Бидайық ауылдық округінің жаңа әкімі халық сенімінен шығатынын жеткізді

Oinet.kz 07-07-2024 27

Сайлау дегеніміз – халықтың үні, халықтың пікірі. Демек әділ қоғам құрудың алғышарты мен іргетасы осы ауыл әкімдерін сайлаудан бастау алары анық. Абай облысында өтіп жатқан аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауының жиі ұйымдастырылуы халықтың сайлауға деген ашықтығын көрсетеді. 

Screenshot_1.jpg

Жуырда Абай облысының Аягөз және Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссияларының 2024 жылғы 21 шілдеге тағайындалған әкімдердің сайлауы Аягөз ауданының Бидайық, Уржар ауданының Жаңа Тілек ауылдық округтерінде ұйымшылдықпен өтті. Халық қос ауылдық округте әкімін өздері таңдап, дауыс беріп, сенімді азаматтарды сайлады. 

Аягөз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Арайлым Атабекованың айтуынша, Бидайық ауылдық округі бойынша екі кандидат тіркелген. Бірін Amanat партиясы ұсынған болса, екіншісі өзін-өзі ұсынып отыр.

- Партия атынан түсіп отырған кандидаттың есімі Тимур Тілеубекұлы Абдигалимов. 1985 жылы дүниеге келген ол Бидайық ауылдық округ әкімі аппаратының бас мамнын болып жұмыс істеді. Ал өзін-өзі ұсынған кандидаттың есімі Эльдар Аятбекұлы Ақтеміров. Ол Аягөз ауданы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы болып еңбек етеді. 21 шілде күні халық өз таңдауын жасады. Сайлау таңғы 7:00-де ашылып, кешкі 20:00-де жабылды. Сайлауға халық бір кісідей қатысты. Сайлау қорытындысымен сайлаушылардың басым дауысына ие болған Тимур Тілеубекұлы Бидайық ауылдық округінің әкімі болып сайланды, - дейді Арайлым Атабекова. 

Сонымен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, учаскелік сайлау комиссиясының қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде, Аягөз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Бидайық ауылдық округінің әкімі ретінде Абдигалимов Тимур Тлеубекұлын тіркеді. 

- Бидайық ауылдық округ әкімі лауазымына жаңа тағайындалған Тимур Тілеубекұлы Абдигалимов аудан әкімдігінде өткен аппараттық жиында активке таныстырылды. Онда оған Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Медет Мырзыкешов жұмысына сәттілік тілеп, алдағы уақытта округте атқарылуы тиіс жұмыстардың барысымен таныстырып, тапсырмалар берді. Мәслихат хатшылығы жаңа әкімді қызметімен құттықтап, Бидайық ауылдық округі әкімінің куәлігін тапсырды. Өз кезегінде Тимур Тілеубекұлы өзіне артылған сенімді, жауапкершілікті абыроймен атқарып, халықтың сенімінен шығатынын жеткізді, - дейді Аягөз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Арайлым Атабекова. 

Бәсекелестікті сапалы өнімімен жеңіп шықты
Үржар ауданында мектеп мұғалімі ауыл әкімі болып сайланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу