Шет ауданы Ақой ауылдық округінің әкімі халық қолдауына ие болды

Oinet.kz 13-07-2024 47

4 тамыз күні Қарағанды облысының Шет ауданының Ақой ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдиновтың айтуынша, бұл жыл басынан бері өткізілген 4-ші сайлау. Жалпы ауданда 7 ауылдық округтің әкімі сайланған. 

Screenshot_19.jpg

Бірінші сайлау 18 ақпанда Босаға және Бұрма ауылдық округтерінде өтті. Ондағы сайлау қорытындысы бойынша Босаға ауылдық округінің әкімі болып 47 жастағы Босаға ауылының тұрғыны Қазбек Құрманбайұлы Рахметов сайланды, ал Бұрма ауылдық округінің әкімі болып 62 жастағы Нұрболат Ақбарұлы Абишев сайланған болатын. Одан кейінгі сайлау 14 сәуір күні Тағылы ауылдық округінде өтіп, сайлаушылардың 62,79 пайызы сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Сонымен Тағылы ауылдық округінің әкімі болып 1988 жылы туған, Тағылы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Алишев Санат Қанатұлы сайланды. 9 маусым күні Ақжал кенті, Ақшоқы және Киікті ауылдық округтерінде әкім сайлауы өтті. Бұл округтер бойынша ауылдық округ әкімдеріне 9 кандидат тіркелген еді. Оның ішінде Amanat партиясынан 3 кандидат, өзін-өзі ұсыну арқылы 6 кандидат сайлауда бақтарын сынады. Бұл тіркелген үміткерлердің ішінде 8 ер адам және 1 әйел адам болды. Мамандықтар бойынша 5-еуі заңгер, 4-і басқа сала маманы. Тіркелген кандидаттардың 9-ы мемлекеттік қызметші. Мұндағы сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 2946 азамат енгізілсе, оның 1900-і, яғни 64,49 пайызы қатысып, дауыс берді. Сонымен Amanat партиясының ұсынуымен сайлауға түскен Ақшоқы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жанабек Жеңісұлы Жолдыбеков Ақшоқы ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Киікті ауылдық округі бойынша сайлаушылардың 70 пайызы қатысып, сайлауда Amanat партиясы ұсынған, 1987 жылы туған Киікті ауылдық округінің әкімі Смағұлов Мерей Қуатбекұлы өз орнын сақтап қалды. Ал Ақжал кенті сайлау округі бойынша да партия сенім білдірген, бұған дейін «Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметін атқарған 27 жастағы Әбдірәсіл Ерасыл Бекболатұлы Ақжал кентінің әкімі болып сайланды, - дейді Б.Амангельдинов.

Ал 4 тамыз күні өткен Ақой ауылдық округі әкімінің сайлауына 3 кандидат қатысты. Оның бірі Amanat партиясынан ұсынылса, 2-еуі өзін-өзі ұсынған. Өзін-өзі ұсынған кандидаттың бірі – Қанатов Бекзат. 44 жастағы ол Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің орынбасары. Екіншісі – 55 жастағы Шахмин Тағат Баяндыұлы. Ол Көктіңкөлі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман. Amanat партиясы сенім білдіріп отырған үшінші кандидаттың есімі Қасым Жасұлан Тлеужанұлы. 33 жастағы ол Ақой ауылдық округінің әкімі. Екінші мүмкіндігін пайдалану үшін сайлауға қатысты. 

Сонымен Шет аудандық сайлау комиссиясы ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 14-бабының 9-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, әкімдерді сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі. Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне енген 340 азаматтың 208-і, яғни округ тұрғындарының 61,2 пайызы өз таңдауын жасады. 

Ақой ауылдық округіндегі сайлау жоғары деңгейде өтті. Ондағы сайлаудың өтуін кандидаттардың 3 сенімді өкілі бақылап тұрды. Сайлау заң талаптарын сақтай отырып, заңбұзушылықсыз өткізілді. Прокуратура органдарына шағымдар мен арыздар түскен жоқ, соттарға талап-арыздар енгізілген жоқ. Жалпы сайлау округі бойынша сайлаушылардың 61,2 пайызы қатысып, дауыс берді. Дауыс санау барысында Канатов Бекзат сайлаушылардың 13, Қасым Жасұлан Тлеужанұлы 153, ал Шахмин Тагат Баяндыұлы 19 дауысын жинағаны белгілі болды. Сөйтіп 33 жастағы Ақой ауылдық округінің әкімі Қасым Жасұлан Тлеужанұлы өз орнын сақтап қалды. Аудан әкімінде өткен активте Шет ауданының әкімі мен аудандық мәслихаты оның жұмысына сәттілік тілеп, қызметтік куәлігін тапсырды. Бүгінгі таңда Жасұлан Тлеужанұлы өзіне жүктелген міндет пен тапсырмаларды талапқа сай орындауда, - дейді Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов. 

Осакаров ауданынына Amanan партиясы сенім білдірген кандидаттар жеңіске жетті
Арқарлы ауылдық округінде 10 жыл бас маман болған жігіт әкім болып сайланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу