Бәсекелестікті сапалы өнімімен жеңіп шықты
Сайрам ауданында ауылдық округтер өте көп. Себебі Сайрам ауданының табиғаты жанға жайлы. Аудан жасыл желекке бөленіп отыр. Мұнда кәсіптің кез-келген түрімен айналысу өте ыңғайлы. Әсіресе өзен-көлі мол болғандықтан, ауданда мал шаруашылығымен айналысы өте тиімді. Осы орайда Жібек Жолы ауылындағы «Гулзида» мал шаруашылығы табиғаттың осынау сыйын құры жібермей, өз кәсібін жандандырып отыр. Алғашқы кезде жай ғана отбасылық шаруашылық деңгейінде еді. Олар сиырларын сауып оның сүтін көрші-қолаңға сататын. Қысқа соғым сойып етін алыс-жақын туыстарына таратып беретін. Кейіннен олардың бұл іс-әрекеттері отбасылық бюджетке табыс әкеле бастады. Отбасы өздерінің қажетті шығындарын өтеп, тіпті қалаған нәрселерін сатып алуға жағдайлары жетті. Осылайша олар еңбек түбі береке екендігін түсініп, мал шаруашылығына ерекше көңіл бөле бастады. Жыл сайын ақшаны жинап, мал шаруашылығын дамытуға қажетті қор-қопсы соғып, жем-шөпті жеткілікті мөлшерде сатып алып отырды.
Дегенмен бұл жеткіліксіз екен. Оларға кәсіптерін әрмен қарай жандандыру үшін мол қаржы қажет болды. Олар бұл қаржыға бірнеше мал басын сатып алып, заманауи үлгідегі қора-жай салу қажеттігін түсінді. Әйтпесе жергілікті бәсекелестікке төтеп бере алмайтындары көз жеткізді. Нәтижесінде олар бизнес жобаларын даярлап, жергілікті әкімдікке барды. Онда оларға қажетті ақпараттар беріліп, қолдау көрсетілді. Соның арқасында олардың бизнес жобасы өзекті болып, «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 2,5 пайыз сыйақы мөлшерлемесімен жылқы басын көбейтуге 8 400 000 тг несие қаражатымен қаржыландырылды.
Биыл «Гулзида» жеке кәсіпкерлігі бұл қаржыға бірден өз жоспарларындағы жобаларды жүзеге асыра бастады. Олар қор-жайларын кеңейтіп, мал басын көбейтті. Олардың бәрін игеру үшін бірнеше адамды маусымдық жұмыспен қамтыды. Нәтижесінде олар ауылдық округтағы бәсекелестікке шыдап, өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Тұрақты клиентік базасы да қалыптасты. Олар өндірген тауарларын қайда өткіземіз деп уайымдамайды. Себебі оның клиенттік базасының төлем қабілеті жоғары. Олар «Гулзида» сапалы қымызы мен соғымын тұрақты түрде тұтынып, ризашылықтарын білдіріп отырады.
Әрине, 8 миллион теңгеден астам қаржыға ойдағының бәрін алуға мүмкіндік жоқ. Дегенмен бұл қаржының ақшасын ұқсатып, кәсібін жандандырып отырған «Гулзиданың» шеберлігіне тәнті боласыз. Шаруа қожалығының жай-күйімен таныссаңыз, таңданыстан бас изейсіз. Мұнда жылқыларға жақсы жағдай жасалған. Жем-шөптің тазасын жеп, мұнтаздай таза қорада тұрған жылқыларда арман жоқ дерсіз. Міне, тазалық болған жерде жоғары сапа болатынын да белгілі. «Гулзиданың» адал өнімдері туралы бүгінде бүкіл Сайрам ауданы айтып жүр десек қателеспейміз. Бәсекелестік жоғары болған жерде алдыңғы орынға тек сапалы өнімдер шығатыны белгілі. Саны бар, сапасы жоқ өнімдер шығаратын кәсіпорындардың ғұмыры ұзаққа бармайды. «Гүлзида» мал шаруашылығы бірнеше жылдан бері абырой биігінен түспен келеді. Осыдан-ақ олардың болашақтарына зор үмітпен қараймыз.
«Гулзида» мал шаруашылығының иелерінің айтуынша, жылқы малы қазақ үшін өте маңызды. Қазақ халқының дүниетанымында, ділі мен тілінде жылқыға қатысты өзгеше философиялық және мәдени жүйе қалыптасқан. Соның ізі адам мен жылқының қатар өмір сүре бастаған байырғы заманнан байқалады. Қазірде қазақ қана емес, көп ауруға ем саналатын жылқы етін дамыған Еуропа елдері де мойындап отыр. Шетелдік зерттеуші-дәрігерлер еттің ішіндегі ең пайдалысы – жылқының еті екендігін, жылқы майының адам организмінде ешқашан тұнбаға түспейтіндігін зерттеп білді. Жылқы етінің ең басты қасиеті- жүрек, қан тамыр ауруларына, бүйрек жұмысын жақсартуға, буын сүйектерінің сырқырауына, ішкі ағзаның дұрыс жұмыс жасауына тигізер әсері мол. Ағза жасушаларын жаңартып отыратын қасиеті де дәлелденген. Ал бұл дегеніңіз қартаймаудың басты қағидасы. Сонымен қатар, жылқының жүрегін жеу ми қызметін жақсартады. Мидағы миллиондаған жасушаларды жаңартып, есте сақтау қабілетіне жауап беретін талшықтарға көмек береді. Мамандардың айтуынша жылқы етін тұрақты жеу мидың ұзақ уақыт «мүлтіксіз» қызмет көрсетуіне септігін тигізеді. Ол үшін жылқы жүрегін пісіріп не қуырып жеу керек. Ал қақталған сүр ет бүйрек жұмысына пайдалы. Сүрленген етті әбден пісіріп, сүтпен бірге қабылдау бүйрек пен несеп жолдарына оң әсерін тигізеді.
Жылқы етінде негізінен минералды заттар, оның ішінде темір көп. Әсіресе, жылқы бауыры темірге, А1, В2, В12 дәрумендеріне бай. Мамандар жылқы етін мұздатқышта сақтағаннан гөрі оны сүрлеп сақтаған әлдеқайда пайдалы екендігін айтады.