Тасты ауылдық округінің әкімі сайланды

Oinet.kz 03-07-2024 138

Мемлекет басшысы тапсырмасымен ауылдық округ әкімдерінің сайлауы ел көлемінде өз жалғасын тауып келеді. Соның бірі 21 шілде күні Ақмола облысы Целиноград ауданы Тасты ауылдық округінде өтті. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайрат Маулиевтің айтуынша, ауданда жыл басынан бері төрт ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткізілген. 

Screenshot_99.jpg

Оның бірі – 5 мамырда Қызылсуат ауылдық округінде өткізіліп, Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Қызылсуат ауылдық округі әкімі болып Оразбай Құбашұлы Сәлменов тағайындалды. Ал 16 маусымда Арайлы ауылдық округтерінде өткізілген сайлауға 3 кандидат тіркеліп, сайлау қорытындысында, 1981 жылы туған, Арайлы ауылдық округінің әкімі Зейнулла Кенесұлы Айтимбетов өз орнын сақтап қалды. 

Ал 21 шілдеге Тасты ауылдық округінде тағайындалған сайлауға үш кандидат тіркелген болатын. Оның бірі – осы округтің бұрынғы әкімі Ержан Мұхтарұлы Сабыров. Екінші үміткердің есімі Лаззат Омарқызы Нұрмағамбетова. 1972 жылы туған ол Оразақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Үшінші кандидат 1982 жылы дүниеге келген, Целиноград ауданының ауыл шаруашылығы білімінің басшысы Нұрлан Серікқазыұлы Дулатов. 

- Жалпы, кейінгі уақытта Президент тапсырмасына байланысты сайлау жүйесіне көптеген жаңашылдық енгізілді. Әлбетте, кез келген саяси жаңғырудың басты мақсаты азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру екені тү¬сінікті. Бұл бағытта атқарылған жұмыс аз емес. Президентіміздің жыл сайынғы Жолдаулары, саяси саладағы өзгерістер, Үкіметке жүктелген тапсырмалар – бәрі де халық үніне құлақ асатын, елге қызмет көрсетуші мемлекет орнықтыру міндетінен туындап отырғаны айдан анық. Жыл басында Президентіміз айтқандай, өткен жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жаңа ереже бойынша сайланды. Біздің ауданда да ауылдық округтің әкімдерін халық өздері сайлауда. Шын мәнінде үлкен өзгерістің басы болған ауыл және аудандық маңызы бар қала әкімдерін сайлау жалғасып келеді. 2021 жылы басталған бұл науқан елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформаларға тың серпін беріп, тұрғындарды ел басқару және шешім қабылдау үдерісіне тартуға жол ашты, - дейді комиссия төрағасы.

Сонымен 2024 жылғы 21 шілдеде Целиноград ауданы Тасты ауылдық округі әкімінің бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті. сайлау қарсаңында бір кандидат өз өтініші бойынша сайлауға қатысудан бас тартты. Сөйтіп сайлау бюллетенінде екі кандидат қалды. Целиноград аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиялардың Целиноград ауданы Тасты ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын жариялады. Жалпы Тасты ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлаушылар тізіміне енген 839 азаматтың 574-і сайлау учаскесіне келіп, өз дауыстарын берді. дауыс санау барысында 5 бюллетень жарамсыз беп табылса, 9 азамат «Барлығына қарсы» жолында белгі қалдырыпты. Дегенмен сайлаушылардың басым бөлігі өз таңдауын жасаған. Сонымен кандидаттар арасында дауыс төмендегідей бөлінді. Атап айтсақ, Лаззат Омарқызы Нұрмағамбетова  сайлаушылардың 88, Ержан Мұхтарұлы Сабыров 472 дауысын жинаған. Сонымен сайлауда «Amanat» партиясынан ұсынған кандидат, 1980 жылы туған, Тасты ауылдық округінің әкімі Ержан Мұхтарұлы Сабыров өТасты ауылдық округінің әкімі болып сайланды. 

Белағаштықтар өз таңдауын жасады
Сандықтауда Amanat партиясы ұсынған округтің бұрынғы әкімдері өз орындарын сақтап қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу