Ауыл әкімі өз орнын сақтап қалды

Oinet.kz 28-07-2024 427

14 шілде күні Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының Сунақата ауылдық округі әкімінің сайлауы заң талаптарына сай ұйымдастырылып, қорытындыланды. Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 1386 адамның 698-і дауыс берген. 

Screenshot_83.jpg

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Өмірбек Ильясовтың айтуынша, Жаңақорған ауданы Сунақата ауылдық округі әкімі лауазымына 3 кандидат өзін-өзі ұсынған. Оның бірі 1987 жылы туған, Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы Абсадыков Марат Қалилаұлы. Екінші кандидаттың есімі Жумадуллаев Акылмурат Исмаилович. 1977 жылы дүниеге келген ол Сунақата ауылдық округінің әкімі. Үшінші кандидат 1988 жылы дүниеге келген уақытша жұмыссыз жүрген Кошкарбеков Нуркен Орынбекович. 

- Жаңақорған ауданы бойынша 2024 жылғы 14 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 07.00-де Сунақата ауылдық округіндегі №305 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті. Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат Жаңақорған ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де, 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де, және сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындысы туралы ақпарат 20.00-де ұсынылды. Округте есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде 9 адам дауыс берген. Ал дауыс санау барысында жарамсыз деп танылған 22 бюллетень анықталды. Ауылдық округ әкімінің кандидаттығына бастапқыда 6 адам ұсынылып, 4-і сайлау бюллетеньдеріне енгізілді. Сайлау күніне дейін әкімдікке бір кандидат өз өтініші негізінде кандидаттар тізімінен шығып қалды, - дейді Өмірбек Ильясов.

Жаңақорған аумақтық сайлау комиссиясының іс-шаралар жоспары бекітіліп, соған сәйкес учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерімен қоу-семинарлары ұйымдастырылды. №305 сайлау учаскесінде өткен семинарда аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Өмирбек Ильясов «Сайлау – саяси өзгерістердің бастауы» атты тақырыпта баяндама жасады. Тақырып аясында Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің даму тарихы, аудан, қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлау туралы  мәселелері ортаға салынып, талқыланды. Сайлау жүйесінің ардагерлері А.Жәнібеков, М.Абуталипова мен  К.Жақыпбековалар сайлау жұмыстары саласындағы тәжірибелерін ортаға салып, Сунақата ауылдық округінің әкімі сайлауын ұйымшылдықпен өткізу барысын сөз етті. Ал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Б.Доспанбетов «Таңдау және сайлау – Конституциялық құқығы» тақырыбында Жаңақорған  аграрлы-техникалық колледжінде жастармен еркін форматта кездесу өткізді. 

Сондай-ақ Жаңақорған ауданындағы №304,№305,№309 учаскелік сайлау комиссияларында «Ашық есік» күні  ұйымдастырды. «Ашық есік» күніне келген аудан тұрғындарына алдағы уақытта болатын әкімдер сайлауы, әкімдікке кандидаттарға қойылатын талаптар, учаскелік сайлау комиссиясының құрамына кіру, тағы басқа сұрақтар бойынша жауап берілді. 

- Алдын ала өткізілген оқу-семинарлары мен дөңгелек үстелдер учаскелік сайлау комиссиясының біліктілігін арттырды. Сайлау ойдағыдай өтті. Жалпы Сунақата сайлау округінде дауыс беруге қатысқан 698 адамның кандидат Абсадыков Марат Қалилаұлына 8, кандидат Жумадуллаев Акылмурат Исмаиловичке 366, Кошкарбеков Нуркен Орынбековичке 299 дауыс берілді. «Барлығына қарсы» белгісіне 3 адам белгі соққан. Дауыс беру қорытындысымен Сунақата ауылдық округінің әкімі болып Жумадуллаев Акылмурат Исмаилович сайланды. 1977 жылы туған ол өз орнын сақтап қалды, - дейді Өмірбек Ильясов. 

Генералдың ауылын бас есепші басқарады
Amanat партиясы сенім білдірген кандидат ел сеніміне ие болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу