Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Еліміздің ауылдық округтерінде әкімдер сайлауы үш жылдан бері өтіп келеді. Жақында, нақты айтар болсақ, осы жылдың 21 шілдесі күні Ақмола облысының Сандықтау ауданы Жамбыл және Максимов ауылдық округтерінде әкім сайлауы өтті. Ауданық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Клара Әуезханның айтуынша, екі ауылдық округ бойынша кандидат ретінде 6 үміткер тіркелген. Екеуі саяси партия тарапынан, төртеуі өзін-өзі ұсынғандар.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс- қимыл кезеңі» атты Жолдауында аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін жергілікті тұрғындардың өздері тікелей сайлайтынын айтқан болатын. Президенттің осы тапсырмасына орай Ұлттық экономика министрлігі орталық мемлекеттік органдармен келісе отырып, мемлекетіміздің кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын әзірлеп, оларды Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынған болатын. Бұл заң жобаларына саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер, қалың жұртшылық, зиялы қауым өкілдері өз пікірлерін білдірді, ұсыныстарын айтты. Оның барлығы ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатында екі ай бойы жан-жақты талқыланып, қоғамның оң бағасын алған соң Мемлекет басшысы Заңға қол қойды. Соның нәтижесінде еліміздің ауылдық округтерінде әкімдер сайлауы үш жылдан бері өтіп келеді. 21 шілде күні ауданымызда өткен сайлауда халық өз таңдауын жасап, саяси партия тарапынан ұсынылған кандидаттар жеңіске жетті, - дейді комиссия төрағасы.
Сонымен қос ауылдық округтен әкім лауазымына кандидат болып кімдер тірлкелген еді? Атап айтсақ, Жамбыл ауылдық округі бойынша 3 кандидат тіркелген болатын. Amanat партиясы тарапынан ұсынылған кандидат осы округтің әкімі Владимир Владимирович Гуйван. Ол қазір 48 жаста. Өзін-өзі ұсынған кандидаттың бірі 1977 жылы туған, Мәдениет ауылы әкімі аппаратының бас маманы Галина Константиновна Савиди болса, екіншісі Игорь Васильевич Федченко. 1995 жылы туған ол Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы болып еңбек етуде.
Ал Максимов ауылдық округінің әкімі болуға кандидат ретінде 3 үміткер тіркелген. Соның бірі – Атығаев Ербол Бисенбайұлы, 1990 жылы туған округ әкімі Ерболды сайлауға Amanat партиясы кандидат етіп ұсынды. Ал өзін-өзі ұсынғанның бірі, 1986 жылы туған, Сандықтау ауданы әкімінің аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі бас инспекторы Есләм Берік Баянбайұлы болса, екіншісі 1989 жылы туған, Балкашин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жүсіпов Алмас Асылханұлы.
- Ауылдық округ әкімдерін сайлау – жалпы өзін-өзі басқару жүйесінің маңызды бөлігінің бірі. Сондықтан, ауылдық округ әкімін сайлаудың нәтижесі аса маңызды. Бұл бір жағынан сайланған әкімнің жауапкершілігіне байланысты. Сондай-ақ, қарапайым халықпен қарым-қатынастағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының шын мәнінде жүзеге асуына өз үлесін қосады. Ауылдық округ әкімі «Ауыл аманаты» бағдарламасын орындау, ағын су мәселесін шешу, су үнемдеу технологиясын тиімді пайдалану мен ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту, мемлекеттік бағдарламаларды орындау ісіне айрықша көңіл бөлуге тиіс. Сонымен қатар, жұмыспен қамтуды үйлестіру, шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдау және жаңа бизнес идеяларды іске асыру, ауылдың мүмкіндігін ескере отырып туризмді дамыту мәселесіне назар аударуға міндетті. Міне, осы міндеттерді өз мойнына алып жұмыс істеуге, өзін ұйымдастырушылық және іскерлік қырынан көрсетуге талпынған үміткерлер кеше өткен сайлауда таңдалды. Мәселен, Жамбыл ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген 537 азаматтың 378-і дауыс берді. Сайлау қорытындысымен сайлаушылардың басым дауысын жинаған Гуйван Владимир Владимирович округ әкімі болып қайта сайланды. Ал Максимов ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша айтсақ, сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 1108 азаматтың 919-ы дауыс берді. Нәтижесінде Максимов ауылдық округінің әкімі болып округтің әкімі, Amanat партиясы ұсынған кандидат Ербол Бисенбайұлы Атығаев сайланды, - дейді ауданық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Клара Әуезхан.
Сонымен, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес Ақмола облысы Сандықтау ауданының Жамбыл және Максимов ауылдық округтерінің 2024 жылғы 21 шілдеде өткен сайлау комиссияларының қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Сандықтау ауданы Прирозерное ауылында тұратын «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, 1976 жылы туған Гуйван Владимир Владимирович Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып, Максимовка ауылында тұратын «Максимов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, 1990 жылы туған Ербол Бисенбайұлы Атығаев Максимов ауылдық округінің әкімі болып тіркеліп, куәліктері тапсырылды.