Жітіқара ауданында округ әкімдері қайта сайланды

Oinet.kz 05-07-2024 357

21 шілде күні Қостанай облысының Жітіқара ауданының Милютинка және Приречное ауылдық округтері әкімінің сайлауы өтті. 

Screenshot_105.jpg

Жітіқара аудандының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жақсылық Дарбаевтың айтуынша, Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес аумақтық сайлау комиссиясы әкімдікке кандидаттардың тіркелгені туралы хабарламасы аясында Милютин ауылдық округіне үш кандидат тіркелді. Екі кандидат өзін-өзі ұсынса, біреуін Amanat партиясы ұсынған. 

«Милютин ауылдық округтен тіркелген үш кандидаттың бірі округтің әкімі Қайырхан Найзабекұлы Шнарбаев. 1974 жылы туған оны Amanat партиясы ұсынып отыр. Ал өзін-өзі ұсынғандардың бірі 1982 жылы туған, Жітіқара ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Серік Салимгерейұлы Жақсыбаев. Екіншісі 1990 жылы туған, Жітіқара ауданының Пригородное ауылы әкімі аппаратының бас маманы Тимур Мұратұлы Нұрғалиев. Сайлау бюллетеніне үш кандидат та тіркелді. Бұл сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 374 азаматтың 262-сі өз таңдауын жасап, дауыс берді. Дауыс санау барысында 25 бюллетень жарамсыз болып қалды. Қалған дауыс үш кандидат арасында бөлінді. Атап айтсақ, Серік Жақсыбаев сайлаушылардың 37, Тимур Нұрғалиев 27, Қайырхан Шнарбаев 173 дауысын жинаған. Сөйтіп, Amanat партиясы ұсынған Қайырхан Найзабекұлы Шнарбаев өз орнын сақтап қалды», - дейді комиссия төрағасы. 

Ал Приречный ауылдық округі бойынша тіркелген үш кандидаттың бірі, округтің әкімі Сергей Иванович Ходинскийді Amanat партиясы өз лауазымына қайта ұсынды. Ал өзін-өзі ұсынған кандидаттың бірі – Нұрлан Кенжебекұлы Айтмұхамбетов. 1992 жылы туған ол Жітіқара ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы. Келесі кандидаттың есімі Данияр Ароновұлы Байғонысов. 1983 жылы туған ол «Жітіқаракоммунэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының заң бөлімінің бастығы болып жұмыс істейді.

Жітіқара ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының ауыл әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі. Приречный ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 228 азаматтың 151-і дауыс берді. Сайлаушылардың басым дауысын жинаған Сергей Иванович Ходзинский өз орнын сақтап қалды. 

- Мемлекет басшысы өз Жол¬дауларында еліміздің сайлау жүйесін жетілдіруді тап¬сырған болатын. Осы саяси реформа аясында 2021 жылдан бері ауыл әкімдері сайлануда. Биыл да ауданымызда округ әкімдерінің сайлауы жалғасып отыр. Бұған дейін елімізде болған саяси бәсекелерге біздің аудан халқы немқұрайлы қарамай, үнемі белсенділік танытып келді. 21 шілде күні өткен сайлауда да жерлестерімнің дәл сондай белсенділік танытқанын өз көзімізбен көрдік. Ол сайлау белгіленген барлық талапқа сай өткізілді. Аталған округтердегі әкім сайлауына халықтың басым бөлігі қатысып, өз таңдауларын жасады. Бүгінгі таңда өз орнын сақтап қалған әкімдер куәліктерін алып, аудандық мәслихат шешімімен әкімдер өз қызметтеріне кірісіп кетті, - дейді Жітіқара аудандының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жақсылық Дарбаев.

Индерде әйел азамат әкім болып тағайындалды
Қостанай ауданында жаңа әкімдер қызметке келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу