Павлодар қаласы Мойылды ауылы әкімі өз орнын сақтап қалды

Oinet.kz 08-07-2024 21

28 шілде күні Павлодар облысының 1 қала мен 4 ауданының 5 ауылдық округінде әкім сайлауы өтті. Дәлірек айтсақ, сайлау Павлодар қаласының Мойылды, Аққулы ауданының Қызылағаш, Ақтоғай ауданының Ақжол, Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ және Тереңкөл ауданының Алтай ауылдық округтерінде ұйымшылдықпен өткізілді. 

Screenshot_4.jpg

Павлодар облысы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Людмила Кабанцованың айтуынша, бұл округтерде өткізілген сайлауға халық бір кісідей келіп қатысып, өз таңдауларын жасап, жаңа әкімді өз қалауларынша дауыс беріп сайлаған. Барлық сайлау учаскелерінде таң ертең басталған сайлау айқай-шусыз, ешқандай наразылық жиындарынсыз өткізіліпті.  

- Павлодар қаласы Мойылды ауылының әкіміне бастапқыда 4 кандидат ұсынылған еді. Олардың екеуі кейіннен сайлау талабына сәйкес сайлауға түсуден өз еріктерімен бас тартты. Қалған екі кандидаттың бірі саяси партия тарапынан ұсынылса, бір азамат өзін-өзі ұсынды. Орташа бәсекелестік бір орынға 2 адамды құрады. Amanat партиясы Мойылды ауылдық округінің әкімі Әбікен Жеңіс Сартайұлын ұсынса, Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Бейсенов Асхат Камзаевич өзін-өзі ұсынған болатын, - дейді төраға орынбасары.

28 шілде күні өткен Павлодар облысы Павлодар қаласы Мойылды ауылының әкімін сайлау қорытындысы бойынша сайлаушылар тізіміне енген 1180 азаматтың 649-ы сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасаған. Оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерлерде – 18 азамат дауыс берген. Мойылды ауылы әкімін сайлауының қорытындысы бойынша Әбікен Жеңіс Сартайұлы сайлаушылардың 552 дауысын жинаса, ал Бейсенов Асхат Камзаевичке сайлаушылардың 54 дауысын қанағат тұтқан. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 21. Сайлау қорытындыларымен Мойылды ауылының әкімі болып1975 жылы туған, Мойылды ауылы әкімі Әбікен Жеңіс Сартайұлы қайта сайланды. 

- Ауылдық округ әкімдерін сайлау – жалпы өзін-өзі басқару жүйесінің маңызды бөлігінің бірі. Сондықтан, ауылдық округ әкімін сайлаудың нәтижесі аса маңызды. Жалпы қарапайым халықпен қарым-қатынастағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының шын мәнінде жүзеге асуына өз үлесін қосатын осы ауылдық округтің әкімдері. Міне кеше Павладар облысы әкімінің активінде өз орнын сақтап қалған Мойылды ауылының әкімі Әбікен Жеңіс Сартайұлына қала әкімі Ержан Иманзаипов салтанатты жағдайда сайлау қорытындысы бойынша округ әкімінің куәлігі тапсырып, өмір баянымен таныстырды. Яғни, Жеңіс Сартайұлы 1975 жылы туған. 1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «тарих пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1997 жылы Екібастұз қаласындағы №13, кейін №18 орта мектебтерінде тарих пәні мұғалімі болып бастаған. 2001 жылдан бастап 2004 жылға дейін Ленин кенті №33 орта мектебінің тарих мұғалімі, оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директорының орынбасары болып қызмет етті. Одан кейінгі жылдары Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты жаңа және жаңашыл тарих кафедрасының оқытушысы, Ленин кенті №33 орта мектебінің тарих мұғалімі, оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директорының орынбасары болды болып жұмыс істеді. Ал 2009 жылдан бастап 2018 жылға дейін Ленин кентінің әкімі, 2018 жылдан 2020 жылға дейін Қызылжар ауылдық округінің әкімі болып болып қызмет атқарды. 2020 жылдың 18 тамызынан бастап Мойылды ауылының әкімі болып тағайындалған ол 28 шілде күні Мойылды ауылының әкімі болып бірмандаттық жүйеде қайта сайланды. Оның мемлекеттік қызмет өтілі 11 жылды құрайды. Таныстыруда кейін Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаипов округ әкіміне алда атқарылатын жұмыстар мен тапсырмаларды ұқыпты атқаруды тапсырды, - дейді Людмила Кабанцова.

Кеген ауданында Amanat партиясы ұсынған кандидат жеңіске жетті
Қызылағашта 48 жастағы әйел әкім болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу