Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Сайлау қашан да – елге сын, ұлтқа жауапкершілік жүктейтін, азаматтық позицияға тың серпін беретін ертеңнің ісі, болашақтың бағдары. Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен аудан, қала мен ауылдық округ әкімдерін сайлау үш жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқаны белгілі.
Осы саяси науқаннан Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы да назардан тыс қалып отырған жоқ. Жуырда, дәлірек айтсақ 4 тамыз күні Қарқаралы ауданының Ынталы ауылдық округінде әкім сайлауы өткізіліп, қорытындысы белгілі болды.
Қарқаралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Слямиден Нүркеновтың айтуынша, бұған дейін ауданда 7 ауылдық округте әкім сайлауы ұйымшылдықпен өткізілген.
- Қарқаралы ауданында үш жылдан бері ауылдық округ әкімдерін халық өзі сайлауда. Мәселен, бүгінге дейін ауданымыздың Қарқаралы қаласы, Егіндібұлақ, Қ.Аманжолов, Балқантау, Томар, Угар, Қоянды мен Нығмет Нұрмақов ауылдық округтерінің әкімдері бірнеше ай бұрын қайта сайланды. Мәселен, Қарқаралы қаласы әкімінің сайлауына сайлаушылар тізіміндегі 6241 сайлаушының 3604-і қатысып, дауыс берді. Сайлаушылардың 3115 дауысына ие болған Аслан Рахимұлы Рахимбергенов Қарқаралы қаласының әкімі болып сайланды. 1985 жылы туған ол қызметке кіріскенге дейін уақытша жұмыссыз болған. Оның кандидатурасын Amanat партиясы ұсынған еді. Ал Егіндібұлақ ауылдық округі әкімін сайлауына 1300 сайлаушының 726-ы қатысып, өз таңдауларын жасады. Мұнда өзін-өзі ұсынған Бейбит Айтмаганбетұлы Толекеев әкім болып сайланды. 1969 жылы туған ол бұған дейін Егіндібұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бөлім басшысы болатын. Осы екі ауылдық округте өткен сайлау қорытындысына қарап, сайлаудың әділ, ұйымшылдықпен өткенін аңғаруға болады, - дейді Слямиден Нүркенов.
Қ.Аманжолов ауылдық округі әкімін сайлау да заң талабына сай өткізіліп, сайлау қорытындысында Amanat партиясы сенім білдірген Қарқаралы ауданының жер қатынастар бөлімінің бас маманы Ербол Исатайұлы Жоламан Қ.Аманжолов ауылдық округінің әкімі болды. Балқантау ауылдық округінде өткен сайлауда де Amanat партиясы ұсынған кандидат Қобланды Ерсайын Саянұлы басым дауыспен жеңіске жетті.
1994 жылы туған ол Қарқаралы ауданының жастар ресурстық орталығының директоры болып жұмыс істеген болатын. Ал Томар ауылдық округі әкімін сайлаунда да партияның сенім білдірген өкілі, округтің әкімі Нурсылан Рысбекұлы Жагыпаров сайлаушылардың басым дауысын иеленіп, өз орнын сақтап қалды. Угар ауылдық округі әкімін сайлаунда өзін-өзі ұсынған, 1967 жылы туған, «Рымхан» шаруа қожалығының жетекшісі Жанат Рымханұлы Акимов Угар ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Қоянды ауылдық округінің әкімі болып Калиев Конысбек Мубаракұлы, ал Нығмет Нұрмақов атындағы ауылдық округінің әкімі болып Ашимов Нурлыбек Мауленұлы тіркеліп, тағайындалған.
- Қарқаралы ауданының Ынталы ауылдық округі әкіміне 3 кандидат тіркелген болатын. Тіркелген кандидаттардың арасында бір әйел бар. Кандидаттардың екеуінің заңгер, біреуінің экономист мамандығы бар. Барлығы да мемлекеттік қызметкерлер. Кандидаттардың екеуі өзін-өзі ұсынса, біреуі саяси партиядан ұсынылған. Өзін-өзі ұсынғандардың бірі Абзалов Айдос Съезбекұлы. 1983 жылы туған ол Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы. Екіншісінің есімі Нурмаганбетов Данияр Урстембекұлы. 1990 жылы туған ол Қарқаралы ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс істейді. Ал үшінші кандидатты ұсынып отырған Amanat партиясының Қарқаралы аудандық филиалы. Партия сенім білдірген Төребек Назгүл Нүркенқызы 1984 жылы туған. Бүгінге дейін Ынталы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман болып жұмыс істеп келген. Округтің тыныс-тіршілігімен жақсы таныс. Сайлау қорытындысында Төребек Назгүл Нүркенқызы сайлаушылардың 85,35 пайыз дауысына ие болып, округ әкімі болып сайланды. Бүгінгі күні Назгүл Нүркенқызы тиісті қызметіне кірісіп, еңбек етуде, - дейді Қарқаралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Слямиден Нүркенов.