Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында жұмыссыз азамат округ әкімі атанды

Oinet.kz 24-07-2024 49

4 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау, Есіл, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев, Қызылжар, Мамлют, Ғабит Мүсірепов атындағы, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов және Шал ақын аудандарында әкімдердің өкілеттіктерінің аяқталуына және өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты аудандық маңызы бар қалалар және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы өтті. 

Screenshot_22.jpg

Солтүстік Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереевтің айтуынша, қала және ауылдық округ әкімдердің сайлауы облыстың 2 аудандық маңызы бар қаласы мен 24 ауылдық округінде өткізілген. 

Айыртау ауданында Константиновка мен Лобанов ауылдық округтерінде өткен әкім сайлауына барлығы 6 кандидат тіркелген болатын. Оның 5-і өзін-өзі ұсынса, біреуі саяси партиядан ұсынылған. Константиновка ауылдық округі бойынша айтар болсақ, мұнда өзін-өзі ұсынған кандидаттың бірі – Медетбек Жұмабекұлы Бекенов. 1983 жылы туған ол Қазанка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Екінші кандидаттың есімі Ақан Алтайұлы Сексенбаев. 1976 жылы туған ол «Айыртау ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы. Ал Amanat партиясынан ұсынылған кандидат Антоновка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Орлов Сергей Валентинович. 

Константиновка ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 1275 азаматтың 905-і дауыс берді. Бюллетеньдері санау барысында 32 бюллетень жарамсыз деп танылса, 43 сайлаушы «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі соққан. Сайлау қорытындысымен М.Бекенов сайлаушылардың 61, С.Орлов 692, ал А.Сексенбаев 77 дауысына ие болды. Нәтижесінде Константиновка ауылдық округінің әкімі болып Сергей Валентинович Орлов сайланды. 

- Ал Лобанов ауылдық округі бойынша ұсынған кандидаттың бірі – 1991 жылы туған, Айыртау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы Еркен Жаңабайұлы Әбілдин болса, екіншісі 1992 жылы туған, Антонов ауылдық округі әкімі аппаратының ауылдық аумақтарды дамыту және жастармен жұмыс жөніндегі бас маман-салық агенті Айдос Айтқожұлы Ақжолов. Үшінші үміткердің есімі Саят Біржанұлы Қошқарбаев. 1980 жылы туған ол уақытша жұмыссыз болатын. 4 тамыз күні өткен мұндағы сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 1197 азаматтың 854-і өз таңдауларын жасады. Дауыс санау барысында жарамсыз деп танылған сайлау бюллетеньдерінің саны 21 болса, «Бәріне қарсымын» белгісі бар 45 бюллетень шықты. Сайлау қорытындысымен А.Ақжолов сайлаушылардың 49, Е.Әбілдин 62, ал С.Қошқарбаев 677 дауысқа ие болды. Сонымен Лобанова ауылдық округінің әкімі болып Саят Біржанұлы Қошқарбаев сайланды. Қос ауылдық округ әкімдері аудан активінде көпшілікке таныстырылып, қызмет куәліктері тапсырылып, жұмыстарына кірісіп кетті, - дейді облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев.

Лепсі ауылдық округінің әкімі болып Қияс Ақтөре сайланды
Есіл ауданында халық «Amanat» партиясына сенім артатындығын сайлау барысында көрсетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу