Тұғыл ауылдық округінің әкімі кандидат болып қайта тіркелді

Oinet.kz 28-06-2024 346

Сайлау қашан да – елге сын, ұлтқа жауапкершілік жүктейтін, азаматтық позицияға тың серпін беретін ертеңнің ісі, болашақтың бағдары. Осы талаптың жауапкершілігін сезіне білген Шығыс Қазақстан облысында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау заң шеңберінде әділ өткізіліп келеді.

Screenshot_85.jpg

Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 11 тамызға тағайындалған Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округі әкімін сайлауына кандидаттарды тіркеу жұмыстары жалғасын табуда. Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жаннұр Ашмуханованың айтуынша, Тұғыл ауылдық округі әкіміне үш кандидат тіркелген. Оның бірі әйел. екеуі өзін-өзі ұсынса, бірін Amanat партиясы ұсынып отыр екен.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен аудан, қала мен ауылдық округ әкімдерін сайлау үш жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Мұндай сайлау Шығыс Қазақстан  облысының аудандарында бүгінгі күнге дейін ұйымшылдықпен өткізіліп келеді. Осы ретте ауылдық округте орналасқан №924, №925, №926 және №927 сайлау учаскелерінде учаскелік сайлау комиссия мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында оқу-семинарлары өткізілді. Семинар кеңестерді өткізу арқылы сайлау комссиясы мүшелерінің біліктілігі арттырылуда. Өйткені, қазіргі таңда сайлау талаптарында көптеген өзгерістер де бар. Бір жағы учаскелік сайлау құрамы үнемі өзгеріп, жаңарып отырады. Сол үшін де олардың сауаттылығы мен біліктілігін арттырып отыру маңызды, - дейді Жаннұр Азырханқызы.

Бір атап өтерлігі, сайлау заңында әрбір кандидатқа қойылар талап жоғары. Ең алдымен сайлауға түсуге ынта білдірген үміткер нені білуі керек. 

Бірінші кезекте, кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда, дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының кемінде 1 пайыз дауысының қолдауына ие болуы тиіс. Сайлаушыларды қолдау олардың қолдарын жинаумен куәландырылады. Кандидаттарды қолдап қол жинауды сенім білдірген адамдар ұйымдастырады және ол үшін кандидат Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-бабында, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін 3 күннен кешіктірілмей тиісінше аудандық сайлау комиссиясы беретін қол қою парақтарымен рәсімделеді. Толтырылған қол қою парақтары тиісінше аудандық сайлау комиссиясына тапсырылады. Ол 3 күн мерзімде ішкі істер қызметкерлерін тарта отырып, жиналған қолдардың растығын тексереді және тиісті хаттаманы рәсімдейді. Қолдардың растығын тексеру Конституциялық заңға сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидатқа қажетті анық қолдар анықталғанға дейін жүргізіледі. 

Екіншіден, кандидат тіркелу үшін саяси партиялар ұсынған кезде азаматтың кандидат болуға келісімі, өмірбаяндық деректері, кандидат пен жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органынан анықтамасы, ҚР мемлекеттік қызметіне кіретін азаматты арнайы тексеру үшін қажетті құжаттарды, саяси партияның сайлау жарнасын енгізгендігін куәландыратын құжат, кандидаттың саяси партияға мүшелігін растайтын құжат ұсынуы қажет. Ал өзін-өзін ұсынған адам кандидат болып дауысқа түсу туралы өтініші, өмірбаяндық деректер, кандидат пен жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органынан анықтамасы, ҚР мемлекеттік қызметіне кіретін азаматты арнайы тексеру үшін қажетті құжаттарды, сайлау жарнасын енгізені туралы құжат ұсынуы тиіс. 

Округте сайлау учаскесі мүшелерімен өткізген оқу-семинарда сайлаудың барлық талабы кандидаттар мен учаскелік сайлау комиссияларына жан-жақты түсіндірілді. Ендігі кезекте ауылдық округ бойынша сайлау 11 тамыз күні өтіп, сайлаушылар өз таңдауын жасап, өз әкімдерін сайлайтын болады. Қазіргі таңда сайлауға түсетін кандидаттардың есімдері белгілі. Жоғарыда айтқанымдай олардың екеуі өзін-өзі ұсынса, бірі саяси партия тарапынан ұсынылып отыр. Соның бірі – 1964 жылы дүниеге келген Жаңаауыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қызырхан Фугатұлы Тисаев. Екінші үміткердің есімі Жадыра Бесимбайқызы Мұрзабекова. 1988 жылы дүниеге келген ол Жетіарал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Екі кандидат та өзін-өзі ұсынғандар. Ал Amanat партиясы ұсынған үшінші кандидаттың есімі Қанат Шеризатович Свенов. 1971 жылы дүниеге келген ол осы – Тұғыл ауылдық округінің әкімі. Оның өз орнына тағы бір қайтара сайлауына мүмкіндігі бар. Сайлау туралы заңда бір ауылдық округке бір адам екі рет сайлана алатыны айқындалған. Ал негізгі таңдау халықта. Округ тұрғындары 11 тамыз күні өз таңдауларын жасап, лайықты әкімді дауыс беру арқылы сайлап алады деген сенімдеміз, - дейді Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жаннұр Ашмуханова. 

Amanat партиясы сенім білдірген кандидат ел сеніміне ие болды
Жария талқылауда АЭС салу немесе салмау жайы сөз болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу