Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
4 тамыз күні Қарағанды облысы Осакаров ауданының Батпақты және Николаев ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Айгерім Сүлейменованың айтуынша, жыл басынан бері ауданда 4 сайлау өткізілген. Оның алғашқысы 18 ақпанда өткізілсе, екіншісі 9 маусымда болды. Ал үшіншісі 4 тамыз күні екі ауылдық округте қатар өтті.
Мәселен, бірінші тағайындалған Пионер ауылдық округі әкімінің сайлауына сайлаушылар тізіміне енген 1141 азаматтың 812-і қатысып, дауыс берген. Ол сайлауға қатысқан үш кандидаттың бірі Д.Кызыр сайлаушылардың 108 дауысын иеленсе, Т.Оразалы 88, ал Г.Саульян 604 дауысын алған. Сайлау қорытындысы бойынша Осакаров ауданы Пионер ауылдық округі әкімі болып 1981 жылы туған, Пионер ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Саульян Григорий Александрович сайланды. Ал 9 маусымға белгіленген сайлау Осакаров ауданының Жансары ауылдық округінде өтті. Мұнда 3 кандидаттың екеуі өзін-өзі ұсынса, бір адам «Amanat» партиясы атынан сайлауға түсті. Ондағы сайлау учаскесінде сайлаушылар тізіміне енген 272 азаматтың 205-і қатысып, өз таңдауларын жасады. Сайлау қорытындысында партиядан ұсынылған Алтынай Ибрагимова сайлаушылардың 165 дауысын иеленіп, жеңіске жетті. Сайлау қорытындысы бойынша Осакаров ауданы Жансары ауылдық округі әкімі болып 1966 жылы туған Алтынай Жаңабайқызы сайланды.
- Жалпы сайлау жүйесі – бұл саяси билікті занды түрде қалыптастыруды қамтамасыз ететін ереже. 4 тамыз күнгі ауданымызда тағайындалған Батпақты мен Николаев ауылдық округ әкімдерінің сайлауы да ұйымшылдықпен өтті. Жалпы қос ауылдық округтен әкімдікке барлығы 6 кандидат тіркелді. Оның екеуі саяси партиядан ұсынылса, 4-і өзін-өзі ұсынғандар. Кандидаттардың 3-і әйел. Батпақты ауылдық округінен ұсынылған кандидаттың бірі – Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 46 жастағы Кенжетай Аманжолқызы Абдыкалыкова. Екіншісі – Осакаров ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау, ақпараттық қауіпсіздік және технологияларды дамыту бөлімінің басшысы Анар Қажымұратқызы Жапарова. Екі кандидат та өзін-өзі ұсынғандар. 35 жастағы үшінші кандидатты Amanat партиясының Осакаров аудандық филиалы ұсынған. Ол Бетпақты ауылының ауылдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Маргулан Махметұлы Хасенов.
Ал Николаев ауылдық округі әкіміне 3 кандидат ұсынылса, Amanat партиясы округтің әкімі, 54 жастағы Ахат Ермекұлы Ахметовке сенім білдірген. Өзін-өзі ұсынған кандидаттың бірі – Қаратомар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Зарина Бактыбекқызы Абилова болса, екіншісі – Садовое ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Газиз
Қасымұлы Ынтықбаев. Барлығының да мемлекеттік қызметте еңбек өтілі бар. 4 тамыз күні өткен қос ауылдық округте өткен сайлауда халық өз таңдауын жасады. Сайлау әділ де ұйымшылдықпен өтті, - дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Айгерім Сүлейменова.
Батпақты сайлау округі бойынша сайлаушылар тізімінде енген 1094 азаматтың 806-ы дауыс берген. Сайлау қорытындысы бойынша Кенжетай Аманжолқызы Абдыкалыкова сайлаушылардың 81, Анар Қажымұратқызы Жапарова 104, ал Маргулан Махметұлы Хасенов 610 дауысына ие болды. Батпақты ауылдық округінің әкімі болып Марғұлан Махметұлы Хасенов сайланды.
Ал Николаев ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі Николаев сайлау округі бойынша сайлаушылар тізімінде енген 361 азаматтың 276-сы дауыс берген. Дауыс санау барысында Зарина Бактыбекқызы Әбилова сайлаушылардың 22, Ахат Ермекұлы Ахметов 223, Газиз Қасымұлы Ынтықбаев 27 дауысын жинаған. Сонымен Николаев ауылдық округінің әкімі болып Ахметов Ахат Ермекұлы сайланды.
- Сайлау қорытындысы бойынша жеңіске жеткен округтің жаңа әкімдері Осакаров аудандық аумақтық сайлау комиссиясында тіркеліп, қолдарына кәулік тапсырылды. Бүгінгі күні Батпақты мен Николаев ауылдық округтерінің әкімдері сайлауалды бағдарламаларында берген жобалары мен жұмыстарын қолға алып, іске кірісіп кетті, - дейді Осакаров аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Айгерім Сүлейменова.