Сайлау күні халық өз таңдауын жасайтынына сенімді

Oinet.kz 01-07-2024 102

Шиелі аудандық сайлау комиссиясы осы жылдың 11 тамызына тағайындалған Иіркөл және Майлытоғай ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеді. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатовтың айтуынша, екі округ бойынша барлығы 6 кандидат тіркеліп отыр. Оның барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Олардың біреуі ғана өз орнын сақтап қалу үшін атқарып отырған қызметі бойынша екінші қайтара сайлауға түсуде. 

Screenshot_94.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жол¬дауларында Үкіметке еліміздің сайлау жүйесін жетілдіруді тап¬сырған болатын. Осы саяси реформа аясында 2021 жылдан бері ауыл әкімдері сайлануда. Биыл да Қызылорда облысының аудандарында округ әкімдерінің сайлауы жалғасып отыр. Бұған дейін елімізде болған саяси бәсекелерге біздің аудандардың халқы немқұрайды қарамай, үнемі белсенділік танытып келді. Бұған дейін ауданда онға тарта ауылдық округ әкімі сайланды. Ол өткен сайлауда да жерлестерімнің дәл сондай белсенділік танытқанын өз көзімізбен көрдік. Жалпы, азаматтардың сайлауға қатысуы не үміткер ретінде өзін-өзі ұсынуы – туған өлкенің тұрмысын түзетуге деген ізгі ниеті ғана емес, зор жауапкершілік. Сондықтан «мен» деп алға суырылып шыққан, білімді, жан-жақты азаматтарды қолдасақ, әрбіріміз өз таңдауымызды жасасақ, бұл да бір демократиялық қоғам құруға деген қадам деуге болады. Тағы бір айтарым, аудан және ауыл әкімі болып жергілікті жердің азаматтары сайланса және олар 4-5 жыл туған жеріне қызмет етсе, сонда ғана жұмыстың нәтижесі болады, - дейді М.Дулатов. 

Сонымен Ирікөл мен Майлытоғай ауылдық округтеріне кімдер әкім болып тіркелді. Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 3 шілдедегі №АСК-24/42 шешімімен 2024 жылғы 11 тамызға тағайындалған сайлауда Иіркөл мен Майлытоғай ауылдық округтері әкімдеріне кандидат болып 6 азамат тіркелген.    

Иіркөл ауылдық округі бойынша айтар болсақ, тіркелген үш кандидат та өзін-өзі ұсынғандар. Оның бірі округтің әкімі - Ержан Оралбек Оразбекұлы. 1970 жылы туған ол өз орнын сақтап қалуға ниетті. Ал екінші кандидат, Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлім басшысының орынбасары Бәйділдаев Бақытжан Әлиайдарұлы. Үшінші кандидаттың есімі - Рахманов Уалихан Уайдаұлы. 1974 жылы туған ол Шиелі ауданының экономика және қаржы бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлім басшысының орынбасары. 

Майлытоғай ауылдық округі бойынша тіркелген кандидат саны үшеу. Барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Бірінші кандидаттың есімі – Мамбетов Абилькасим Абильдаевич. 1963 жылы туған ол «Әбілда» шаруа қожалығының жетекшісі. Екінші кандидат – Жиделіарық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман Оспанов Дәурен Әуезұлы.  Үшінші кандидаттың есімі – Жәрімбетов Талғат Ергешбайұлы. 1976 жылы туған ол Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі. 

«Жоғарыда аталған аудандардағы ауылдық округтерінде сайлауға түсетін кандидаттардың есімдері белгілі. Алдағы сайлауда халық өз таңдауын жасап, әкім болуға лайықты азаматтарды таңдайды деген сенімдеміз», - дейді  аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатов.

Қазалы ауданының Майдакөл және Сарбұлақ ауылдық округтерінің әкіміне үміткерлер белгілі болды
Шақпақ ауылдық округі әкімі сайлауы 11 тамызда өтеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу