Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Бүгінгі сайлау жүйесінде ашықтық бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен сайлау жүйесі жаңаша түрленіп келеді. Халықтың да сайлауға деген көзқарасы өзгерген. Оны 28 шілде күні Павлодар облысының Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімі сайлауынан байқадық. Жалпы бұл ауданда да жыл басынан бері үш-төрт ауылдық округте әкім сайлауы өткізіліп, халықтың сенімі нығая түскен.
Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Талғат Қалышбековтың айтуынша, өкілеттік мерзімі аяқталған Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімі лауазымына екі кандидат ұсынылған. Оның бірі саяси партия тарапынан ұсынылса, екіншісі өзін-өзі ұсынған. Amanat партиясы 39 жастағы Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Дүйсен Насипұлы Кашарбековты ұсынған. Ал өзін-өзі ұсынған кандидат 34 жастағы Баянауыл ауданының жер қатынастары бөлімінің бас маманы Бекболат Шарапиденұлы Жакенов.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының басты ұстанымы – сайлаудың әділ өтуі. Жалпы ауыл әкімдерін сайлау – «Жаңа Қазақстанды» құруға үлкен мүмкіндік деген тоқтамға келуге болады. Дегенмен халық тұрмысын жақсарту үшін қандай да бір өзгеріс қажет болса, сайлаудың әділ өтуі маңызды. Ол халыққа да байланысты. Руласын, туысын тағайындамай, елге шын жаны ашитын азаматты таңдау қажет. Ол үшін сайлауға түсетін кандидатқа туысым, бауырым да қарамау керек. Міне, 28 шілде күні Ұзынбұлақ ауылдық округінде өткен әкім сайлауы осы үдеден шықты, - дейді комиссия төрағасы.
Ұзынбұлақ ауылдық округіндегі сайлаушылар тізіміне енген 462 сайлаушының 342-і дауыс берген. Сайлау қорытындысында Кашарбеков Дуйсен Насипұлы сайлаушылардың 317 дауысын иеленіп, жеңіске жетті. Сонымен сайлау қорытындысы бойынша Ұзынбұлақ ауылдық округінің әкімі болып округ әкімі аппаратының бас маманы, 39 жастағы Дуйсен Насипұлы сайланды.