Шақпақ ауылдық округі әкімі сайлауы 11 тамызда өтеді

Oinet.kz 02-07-2024 79

11 тамызға тағайындалған Түркістан облысының Түлкібас ауданы Шақпақ ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттар тіркеу аяқталды. Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ерден Қаратаевтың айтуынша, округ әкіміне кандидат ретінде үш үміткер тіркелген. Оның бірі саяси партия тарапынан ұсынылса, екеуі өзін-өзі ұсынғандар.  

Screenshot_95.jpg

- Сайлау дегеніміз – халықтың үні, халықтың пікірі. Демек әділ қоғам құрудың алғышарты мен іргетасы осы ауылдық округ әкімдерін сайлаудан бастау алары анық. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының басты ұстанымы да осы. Ауыл әкімдерін сайлау – «Жаңа Қазақстанды» құруға үлкен мүмкіндік деген тоқтамға келуге болады. Дегенмен халық тұрмысын жақсарту үшін қандай да бір өзгеріс қажет болса, сайлаудың әділ өтуі маңызды. Ол халыққа да байланысты. Руласын, туысын тағайындамай, елге шын жаны ашитын азаматты таңдау қажет. Ол үшін сайлауға түсетін кандидатқа туысым, бауырым да қарамау керек. Міне, бүгінгі сайлаудың талабы осы болса ол үдеден Түлкібас ауданының сайлаушылары өз іс әрекеттерімен шығып келеді. Бұған дейін ауданымызда қанша сайлау өткізілсе де түлкібастықтар бөле жарып, руға, туыстыққа бұра тартпай әділ сайлау өткізіп, өзгелерге үлгі болып келеді. Алдымызда 11 тамызға белгіленген тағы бір сайлау тұр. Мұның алдында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауы бірнеше ауылдық округте ұйымдастырылып, талапқа сай өткізілген болатын. Ол сайлау уақтында басталып, сайлаушылар өз таңдауларын жасады. Ендігі Шақпақ ауылдық округінде жоспарланып отыр. Ол сайлауды да сайлаудың заң талаптарына сәйкес жоғары деңгейді өткіземіз деген сенімдеміз, - дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ерден Қаратаев.

Сонымен Шақпақ ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген үш кандидаттың бірі - Абдикеримов Нұрдаулет Мирзакеримұлы. Ол Шақпақ ауылдық округі әкімінің сайлауына үміткер болып Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 17 шілдедегі № 47 шешімімен тіркелді. 1975 жылы туылған ол Ақ-биік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істейді. Екінші кандидат, Досов Біржан Бейбитжанұлы болса, Шақпақ ауылдық округі әкімінің сайлауына үміткер болып Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 17 шілдедегі № 49 шешімімен тіркелген. Ол бүгінге дейін Кемербастау ауылдық округі әкімінің кеңесшісі болып қызмет атқарып келеді. Бұл екі кандидат та өзін-өзі ұсынғандар. 

Ал Amanat партиясының Түлкібас аудандық филиалы 1984 жылы туған, Ақбиик ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Барлыбаев Серик Балабекұлын ұсынып отыр.

- Сөзімді қорытындылай келе, ендігі кезекте 11 тамызға Шақпақ ауылдық округінде белгіленген сайлауды үлкен жауапкершілікпен өткіземіз деген сенімдемін. Сондықтан ауылдық округ әкімін сайлау науқанында қоғам белсенділік танытады деген сенім бар. Сонымен қатар ең маңызды мәселе ауыл округі әкіміне үміткерлерді таңдауда жергілікті жағдаймен жақсы таныс, халықтың қамын ойлайтын, білімді, іскер, сол аймақтың тумалары кан¬дидат ретінде тіркеліп отыр, олар ел үшін қызмет етеді деген сенімдемін жалпы бұл сайлауларды да алдағы уақытта талапқа сай өткіземіз деген ойдамын, - дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ерден Қаратаев.

Сайлау күні халық өз таңдауын жасайтынына сенімді
Қоғалыкөл ауылдық округі әкіміне 3 кандидат тіркелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу