16 кандидаттың 3-і әйел

Oinet.kz 26-06-2024 74

Елімізде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау шаралары жалғасуда. 4 тамызға еліміздің төрт-бес өңірінде сайлау қойылған. Соның бірі – Солтүстік Қазақстан облысы. Соның ішінде Тайынша ауданында әкімдердің өкілеттіктерінің аяқталуына және өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты аудандық маңызы бар қалалар және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын өткізу жоспарланған. Бұл аудандарда бір-бірден ауылдық округтерінде сайлау белгіленген. 

Screenshot_79.jpg

Солтүстік Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереевтің айтуынша, Тайынша ауданының Драгомиров, Келлер, Тихоокеан, Чкалов және Яснополян ауылдық округтерінде әкім сайлауы өткізіледі. Қазіргі таңда бұл округте кандидаттардың есімдері белгілі болды. «Атап айтсақ, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-5 бабына сәйкес Тайынша аудандық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 12 шілде Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Драгомиров ауылдық округі әкімдігіне кандидат ретінде 4 кандидат ұсынылса, оның өзін-өзі ұсыну бойынша тіркелгені 3 кандидат. Бірақ құжаттарының сайлау талабына сәйкес келмеуіне байланысты 1 кандидат есептен шығарылды. Сөйтіп, бұл ауылдық округтің әкіміне кандидат ретінде Жилинский Дмитрий Александрович, Масығұтов Ақылбай Қабдырұлы мен Шерстюк Александр Михайлович тіркелді. 

Ал Келлер ауылдық округі бойынша барлығы 5 кандидат ұсынылса, барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Мұнда да бір кандидат сайлау жарнасын төлемегендіктен шеттетілді. Сонымен қалған 4 кандидат, есімдерін атап айтсақ, Жұмабаев Ержан Төлегенұлы, Ілиясов Досымжан Сұлтанбекұлы, Мирзахмедова Роза Жолдаспайқызы мен Хамитов Ержан Құрманұлы кандидат болып тіркеліп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Тихоокеан ауылдық округі бойынша да бастапқыда 4 кандидат ұсынылса, оның құжаттарының сәйкес келмеуіне байланысты алып тасталды. Қалған 3 кандидаттың екуі өзін-өзі ұсынғандар. Олар Бәкіров Ерлан Михашұлы, Жанпейсова Меруерт Қайдарқызы мен Сәрсембаев Бекболат Әкімбайұлы. 

Чкалов ауылдық округі бойынша тіркелген кандидат саны 3-еу. Барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Олар Баймағамбетов Марат Шаймұратұлы,

Жакенова Айнагүл Сағатқызы және Қалиақпаров Азамат Қайыртайұлы.

Яснополян ауылдық округі бойынша 3 кандидат. Ол тізімге Дегтярев Сергей Васильевич, Лукавский Александр Иосифович пен Темірбаев Ермұқан Нұрмұқанұлы еніп отыр. Екеуі өзін-өзі ұсынған. 

Бүгінгі күні барлық тіркелген кандидаттар куәлік алып, сайлау бюллетеніне енгізілді. 5 ауылдық округтің әкімі болуға барлығы 16 кандидат тіркелсе, оның 3-і әйле азамат. Олар өз ауылдық округтері бойынша үгіт-насихаттарын жүргізуде», - дейді комиссия төрағасы. 

Жалпы, кейінгі уақытта Президент тапсырмасына байланысты сайлау жүйесіне көптеген жаңашылдық енгізілді. Әлбетте, кез келген саяси жаңғырудың басты мақсаты азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру екені тү¬сінікті. Бұл бағытта атқарылған жұмыс аз емес. Мәселен, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аясында төрт саяси реформалар пакеті қабылданды. Сайлау жүйесіне, саяси партияларға қатысты бірнеше заң¬намаға өзгертулер енгізілді. Консти¬ту¬цияның 33-бап, 56-тармағы жаңар¬ды. Халық референдумды қолдады. 

- Мемлекет басшысының тапсырмасымен Конституциямыздың аясында жер¬гілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. Осының аясында елімізде ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүзеге асырылып жатыр. Қазірдің өзінде мыңнан астам ауылдың басшылары халықтың тікелей сайлауымен лауазым иеленді. Конституциядағы маңызды өзге¬рістің тағы бірі мәслихаттың құзіретіне байланысты. Егер сайланған әкімді халық жарамсыз деп санаса, онда оған мәслихат арқылы сенімсіздік біл¬діреді. Мәс¬лихаттың құрамы да бұ-рынғыдай партия тізімімен емес, ауыл, аудан, қала дең¬гейінде толықтай мажоритарлық сайлау жүйесі арқылы жүзеге асады. Яғни бір мандатты округ арқылы кез келген азамат өзінің конституциялық құқығын қорғай отырып, депутат атануға мүмкіндік алды. Бұл – жергілікті белсенділерге, туған жерінің дамуына үлесімді қосамын деген азаматтарға жол ашады. Бұл – тікелей сайлаудың артықшылықтары. Әкім мен халық арасындағы байланыстың нығаюына, жауапкершіліктің артуына және жұмыстың тиімділігіне тікелей әсер етеді. Ауыл әкімдерін сайлау 2021 жылдан бері жүргізіліп келеді. Оның нәтижесін өткен сайлаулардан көріп отырмыз, - дейді комиссиясы төрағасы Асқар Сақыпкереев. 

Ғ.Мүсірепов ауданында екі округ бойынша 5 әйел сайлауға түсуде
Сайлау талапқа сай өткізіледі деген сенім берік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу