Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Атырау облысы Индер ауданы Бөдене ауылдық округінің әкімін тағайындау бойынша сайлау өтті. Округ әкімінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 21 шілдеге белгіленген сайлауға 4 кандидат тіркелді.
Олардың барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Төрт кандидаттың екуі әйел. Оның бірі – 1966 жылы дүниеге келген, Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Балманова Шолпан Калменқызы болса, екіншісі – 1976 жылы туған, Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Мергалиева Шырай Тулеугалиқызы. Ал үшінші кандидаттың есімі Габдуллин Алтынбек Маратұлы. 1981 жылы туған ол Индер ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқық, төтенше жағдайлар және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің басшысы. Ал соңғы кандидат Қайыржанов Асылбек Бауыржанұлы Индербор кенті әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істейді.
- Көріп отырғандарыңыздай барлығы да мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істеп жүрген мамандар. Олардың ішінен іскер азамат, білікті маманды әкім етіп таңдап алу халықтың өз еркінде. Таңдауды жасайтын да, дауыс беріп қолдайтын да ауылдық округтің тұрғындары«Бұл қайдан келген әкім?» деген сұрақ қойылмас үшін ауыл әкімдерін халық өзі сайлайды. Бұл Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойуынан кейін мүмкін болды. Соған сәйкес ауыл әкімдерін елді мекен тұрғындары тікелей дауыс беру арқылы сайлау құқығын иеленді. Сондай-ақ бұл лауазымға тұрғындардың өзін-өзі ұсынуына мүмкіндік жасалды. Бюллетеньдерде «бәріне қарсымын» деген тармақ қосылды. Міне, Бөдене ауылдық округінде халық сол мүмкіндікті кешегі күні еркін пайдаланып, өз таңдауларын жариялы түрде жасап, жаңа әкімді сайлап алды, - дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Бағдат Сапаров.
Дайындық барысында кандидат болып тіркелген 4 үміткердің 2-і мемлекеттік қызмет заңнамасына сәйкес келмейтіні анықталды. Біреуі тіркеуге қатысты керекті құжаттарды дер кезінде тапсырмағаны үшін, бірі декларация талаптарына сай келмегендігіне байланысты аулдық округтің әкіміне тағайындалу мүмкіндігінен айрылды. Бюллетеньге барлығы 2 кандидат енгізілді.
Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабы 9) тармақшасы, 44-бабы, 113-10-баптарына сәйкес, Индер ауданы Бөдене ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау нәтижесін белгіледі. Яғни, Бөдене ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген 907 сайлаушының 469-ы дауыс берген. Мұнда дауыс санау кезінде 9 жарамсыз бюллетень анықталса, «Бәріне қарсымын» белгісіне 74 сайлаушы белгі салыпты. Қалған
386 дауыстың 352-ін Мергалиева Шырай Тулеугалиқызы иеленген. Ал Шолпан Балманованың есебінде 34 дауыс. Сөйтіп, Индер ауданы Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Мергалиева Шырай Тулеугалиқызы Бөдене ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Айта кетейік, ұсынылған кандидаттардың бәрі де өңірін жақсы танып білген Индер ауданының азаматтары. Бір атап өтерлігі дауыс берушілер бұл науқанға жауапкершілікпен белсенді ат салысты.