Жаңаарқа ауданында жаңа әкім сайланды

Oinet.kz 04-07-2024 337

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Талдыбұлақ ауылдық округінде 21 шілде күні округ әкімінің сайлауы өтіп, халық өз таңдауын жасады. Бұл округ бойынша сайлауға түскен кандидат саны екеу. Оның бірі – Жаңаарқа кенті әкімі апаратының бас маманы Рауан Файзрахманұлы Мукажанов. 

Screenshot_101.jpg

Екіншісі Талдыбұлақ орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Нұрымхан Қазыкенұлы Тоқбергенов. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Баян Алашбаеваның айтуынша, қос кандидат та өзңн-өзі ұсынған. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында: «Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды қолға алдық. Бұған дейін айтқанымдай, бұл – мемлекеттік органдар тек азаматтардың күнделікті мәселесіне байланысты жауап қатуы тиіс деген сөз емес. Бұл, ең алдымен, билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі азаматтық диалогты дамыту ісіне тың серпін берді. Кеңес еліміздегі жалпыұлттық диалог үдерісін орнықтырып, өз миссиясын орындады. Соның нәтижесінде саяси реформалар топтамасы жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» демократиялық тұрғыдан мүлде жаңа заң қабылданды. «Саяси партиялар туралы», «Сайлау туралы», «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 130-шы бабын қылмыс санатынан алып тастау және 174-ші бабын ізгілендіру үшін өзгерістер қабылданды. Жұмысты сапалы әрі жедел атқарғаны үшін Парламентке ризашылығымды білдіремін. Бұл – саяси саладағы реформаларымыздың бастамасы ғана. Оны жаңғырту ісі жалғаса береді. Мемлекеттік биліктің барлық дерлік институттарын реформалау керек. Жаңғыртудың негізгі мақсаты – тұтас мемлекеттің тиімділігін арттыру. Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөн. Алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек. Мысалы, қоғамдық пікір сауалнамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр. Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн. Мұндай жүйенің қалай жұмыс істейтінін нақты білуіміз керек. Алайда, бұл мәселенің шешімін кейінге қалдыруға болмайды» дейді Президент. Мемлекет басшысының мемлекеттік басқару жүйесін реттеуді қолға алғаны өте құптарлық қадам. Өйткені басшылықты реттеп алмай, тіршілікті түзеу қиын. Ал, әкім сайлау – қазаққа бейтаныс рәсім емес. Бабаларымыз болыс, би, қазыларды да, ханды да сайлаған. Ұлы далада қалыптасқан сайлауы да, заңы да, басқару жүйесі де болған. Сол үдеріс жаңғырып жатса, неге құптамасқа?!, - дейді Баян Алашбаева.

21 шілде күні Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы ұйымшылдықпен өткізілді. Жаңаарқа аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жаңаарқа ауданы Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын жариялады. Сонымен Талдыбұлақ ауылдық округінде өткен сайлауға сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 453 азаматтың 302-і қатысып, дауыс берді. 

- Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы әділ өтті. Халықтың белсенділігі де жоғары болды. Сайлауға түскен екі кандидат та осал болмады. Олар өзін-өзі ұсынғандықтан да халық өзіне жайлысын, ауыл үшін қабырғасы қайысып жұмыс істейтін үміткерді таңдауға тырысты. Жалпы сайлау тартысты өтті. екі кандидат арасындағы дауыс айырмашылығы 14-ақ дауыс болды. Сөйтіп сайлау барысында Рауан Файзрахманұлы Мукажанов сайлаушылардың 155, ал Нұрымхан Қазыкенұлы Тоқбергенов 141 дауысына ие болды.  Сайлау қорытындысымен Мукажанов Рауан Файзрахманұлы сайланды. Жаңаарқа аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Рауан Файзрахманұлына куәлік табысталды, - дейді Баян Алашбаева. 

Сандықтауда Amanat партиясы ұсынған округтің бұрынғы әкімдері өз орындарын сақтап қалды
Жаңа әкімге сенім білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу