Генералдың ауылын бас есепші басқарады

Oinet.kz 27-06-2024 90

Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы еліміздегі оң өзгерістің бірі болды. Кейінгі жылда еліміздегі саяси ахуал айтар¬лықтай өзгергені түсінікті. Бұл сөзі¬мізге осы ба¬ғытта атқарылып жат¬қан жұмыстар дәлел. Дегенмен демо¬кратияның даңғыл жолына түсіп, «то¬ғызыншы территорияны» бақыт меке¬ніне айналдыру үшін әлі де атқарылатын шаруа шаш етектен. Бірақ оның бастауында бүгінгі күні өткізіліп жатқан аудандық маңызы бар қалалар және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы тұр.

Screenshot_82.jpg

14 шілде күні Түркістан облысы Қазығұрт ауданының Сабыр Рақымов ауылдық округінің әкімі сайланды. Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Рамазан Бобетовтың айтуынша, сайлау жоғары деңгейде өткізілген. 

- «Бұл қайдан келген әкім?» деген сұрақ қойылмас үшін ауыл әкімдерін халық өзі сайлауда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сайлау жүйесіне жаңашылдық енгі¬зілгелі бері көптеген өзгерістер орын алдғаны белгілі. Яғни, 2021 жылғы 25 ма¬мырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Соған сәйкес ауыл әкімдерін елді мекен тұрғындары тікелей дауыс беру арқылы сайлау құқығын иеленді. Сондай-ақ бұл лауазымға тұрғындардың өзін өзі ұсынуына мүмкіндік жасалды. Бюллетеньдерде «бәріне қарсымын» деген тармақ қосылды. Бұл да демократияның анық бір көрінісі. Мәселен, округтегі сайлаушылар тізіміне енгізілген 2090 азаматтың 1443-і сайлау учаскесіне келіп дауысы берді. Мұның ішінде 42 адам үй-жайдан тыс жерде дауыс берді, - дейді комиссия төрағасы.

Жалпы 14 шілдеге белгіленген Сабыр Рақымов ауылдық округі әкіміне бастапқыда 5 кандидат тіркелген болатын. Оның бірін Amanat партиясы ұсынған болса, төрт кандидат өзін-өзі ұсынғандар. Amanat партиясы ұсынған кандидаттың есімі – Сайын Ошақбайұлы Ахаев. 1967 жылы туған ол Майбұлақ жалпы білім беретін мектептің директоры болып жұмыс істейді. Ал өзін-өзі ұсынғандардың бірі 1977 жылы туған, уақытша жұмыссыз жүрген Кенжехан Сейтжапарұлы Жадигеров. Екіншісі 1991 жылы дүниеге келген, «Омедин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас есепшісі Төленді Мұсақұлұлы Ортаев. Үшінші кандидаттың есімі 1976 жылы туған А.Бектаев атындағы орта мектеп директоры Асет Матенұлы Оспанов болса, төртінші кандидат, 1986 жылы дүниеге келген Қызылқия ауылдық округі әкімінің орынбасары Рақымжан Бауыржанұлы Сванов болатын. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 3 кандидат тіркеуден өз еріктерімен бас тартты. Ал сайлауға Ахаев Сайын Ошақбайұлы мен Ортаев Толенди Мусакулович қатысты.  Сабыр Рақымов ауылдық округінің әкімін сайлауында Сайын Ахаев  сайлаушылардың 532, ал Толенди Ортаев 743 дауысын иеленді. «Барлығына қарсы» деген бюллетеньге екі адам белгі соққан. Сайлау қорытындысы бойынша Сабыр Рақымов ауылдық округінің әкімі болып 1991  жылы туған, «Омедин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас есепшісі, Қазығұрт ауылының тұрғыны Ортаев Толенди Мусакулович сайланды.

Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алып, сайлау бюллетеніне енгізілді
Ауыл әкімі өз орнын сақтап қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу