Белағаштықтар өз таңдауын жасады

Oinet.kz 03-07-2024 94

Ақмола облысының Жақсы ауданында да 21 шілде күні Белағаш ауылдық округтерінде әкім сайлауы өтті. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Рената Тлепованың айтуынша, аталған округтер бойынша әкім лауазымына барлығы 3 кандидат тіркелген. Оның екеуі әйел, екеуі де өзін-өзі ұсынғандар. Ал Amanat партиясы атынан бір кандидат ұсынылып отыр. 

Screenshot_98.jpg

- Ауыл әкімін сайлау оның ел алдында жауапкершілігін көтереді, әрі халықтың билікке деген сенімін өсіреді. Енді оның дербес бюджетіне аз-кем тоқталсақ. 2020 жылдан бастап барлық ауылға қатысты «4-деңгейлі бюджет» деп айдарланған реформа жүзеге асып келеді. Бұл тетік ауыл басшыларына елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін дербес шешуге мүмкіндік беруі тиіс. Қазақша айтқанда ауыл әкімі қашанғы аудан, я қалаға алақан жайып қарап отырады? Өз шаруасын өзі неге шешпеске? 4-ші деңгейлі бюджет осы мәселелерге жауап болуы тиіс. Ауылішілік жолдарды өздеріңіз білесіздер күтіп ұстауға, техникаларды күтіп ұстауға, көгалдандыру, аулаларды абаттандыру жұмысы сияқты ірілі-ұсақ, орта деңгейдегі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Міне, ауыл әкімдерін сайлаудағы халықтың ұтар тұсы осы, - дейді комиссия төрағасы.

Қазақстан қоғамын жаңартудың маңызды факторларының бірі – жергілікті өзін-өзі басқару істерін реформалау болып саналады. Ал жер-гілікті өзін-өзі басқару істерін¬дегі алғашқы қажетті маңызды шара әкімшілік-аймақ бірліктері бас¬шыларының халықтың сайлауы ар¬қылы анықталып, қызмет жасау үдерісі. Бұл мемлекеттің ішіндегі саяси биліктің орталықсыздандырылуы болып табылады. Міне, бұл ашық қоғамға бағытталатын еліміздің алғашқы демократиялық қадамы бола алады. Бұл – барлық дамыған елдердегі қалыптасқан дәстүр. Бұл жүйенің қаншалықты өзгеріс әкелетінін ешкім дөп басып айта алмайды. Дегенмен саясаттанушылардың пікірінше, қазіргі қоғамдық өмірде, атап айтқанда аза¬маттардың тұрмысын, коммунал¬дық қызметтер, жеке бас қауіпсіздігі, әлеуметтік қорғау және басқа да аймақ кеңістігіндегі ауыл тұрғындарының отыз жыл бойы жинақталған мәселе¬лерін шешу мен жолға қоюда, тек мемлекет ұйымдарының қауқары¬ның жетпейтіні белгілі. Сондықтан осы жүйе арқылы, яғни халық сайлаған ауыл және аудан әкімдеріне аудан көлемінде атқаратын ерекше өкі¬леттіліктер мен құзіреттіліктер бе¬рілуі қажет. Жергілікті өзін-өзі бас¬қару демократиялық басқарудың маңызды шартының бірі ретінде мемлекетті жергілікті маңыздағы мыңдаған мәселеден босатады. Осындай жағдайда ғана, қоғамдағы азаматтардың сұраныстары қанағат¬тандырылып, қоғамда өзгерістер бо¬лады.

Жалпы Жақсы ауданы Белағаш ауылы әкіміне тіркелген үш үміткердің бірі – 1979 жылы туған, Жақсы ауданы Тарасов ауылы әкімі аппаратының бас маманы Гүлмира Қаппасқызы Нарбутанова болса, екіншісі – 1973 жылы туған, Жақсы ауданы Ешім ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қаламқас Манатқызы Ібікенова. Бұл екі кандидат та өзін-өзі ұсынған. Ал Amanat партиясы ұсынған кандидаттың есімі Серік Қапезұлы Есмағамбетов. 1975 жылы туған ол Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының Жақсы ауданы филиалының директоры. 

- 21 шілдеде Жақсы ауданы Белағаш ауылы әкімінің бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті. Жақсы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жақсы ауданы Белағаш ауылы әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі. Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 537 азаматтың 456-ы дауыс берді. Дауыс санау барысында Серік Қапезұлы Есмағамбетов сайлаушылардың 393, Гүлмира Қаппасқызы Нарбутанова 28, ал Қаламқас Манатқызы Ібікенова 35 дауысын жинады. Сөйтіп Белағаш ауылы әкімі болып Есмағамбетов Серік Қапезұлы сайланды. 1975 жылы туған, Ақмола облысы кәсіпкерлер Палатасы Жақсы аудандық филиалының директоры, Жақсы ауылының тұрғыны, Amanat партиясы арқылы ұсынылған ол сайлаушылардың басым дауысымен жеңіске жетті. Жақсы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2024 жылғы 22 шілдедегі шешімімен Жақсы ауданы Белағаш ауылы 2024 жылғы 21 шілдеде сайланған әкімін тіркеді, - дейді Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Рената Тлепова. 

Ақмола облысында Кеңес пен Ақмырза ауылдық округ әкімдері өз орындарын сақтап қалды
Тасты ауылдық округінің әкімі сайланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу