Жаңа әкімге сенім білдірді

Oinet.kz 04-07-2024 349

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтің елімізде жүргізіп жатқан саяси реформаларды іске асыру, жергілікті атқарушы биліктертің жұмысын жетілдіру мақсатында Атырау облысының Махамбет пен Индер аудандарына қарасты Махамбет және Бөдене ауылдарында 21 шілде күні әкім сайлауы өтті. Мұның ішінде Махамбет ауылдық округі әкіміне 3 үміткер ұсынылды. Ұсынылған үміткерлердің үшеуі да өзін-өзі ұсынғандар. Барлығы да мемлекеттік қызметкерлер.  

Screenshot_102.jpg

Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Р.Тұрдағалидің айтуынша, өзін-өзі ұсынған кандидаттың бірі – Қыдыров Бекбол Ғинаятұлы. 1978 жылы туған ол Махамбет ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Екінші ұсынылған кандидат Салиев Акылбек Мухызаруевич. 1985 жылы туған ол Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімінің бөлім басшысы. Ал үшінші кандидаттың есімі Сапаров Нұрлан Зейнелғабиденұлы. 1977 жылы туған ол Махамбет аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы болып еңбек етеді. 

«Ауданда өткен сайлау таңғы сағат 7:00-де басталды. Сайлауға түскен 3 кандидатымыз бар. Сайлау бағдарламалары өте мықты. Ауылымыз жақсы дамып келе жатқан ауылдардың бірі. Өйткені жастардың бәрі жұмыспен қамтылып жатыр. Сайланып жатқан жаңа әкім осы қарқыннан ауытқымай, әрі қарай ауылды дамытып кетеді деген сенім бар», - дейді ауыл тұрғыны Мұрат Қойшыман.

Елімізде 2021 жылы дауыс беру жүйесіне енгізілген өзгерістерге сай, бүгінде ауылдық, қалалық және аудандық маңызы бар аймақтарда әкімді халық дауыс беру арқылы сайлауда. Сайлауға халық белсенді араласуда. Олар қалаған кандидатқа дауыс беруде. Айта кетейік, бұл округте 21 адам алғаш рет сайлау науқанына қатысқан. Жалпы сайлаушылар тізімінде 7740 адам адам бар.

Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабы 9) тармақшасы, 44-бабы, 113-10-баптарына сәйкес, Махамбет ауданы  Махамбет ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижесі жарияланды. Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген 7740 азаматтың 3814-і дауыс берген. Мұнда бюллетеньдерді санау барысында 36 бюллетень жарамсыз деп танылса, «Бәріне қарсымын»  белгісіне 79 сайлаушы белгі салған. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар, яғни, Қыдыров Бекбол Ғинаятұлы сайлаушылардың 1017, Салиев Акылбек Мухызаруевич 1109, ал Сапаров Нұрлан Зейнелғабиденұлы 1573 дауысын жинаған. Сөйтіп, Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің бас маманы Сапаров Нұрлан Зейнелғабиденұлы Махамбет ауылдық округінің әкімі болып сайланды. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып келе жатқан сайлау бүгінде өз нәтижесін беріп отыр. Яғни бір мандатты округ арқылы кез келген азамат өзінің конституциялық құқығын қорғай отырып, ауылдық округ әкімі болуға мүмкіндік алды. Бұл – жергілікті белсенділерге, туған жерінің дамуына үлесімді қосамын деген азаматтарға жол ашады. Бұл – тікелей сайлаудың артықшылықтары. Әкім мен халық арасындағы байланыстың нығаюына, жауапкершіліктің артуына және жұмыстың тиімділігіне тікелей әсер етеді. Махамбет ауылдық округңнің жаңа әкімі осы талаптан көрініп, халық үшін аянбай еңбек етеді деп сенім білдіреміз, - дейді Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Р.Тұрдағали.

Жаңаарқа ауданында жаңа әкім сайланды
Индерде әйел азамат әкім болып тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу