Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында ауылдық округ әкімдерінің сайлауы жиы ұйымдастырылып отырады. Жыл басынан бері ауданның төрт-бес ауылдық округ әкім сайлауы өткізілді. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ақан Торсановтың айтуынша, ендігі кезекте 4 тамызда ауданның Городецк, Новопокров, Приишим және Юбилейный ауылдық округтерінде әкім сайлауын өткізу тағайындалған.
- Ауданымызда биыл үшінші жыл қатарынан аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін халық тікелей сайлауда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып келе жатқан бұл сайлау бүгінде өз нәтижесін беріп отыр. Президентіміз сайлауды өткізу жайын «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс- қимыл кезеңі» атты Жолдауында жан-жақты анықтап, түсіндіріп айтқан болатын. «Келесі жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады деп ойлаймын. Жергілікті билік өкілдерінің сайланбалы болуымен қатар, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзыреттерді бөлу және жергілікті өзін-өзі басқару ісін айқындап алуымыз қажет. Аса маңызды мәселенің бірі – аймақтарды бюджеттен қаржыландыру моделін әзірлеу. Бұл ретте, «орталық пен өңір» арасындағы қарым-қатынастан бөлек, қаражаттың өңір ішінде бөлінуіне айрықша назар аудару керек. Жергілікті бюджеттерді бекіту барысында бақылауды күшейту қажет. Себебі, бөлінген қаражат көп жағдайда тұрғындардың шынайы қажеттілігіне жұмсала бермейді. Бір-екі көшені жыл сайын қайта-қайта жөндей беру, имидждік іс-шараларға жұмсалатын тиімсіз шығындар азаматтарымыздың наразылығын тудыруда. Бұл – орынды. Инфрақұрылымдық және әлеуметтік бастамаларға аудандар мен елді мекендердің бюджетінен қаражат бөлу үшін қоғамдық сараптама жүргізілуге тиіс. Бұл ретте, онлайн сауалнаманы да қолданған жөн. Ел азаматтарының мүддесін қорғау жөніндегі маңызды миссияны бұрынғыдай саяси партиялар атқара береді. Amanat партиясы өзінің іс-қимылы арқылы қоғамымыздағы жетекші саяси күш екенін дәлелдеп отыр. Партия алдағы реформаларды жүзеге асыруға белсене атсалысып, өзінің әлеуетін толықтай пайдаланатын болады. Сонымен бірге, мен, Мемлекет басшысы ретінде, шын мәніндегі көппартиялық жүйені дамытуға күш салуға міндеттімін. Біз бір орында тұрған жоқпыз. Саяси жүйемізді жаңа жағдайға бейімдеп, оны біртіндеп жетілдіріп келеміз. Саяси реформалар қоғамымызға қажет, сондықтан олар міндетті түрде өз жалғасын табады», - дейді Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында. Міне, біздің өңірде де жыл басынан бері 4-5 қайтара ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткізілді. Соңғы сайлауда да аудан тұрғындары ұйымшылдық көрсетіп, бұған дейін өткізілген ауылдық округтерде округ әкімдерін таңдауға белсенділік танытты, - дейді Ақан Қабидоллаұлы.
Оның айтуынша, бүгінгі күні төрт ауылдық окртутер бойынша әкім лауазымына барлығы 12 кандидат тіркеліп отыр. Оның біреуі саяси партиядан ұсынылса, 11-і өзін-өзі ұсынған. Әйел саны 5-еу. Мәселен, Шал ақын ауданы Городецк ауылдық округі бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылса, олардың барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Бұл округ бойынша кандидат болып, Жандос Мұхаметжанұлы Дүйсембин, Гүлсара Қадыржанқызы Қалижанова, Жанна Балғабекқызы Қанафина тіркелді.
Ал Новопокров ауылдық округі бойынша ұсынылған үш кандидаттың екеуі өзін-өзі ұсынған. Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алып, сайлау бюллетеніне енгізілді. Олар Татьяна Федоровна Житькова, Серік Қамижанұлы Қоқашев мен Руслан Белденұлы Сәдуақасов. «Приишим ауылдық округі бойынша алғашында 4 кандидат ұсынылған болатын. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келмеуіне байланысты бір кандидат тіркеуден бас тартылды. Тіркелгені үш кандидат, барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Олардың қатарында Ашамаев Талғат Жоламанұлы, Ахметов Марат Рақымұлы мен Касенова Гүлбаршын Нұрланқызы бар. Юбилейный ауылдық округіне келетін болсақ, мұнда да ұсынылған кандидат саны үшеу. Олардың барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Қазір олардың есімдері белгілі. Олар Әбілмәжінов Әнуарбек Нұрланұлы, Құбайысов Ғани Молдағалиұлы мен Сыздықова Тоты Әшімқызы», - дейді комиссия төрағасы.
Бүгінгі күні барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алып, сайлау бюллетеніне енгізілді. Төрт округтен сайлауға түсіп отырған кандидаттардың 5-і әйел.
- Қазіргі таңда ауылдық округі әкіміне үміткерлер сайлау заңы тәртібімен екі жолмен ұсынылады. Біріншісі саяси партиялар арқылы. Бұл ретте саяси партия бір сайлау округінен бір ғана үміткерді ұсынуға құқылы. Екіншісі дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының кемінде 1 пайызы қолдауымен өзін-өзі ұсыну жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте сайлауға кандидаттар тіркелмеген не ұсыну мерзімі аяқталған күнге бір кандидат ұсынылған жағдайда жоғары тұрған әкім тиісінше екі не бір кандидат ұсынуға құқылы. Талаптарға сәйкес, әкімдерді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы жалпыға бірдей, тең, тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Өкім лауазымына мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін және 25 жастан кем емес Қазақстан азаматы сайлана алады. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айырылған азаматтардың сайлануға құқығы жоқ. Сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген, алынбаған соттылығы бар немесе заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс пен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауда кінәсі бар адам әкімге кандидат бола алмайды. Тағы бір айта кететін мәселе сайлауға қатысу үшін өзін-өзі ұсынған кандидаттар өз қаражаттарынан жергілікті атқарушы құрылымның шотына 350 мың теңге мөлшерінде жарна аударуы қажет. Бұл қаражат кандидат сайлауда жеңіске жетіп, аудан әкімі болып сайланған жағдайда немесе сайлаушылардың 5 пайыздан астам дауысын жинаса қайтарылады, - дейдіАудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ақан Торсанов.