Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
4 тамыз күні Жетісу облысының Сарқан ауданының Лепсі ауылдық округтерінде әкім сайлауы өтті. Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұратбек Естеуовтың айтуынша, биыл алғашқы сайлау 11 ақпанда Қарабөгет ауылдық округінде, одан кейін 21 шілдеде Көктерек, 4 тамыз күні Лепсі ауылдық округтерінде өткізілген.
Әкім сайлау – қазаққа бейтаныс рәсім емес. Бабаларымыз болыс, би, қазыларды да, ханды да сайлаған. Сол үрдіс бүгінгі күні де жалғасып келеді. Бүгінгі күннің сайлауы өзгешелеу болғанымен мақсат біреу – халық үшін қызмет ету. Ауданда алғашқы өткен сайлауда Қарабөгет ауылдық округінің әкімі болып, Amanat партиясы ұсынған округтің бұрынғы әкімі, 1990 жылы туған Алмас Ермекұлы Дюсембаев өз орнын сақтап қалған еді. Ал 21 шілде күні Көктерек ауылдық округі әкімінің сайлауы да сайлау талаптарына сай өткізілді. Сарқанда 1 аумақтық және 2 учаскелік сайлау комиссиясы, 17 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істеді. Көктерек ауылдық округіне де бастапқыда 3 кандидат тіркелді. Оның екеуі өзін-өзі ұсынған болса, бірін Amanat партиясы ұсынған. Кейіннен бір кандидат өз өтініші бойынша сайлаудан бас тартты. Қалған екі кандидаттың бірі, өзін-өзі ұсынған Мирхат Ташболатұлы Сабитов. 1969 жылы дүниеге келген ол «Сабитов» шаруа қожалығының басшысы. Ал Amanat партиясы ұсынған кандидаттың есімі Серік Құрманұлы Смағұлов. 1966 жылы дүниеге келген ол осы округтің әкімі болатын. Сайлау күні сайлауға ауыл халқының 84,4 пайызы қатысып белсенділік танытты. Сайлау қорытындысында Серік Смағұлов сайлаушылардың 75,4 пайыз дауысын жинап, өз орнын сақтап қалды, - дейді Мұратбек Естеуов.
Ал 4 тамызға қойылған Лепсі ауылдық округі әкімінің сайлауы да ұйымшылдықпен өткізіліп отыр. Жалпы әкім лауазымына екі кандидат тіркелген. Екеуі де өзін-өзі ұсынғандар. Оның бірі – Қарашыған ауылдық округі аппаратының бас маманы Ардақ Серікқызы Күнбосынова болса, екіншісі – Жетісу облысы білім басқармасының бас маманы Қияс Ақтөре.
- Лепсі ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 1848 азаматтың 1523-і, яғни 82,4 пайызы дауыс берді. Дауыс санау кезінде Күнбосынова Ардак Серикқызы сайлаушылардың 356, ал Қияс Ақтөре 1152 дауысына ие болғаны белгілі болды. Сонымен Лепсі ауылдық округінің сайланған әкімі дауыс беру қорытындысы бойынша 1993 жылы туған Қияс Ақтөре Лепсі ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Сөйтіп Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-11-бабынының 1 тармағына сәйкес 2024 жылғы 4 тамызда сайланған Сарқан ауданының Лепсі ауылдық округінің әкімін 2024 жылғы 4 тамыздағы шешімімен тіркеді, - дейді Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұратбек Естеуов.