Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында жыл басынан бері 9 ауылдық округ әкімі сайланып, барлығы да ұйымшылдықпен өткізілген. соның ішінде 4 тамыз күні Ботақара ауылында өткен әкім сайлауы да бар.
Бұқар жырау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Нұрлановтың айтуынша, Ботақара ауылдық округі бойынша үш кандидат тіркелген болатын. Оның бірі саяси партиядан ұсынылса, екеуі өзін-өзі ұсынғандар. Атап айтсақ, Amanat партиясы округтің әкімі Жатат Зейнуллаұлы Кабкеновты қайта ұсынған. Ал өзін-өзі ұсынғандардың бірі – Бұқар жырау ауданының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Нуркали Алимбекұлы Кашкимбаев болса, екінші кандидат та осы бөлімнің бас маманы Сайран Сабитұлы Нурмуканов.
- Биыл ауданымызда жыл басынан бері онға жуық округ әкімінің сайлауын өткіздік. Ол сайлаулардың бірі 18 ақпанда өткізілсе, одан кейін 5 мамырда, 9 маусымда және 4 тамызда барлығы 9 ауылдық округте әкім сайлауы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. 18 ақпанда ауданның Қызылқайың, Петровка және Самарқанд ауылдық округтерінде өткен әкімдерінің сайлауына тоқталар болсам, Қызылқайың ауылдық округінің әкімі болып 1977 жылы туған, «Егін» шаруа қожалығы басшысының орынбасары Мұрат Балмакаевич Рахимберлинов сайланды. Ал Петровка ауылдық округінде Amanat партиясы ұсынған округтің әкімі Талгат Ахметұлы Елюбаев өз орнын сақтап қалды. Самарқанд ауылдық округінде сайлаушылардың басым дауысына ие болған Теміртау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы болып жұмыс істеген Жасұлан Мұратұлы Көшек Самарқанд сайлау округінің әкімі болып сайланды.
Ал Бұқар жырау ауданында екінші өткізілген сайлау 5 мамырда Ғабиден Мұстафин кенті және Центральный ауылдық округі әкімдерінде өтті. қос ауылдық округте өткен сайлау қорытындысында Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Бакыт Койшибайқызы Ускембекова Ғабиден Мұстафин кентінің әкімі болып сайланса, Центральный ауылдық округінің әкімі болып Amanat партиясы ұсынған Сәбит Мұқанов атындағы жалпы білім беру мектебінің жүргізушісі Нұрбол Бопежанов сайланды.
9 маусымда Бұқар жырау ауданының Баймырза, Тоғызқұдық және Суықсу ауылдық округтерінде округ әкімінің сайлауы заң талаптарына сай өткізіліп, 3 ауылдық округте де ешқандай заң талаптары бұзылаған жоқ. Сайлаушылар сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасауына бар мүмкіндік жасалды. Бұқар жырау ауданы аумақтық сайлау комиссиясының қорытындысымен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Бұқар жырау ауданының Баймырза, Тоғызқұдық ауылдық округтері және Суықсу ауылы әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын белгіледі. Әрбір округ бойынша жеке-жеке тоқталсақ.
Баймырза сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1150 азамат енгізілсе, оның 727-сі сайлау учаскесіне уақтылы келіп, өз дауыстарын таңдаған кандидаттарына берген. Санақ барысында Асел Сунғатуллақызы Жүнісова сайлаушылардың басым дауысына, атап айтқанда 611 дауысты иеленді. Сөйтіп 1988 жылы туған, «Amanat» партиясы ұсынған округтің бұрынғы әкімі Асел Сунғатуллақызы Жүнісова өз орнын сақтап, Баймырза ауылдық округінің әкімі болып қайта сайланды.
Тоғызқұдық сайлау округіндегі 820 сайлаушының 558-і өз таңдауын жасап, дауыс берді. Сайлау қорытындысы бойынша Тоғызқұдық ауылының бұрынғы әкімі Гүльнара Қадырқызы Қадыроваға 481 сайлаушы сенім білдірген. Сөйтіп округтің бұрынғы әкімі, 1970 жылы туған, «Amanat» партиясы сенім білдірген Гүльнара Қадырқызы Тоғызқұдық ауылдық округінің әкімі болып қайта сайланды.
Суықсу сайлау округінде халық саны тым аз. Бар болғаны 100 сайлаушының 77-сі сайлау учаскесіне келіп өз таңдауларын жасаған. Үш кандидат арасында басым дауысты жұмыссыз жүрген Айбар Ойратұлы Касимов жинаған. Сөйтіп мұнда да «Amanat» партиясының ұсынған кандидаты жеңіске жетті, - дейді Бұқар жырау аудандық аумақтық сайлау комиссия төрағасы Марат Нұрланов.
Ал 4 тамызда Бұқар жырау ауданының Ботақара ауылында өткен әкім сайлауы да ұйымшылдықпен өткізіліпті. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Бұқар жырау ауданының Ботақара ауылы әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын белгіледі. Атап айтсақ, Ботақара сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 596 азамат енгізілді, олардың 471-і дауыс берген. Сайлау бюллетендерін санау барысында жарамсыз бюллетеньдер саны – 22-і болса, «Барлығына қарсы» жолында 11 сайлаушы белгі салған. Ал кандидаттар арасында дауыс төмендегідей бөлінді. Яғни, Amanat партиясы ұсынған Жатат Зейноллаұлы Кабкенов сайлаушылардың 417, Нуркали Алимбекұлы Кашкимбаев12, Сайран Сабитұлы Нурмуканов 9 дауысын жинаған. Сөйтіп Ботақара ауылының әкімі болып Жанат Зейнуллаұлы Кабкенов сайланды.