Үржар ауданында мектеп мұғалімі ауыл әкімі болып сайланды

Oinet.kz 07-07-2024 56

21 шілде күні Үржар ауданы Жаңа Тілек ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қабдысадық Байсиновтың айтуынша, мұндағы ауыл әкімінің сайлауы тартысты өткен. Яғни бір орынға төрт кандидат таласқа түсті. Барлығы да округ әкімі болуға лайық азаматтар. Білімдері жоғары, мемлекеттік қызметте тиісті еңбек өтілдері бар, жинаған тәжірибелері де мол. 

Screenshot_2.jpg

- Жоғарыда айтқанымыздай, Үржар ауданы Жаңа Тілек ауылдық округі бойынша 4 кандидат тіркелді. Оның бірін Amanat партиясы ұсынса, үшеуі өзін-өзі ұсынғандар. Партия атынан ұсынылған кандидаттың есімі Рүстем Болатұлы Асылқанов.  Ол 1996 жылы дүниеге келген, М.Әуезов атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып еңбек еткен. Ал өзін-өзі ұсынған кандидаттардың бірі – Бейбіт Махсұтұлы Ахметов. 1983 жылы туған ол Үржар ауданы ТҮКШ, Абай жолаушы облысаралық көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің Үржар мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі. Екінші кандидаттың есімі Қуаныш Ешмұхамедұлы Кенесары. 1992 жылы дүниеге келген ол Үржар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді. Үшінші үміткер, 1977 жылы дүниеге келген, құқық қорғау саласынан зейнеткерлікке шыққан Нұрлан Рамазанұлы Микенов. Барлығы да сайдың тасындай, білімді азаматтар. Осы елдің тумалары. Ауыл халқы өз таңдауын дұрыс жасау үшін сайлау күні таң ертеңнен сайлау учаскесіне тайлы-тұяғы қалмай келіп дауыс берді. сайлау күні сайлау учаскесінде ешқандай айқай шу, наразылы немесе келіспеушіліктер орын алған жоқ. Сайлау әділ, кандидаттар арасында тартысты өткенінің куәсі болдық, - дейді Қабдысадық Байсинов.

Үржар аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Үржар ауданы Жаңа Тілек ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын жариялады. Жалпы Жаңа Тілек сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 843 сайлаушылар енгізілсе, оның сайлау учаскесіне 597-і келіп өз таңдауын жасап, дауыс берді.

Сайлау қорытындысында Жаңа Тілек ауылдық округінің әкімі болып Асылқанов Рустем Болатұлы сайланды. Сөйтіп, Үржар аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2024 жылғы 23 шілдедегі шешімімен 2024 жылғы 21 шілдеде сайланған Үржар ауданы Жаңа Тілек ауылдық округінің әкімін тіркеді. 

Бидайық ауылдық округінің жаңа әкімі халық сенімінен шығатынын жеткізді
Кеген ауданында Amanat партиясы ұсынған кандидат жеңіске жетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу