі, мұнда «Барлығына қарсы» деген жолда 115 сайлаушы белгі қалдырған. Ал санақ барысында 115 бюллетень жарамсыз деп танылған. Ал дауыс беруге арналған жайдан тыс жерде 36 сайлаушы дауыс берген. Сайлау қорытындысымен Н.Никитина сайлаушылардың 343, Ж.Сисенбаев 1532, А.Тұяқов 304 дауысын иеленген. Сөйтіп Явленка ауылдық округінің әкімі болып Нұркен Жалғасбайұлы Сисенбаев сайланды.
- Көріп отырғандарыңыздай 4 тамызға қойылған Амангелді, Заречный және Явленка ауылдық округтерінің әкімдерін халық сайлады. Жалпы сайлау жоғары деңгейде өтіп, лайықты азаматтар сайланады. Бір атап өтерлігі үш ауылдық округте де Amanat партиясы сенім білдіріп, сайлауға ұсынған кандидаттар әкім креслосына отырды. Бұл жерде жетекші партияның ел арасында беделі биік екенін, халық партияға сенім артатынын көріп отырмыз, - дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Максим Деревяга.