Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
28 шілде күні Еңбекшіқазақ ауданының Бөлек пен Ташкенсаз ауылдық округтерінде округ әкімінің сайлауы өтті. Жалпы жыл басынан бері Еңбекшіқазақ ауданда жыл басынан бері 6 ауылдық округ әкімі сайлауы өткізіліп, әкімдер қайта сайланған. Атап айтсақ, 3 наурызда 2-і, ал 5 мамыр мен 2 маусымда бір-бір ауылдық округте әкім сайлауы өткізілсе, 28 шілде күні 2 округтің әкімі жаңадан сайланды.
Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Әмірденовтың айтуынша, 2 маусым күні Есік қаласы әкімінің сайлауы ұйымшылдықпен өткен. Қала әкімі болуға барлығы үш кандидат тіркеліпті. Оның бірін Amanat партиясы ұсынса, екі кандидат өзін-өзі ұсынған. Amanat партиясынан ұсынылған үміткердің есімі Жан Бауыржанұлы Кураметов. 1989 жылы туған ол «Алматы облысының индустриялық аймақтық басқару компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары болып жұмыс істеген. Ал өзін-өзі ұсынғандардың бірі Бәйтерек ауылдық округі әкімінің орынбасары Ринат Серікканұлы Саргожанов болса, екіншісі Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің орынбасары Ержан Берікұлы Телтаев. Сайлау қорытындысы бойынша Есік қаласының әкімі болып 1989 жылы туған, бұған дейін «Алматы облысының индустриялық аймақтарын басқару компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары болып қызмет атқарып келген Құраметов Жан Бауыржанұлы сайланды.
Ал 28 шілдеге тағайындалған Бөлек ауылдық округі әкіміне 3 кандидат тіркелген болатын. Олардың барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Оның бірі – 28 жастағы Тескенсу ауылдық округі әкімінің орынбасары Еламан Рауанұлы Елубай. Екінші кандидаттың есімі Айбол Шампитұлы Қайнарбаев. 40 жастағы ол «Айбол» шаруа қожалығының жетекшісі. Үшінші кандидат Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, 34 жастағы Дулат Сарсенбекұлы Касымшалов.
- Мемлекет басшысы айтқандай, сайлауға әрбір ел азаматының қатысуына құқы бар. Сонымен бірге мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға да еркі бар. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2024 жылғы 19 маусымда Еңбекшіқазақ ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 28 шілдеге Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бөлек, Ташкенсаз ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындады. Ал ауылдық округ әкімі лауазымына кандидаттар 2 шілде күні тіркелді. Сайлау тағайындау, сайлау округін құру туралы қаулылар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны және құрамы, учаскелік сайлау комиссиясының құрамы және шекарасы, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары аудан әкімдігінің сайтында алдын ала орналастырылды. Аудандық «Еңбекшіқазақ» газеті бетінде жарияланды. Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 6 учаскелік сайлау комиссиялары, 47 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Ал Бөлек ауылдық округі әкімдігі бойынша сайлаушылар тізіміне 5420 азамат енгізілді. Дауыс беруге бар болғаны 836 сайлаушы қатысты. Ал дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде 46 сайлаушы дауыс берді. Сонымен Бөлек ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы бойынша, Елубай Еламан Рауанұлы сайлаушылардың 32, Қайнарбаев Айбол Шампитұлы 356, ал Қасымшалов Дулат Сәрсенбекұлы 408 дауысын жинаған. Кандидаттардың барлығына қарсы 9 адам дауыс берген. Сөйтіп Бөлек ауылдық округінің әкімі болып Дулат Сәрсенбекұлы Қасымшалов сайланды, - дейді Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Әмірденов.
Сонымен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113–11 бабының 1-тармағына сәйкес, 2024 жылғы 28 шілдеде болған Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бөлек ауылдық округі әкімін сайлауының қорытындысы туралы сайлау комиссиясы хаттамасының негізінде Еңбекшіқазақ ауданының аумақтық сайлау комиссиясының қаулысымен 1990 жылы туған Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы Касымшалов Дулат Сарсенбекович Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бөлек ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. Аудан активінде оны Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Байедилов көпшілікке таныстырды.
Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында дүниеге келген. 2011 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы Ақши ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маманның міндетін атқарушы болып бастаған. Кейіннен Бәйтерек, Ават ауылдық округтерінің әкімдіктерінде бас маман, Еңбекшіқазақ аудандық персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінде бас маман қызметтерін атқарған. 2020 жылы Бәйтерек ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған. 2021 жылдан ағымдағы жылдың қаңтарына дейін Еңбекшіқазақ аудандық ұйымдастыру бөлімінің басшысы, аудан әкімінің бас инспекторы болды. Аудан әкімі Талғат Байедилов оның өмірбаянымен таныстырып, тиісті тапсырмалар мен міндеттерін айқындап, тиісті куәлігін салтанатты жағдайда тапсырып, жұмысына сәттілік тіледі.