Жылқы бордақылауға жеңілдетілген несие берілді
Шағын және орта кәсіпкерлік – экономиканың қозғаушы күші. Қазір әлемде экономикасы жөнінен алдыңғы орындардан көрініп жүрген Қытай мемлекеті кәсіпкерлік саласына ерекше көңіл бөліп, барынша қолдау көрсетті. Нәтижесінде кәсіпкерлер бүтіндей мемлекеттің әл-ауқатын көтерді. Сондықтанда тек пайдалы қазба байлықтарға қарамай, экономиканы әр тараптандырған абзал.
Бүгінде Түркістан өңірі, Сайрам ауданында шағын және орта кәсіпкерлік жанданып келеді. Өз кәсібін бастаймын деген азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау көп. Өзінің бизнес жобасын комиссия алдындап қорғап, жобасының әлеуметтік-экономикалық маңызы зор екендігін дәлелдей алған азаматтар мемлекеттен қайтарымсыз грант алып жатыр. Ал егер жобасы ауқымды болып, оған қажет қаржы қомақты болса, мемлекет оған пайызы өте төмен жеңілдетілген несие береді. Сайрамда жеке кәсіпкер Ботиржон Каримов «Аграрлық несие корпорациясынан» «Агробизнес» бағдарламасы шеңберінде жылқы басын бордақылауға 48 000 000 теңге қаражатқа қол жеткізді. Ол бұл қаражатты өзінің «Каримов» ЖК арқылы алды. Бұл несиенің жылдық пайыздық сыйақысы 22 пайыз. Оның 6 пайыздық мөлшерлемесін кәсіпкер, қалған пайызына субсидия қарастырылған. Несие мерзімі 48 ай.
Каримовқа арнайы орталық мамандары бизнес жоспарын әзірлеп, қажетті құжаттар тізімін жинақтауына көмек көрсетті. Яғни жеке кәсіпкерге әкімдік тарапынан ақыл-кеңес беруден бастап, оның қолына несие тигенше барлық процедурада көмектеседі. Осылайша жеке кәсіпкер өзін жайлы сезініп, мемлекет тарапынан оның болашақ кәсібіне қолдау бар екендігін сезінеді.
Ботиржон Каримов өз сөзінде жеңілдетілген несие рәсімдеуге көмектескен мамандарға алғысын білдіріп, кәсібін енді бастағалы жатқан кәсіпкерлерге мемлекеттің осындай қолдау көрсетіп жатқанына разы екендігін жеткізді. Себебі ауыл-аймақтарда идеясы мол, қолынан іс келетін еңбекқор азаматтар көп. Бірақ көбісінің қолын қаржы байлайды. Олар санасында көптен бері мазалап жүрген идеяны, бизнес жоспарды жүзеге асыру үшін қаражатқа мұқтаж екендерін сезіп, көбінесе қолды бір сілтеп кетіп қалады. Мұндай азаматтардың сағы сынбауы үшін елімізде көптеген бағдарламалар қарастырылған. Көп жағдайға оларға насихат жетіспейді. Жеке кәсіпкерлер осы бағдарламалар жөнінде толыққанды ақпарат алмай немесе естімей қалып жатады. Сайрам ауданында кәсіпкерлікті қолдауға қатысты соңғы жаңалықтарды арнайы мамандар насихаттап, халықты барынша құлағдар етуге күш салуда. Олар ауылдарды аралап, азаматтармен кездесу өткізеді. Түрлі парақшалар, үндеулер таратады. Көшедегі, ғимараттардағы баннерлерге ақпараттарды іледі. Әлеуметтік желі арқылы хабарлайды. Яғни қазір мемлекеттік бағдарламаларды насихатттау белсенді түрде жүріп жатыр. Осы насихат жұмыстарының нәтижесінде арнайы орындарға келіп, бизнес жоспарларын таныстырып, кәсіп бастауға ниетті екендерін жеткізіп жатқан азаматтар көп.
Ботиржон Каримов 48 айда несиесін жабуға ниетті. Ол осы 48 айда кәсібін дөңгелетіп, ел игілігі үшін жұмыс істеуге әзір екендігін айтты. Жыл сайын несиесінің 6 пайызын төлеу деген қазіргі таңда өте үлкен сый. Егер үкімет несиенің қалған пайызын субсидияламағанда, жеке кәсіпкер кәсібін пайдаға шығара алмай, банкрот болып қалу қаупі өте зор. Себебі кез-келген кәсіпке бастапқы кезде өте қиын болады. Оған қолдау болмаса, гүлдемей жатып солады. Әсіресе үлкен пайыз деген кәсіпті тез тұралатып тастайды. Кәсіпкер пайызды қалай төлеймін деп, шарқ ұрады. Енді «Агробизнес» бағдарламасы кәсіпкерді мұндай уайымнан құтқарып, кәсібін еш алаңсыз істей беруге мүмкіндік туғызды.
Каримов жылқы малының етіне сұраныс мол екендігін айтады. Қазақ халқы көбінесе жылқы етін тұтынуға тырысады. Қазақтың ұлттық тамағы – Ет. Аты айтып тұрғандай бұл тамаққа ең бірінші кезекте жылқы еті керек. Қазір әрбір шаңырақ аптасына кемі екі рет Ет асып жейді. Базарда да ең бірінші кезекте жылқы етіне сұраныс көп. Ет дәмді болса оны талап алып кетеді. Сондықтан да Каримов бірінші кезекте сапаға жұмыс істеп, клиенттерінің разылығын алуды көздейді. Сапалы тауар ешқашан тұтынушысыз қалмайды. Каримов жылқыларды құнарлы ас-сумен қамтамасыз етіп, тек дәмді емес, денсаулыққа пайдалы өніммен халықты қуантқысы келеді. Ал түрлі дәруменнің бәрі жылқы малының бойында. Оның еті талай ауруға ем. Жылқы етін жеп, денсаулығын нығайтып жатқандар өте көп. Жылқы еті иммунитетті көтеретін күшке ие. Қазақ халқы қыста жылқы етінен соғым алып, қыс бойы соны жеп, ешқандай ауруға дес бермейді. Тымаудан алыс болады. Осы себепті де Каримов жылқы малын бордақылауға қатысты бизнес жоспарын қорғап, комиссияның оң шешіміне ие болды. Ол халықтың психологиясын зерттеп, нарықты қандай өніммен қамтамасыз етсем деп көп ойланып, осындай шешімге келген. Және шешімі оны адастырмады. Бүгінде Каримов жылқыларды алып, оларды бағып-қағып жатыр.
Алдағы уақытта Ботиржон Каримов сынды жеке кәсіпкерлер тек Сайрам ауданының емес, Қазақстанның гүлденуіне тамшыдай болсын өз үлесін қосады деген сенімдеміз.