Саяси партиялан ұсынылған кандидат жеңіске жетті

Oinet.kz 09-07-2024 89

Сайлау қашан да – елге сын, ұлтқа жауапкершілік жүктейтін, азаматтық позицияға тың серпін беретін ертеңнің ісі, болашақтың бағдары. Мемлекет басшысының тапсырмасымен аудан, қала мен ауылдық округ әкімдерін сайлау үш жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Мұндай сайлау Павлодар облысының Тереңкөл ауданында да бұған дейін бірнеше рет ұйымдастырылып, өткізілген. Соңғы сайлау 28 шілде күні өткізіліп отыр. 

Screenshot_7.jpg

«Қазіргі таңда сайлау жүйесі, оның талаптарында өзгерістер бар. Бір жағы учаскелік сайлау құрамы үнемі өзгеріп, жаңарып отырады. Сол үшін де олардың сауаттылығы мен біліктілігін арттырып отыру маңызды. Олардың біліктілігін арттыру үшін түрлі семинарлар мен кездесулер ұйымдастырып тұрады. Онда учаскелік сайлау комиссиясы мүшелеріне көп ақпарат беріледі. Міне, Алтай ауылдық округінің учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін де алдын ала ұйымдастырылып өткізілген оқу-семинардың 28 шілде күнгі әкім сайлауында көп септігі тиді. Округ әкімінің сайлауында сайлау учаскесінің мүшелері сайлауға қойылып отырған талаптарды сақтай отырып, оның талапқа сай өтуіне зор үлес қосты», - дейді Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Динара Ыбыраева. 

Оның айтуынша, Алтай ауылдық округі әкімін сайлауы қарсаңында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 бабына сәйкес Алтай ауылдық округінің әкіміне 3 кандидат тіркелген болатын. Екі кандидат өзін-өзі ұсынса, біреуі саяси партия тарапынан ұсынылды. Оның ішінде Алтай ауылдық округінің әкімі Алтнай Қаирбекқызы Дюсембаева да бар. 1966 жылы дүниеге келген оны осы қызметке Amanat партиясы қайта ұсынып, сенім білдірген. Өзін-өзі ұсынған кандидаттың бірі – 34 жастағы Данияр Болатұлы Жумалинов. Ол Тереңкөл аудан әкімдігіне қарасты «Бастау» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры. Екіншісі, Березовка орта мектебі директорының орынбасары Асқар Мұратұлы Кузкенов.  

- 28 шілде күні өткен Алтай ауылдық округі әкімінің сайлауы тартысты өтті. Округтегі сайлаушылар тізіміне енген 496 азаматтың 380-і дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. Дауыс санау барысында Данияр Болатұлы Джумалинов сайлаушылардың 29, Алтнай Қаирбекқызы Дюсембаева 314, ал Асқар Мұратұлы Кузкенов 25 дауысын жинады. Мұнда 9 сайлаушы «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетенге белгі соққан. Сайлау қорытындысы бойынша Алтай ауылдық округінің әкімі болып Алтнай Қаирбекқызы Дюсембаева қайта сайланды, - дейді Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Динара Ыбыраева. 

Ұзынбұлақ ауылдық округінде халық сенімі нығая түсті
Бөлек ауылдық округі әкімі сайланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу