Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Кеген аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының 2024 жылғы 28 шілдеге тағайындалған ауылдық округ әкімдерінің сайлауы ұйымшылдықпен өткізілді. Кеген аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мұса Кенжебаевтың айтуынша, 28 шілде күні Кеген ауданының Саты ауылдық округінде өткен сайлауға 3 кандидат қатысқан. Оның бірін Amanat партиясы ұсынса, екеуі өзін-өзі ұсынғандар.
- Жыл басынан бері бұл ауданымызда екінші өткізілген ауылдық округі әкімінің сайлауы. Бұған дейінгі сайлау Жалағаш ауылдық округінде өткізілген болатын. Ондағы округтегі сайлаушылар тізіміне енген 2671 азаматтың сайлауға 2027-і қатысып, дауыс берген. Ол сайлауға қатысқан үш кандидаттың бірі Мұхит Нуракынұлы Абдикалыков сайлаушылардың 271, Бакытжан Кемелжанұлы Малибеков 198, ал Айгуль Бектурсынқызы Садырова 1533 дауысын жинаған болатын. Сөйтіп ауданымызда жылдың бірінші жартыжылдығында өткен ауыл әкімінің сайлауында әйел адам жеңіске жетті. Сайлау қорытындысы бойынша Жалағаш ауылдық округ әкімі болып 1978 жылы туған, Кеген ауданы Жалағаш ауылдық округі әкімінің орынбасары Айгүл Бектұрсынқызы Садырова сайланды.
Ал кешегі, 28 шілде күні өткен Саты ауылдық округі әкіміне 3 кандидат тіркелген болса, оның бірі – 1986 жылы туған Кеген ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық техналогиялар бөлімінің бас маманы Мұхит Нуракынұлы Абдикалыков. Екінші кандидат – 1990 жылы туған, Кеген ауданының Кеген ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұрым Қайырғалиұлы Сағымжан. Оның кандидатурасын Amanat париясы ұсынды. Ал үшінші кандидат –Айболат Бекбергенұлы Сауытканов Кеген ауданының Бөлексаз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-салық инспекторы болып жұмыс істейді. Саты ауылдық округі әкімінің сайлауына барлығы 508 азамат қатысып, дауыстарын беріп, өз таңдауларын жасап, жаңа әкімді сайлады, - дейді Кеген аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мұса Кенжебаев.
Сонымен Саты ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген 797 азаматтың сайлау учаскесіне 508-і келіп, өз таңдауларын жасады. Оның ішінде 10 адам дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде дауыс берді. Дауыс сагау барысында Абдикалыков Мұхит Нуракынұлы сайлаушылардың 91, Сағымжан Нұрым Қайырғалиұлы 288, ал Сауытканов Айболат Бекбергенұлы 84 дауыс алғаны анықталды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдерге 33 азамат белгі қойғаны белгілі болды. Сайлау қорытындыларымен Саты ауылдық округ әкімі болып 1990 жылы туған, Кеген ауданы Кеген ауылдық округі әкімінің орынбасары Сағымжан Нұрым Қайырғалиұлы сайланды.
- Өздеріңіз көріп отырғандай, ауданымыздағы Саты ауылдық округі әкімінің сайлауы ұйымшылдықпен өтті. Онда Amanat партиясы ұсынған кандидат жеңіске жетті. Ауылдық округ әкімдерін сайлау – жалпы өзін-өзі басқару жүйесінің маңызды бөлігінің бірі. Сондықтан, ауылдық округ әкімін сайлаудың нәтижесі аса маңызды. Бұл бір жағынан сайланған әкімнің жауапкершілігіне байланысты. Сондай-ақ, қарапайым халықпен қарым-қатынастағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының шын мәнінде жүзеге асуына өз үлесін қосады. Ауылдық округ әкімі «Ауыл аманаты» бағдарламасын орындау, ағын су мәселесін шешу, су үнемдеу технологиясын тиімді пайдалану мен ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту, мемлекеттік бағдарламаларды орындау ісіне айрықша көңіл бөлуге тиіс. Сонымен қатар, жұмыспен қамтуды үйлестіру, шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдау және жаңа бизнес идеяларды іске асыру, ауылдың мүмкіндігін ескере отырып туризмді дамыту мәселесіне назар аударуға міндетті. Міне, осы міндеттерді өз мойнына алып жұмыс істеуге, өзін ұйымдастырушылық және іскерлік қырынан көрсетуге Саты ауылдық округінің жаңа әкімі Нұрым Қайырғалиұлы аудан активімен өткен кездесуде уәде берді, - дейді Кеген аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мұса Кенжебаев.