Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атында бірнеше ауданда ауылдық округтің әкімдерін сайлау өткізілді. Ауданда сайлау процесі әлі де өз жалғасын тауып отыр. Атап айтсақ, 4 тамызған ауданның Возвышен және Новоселов ауылдық округтерінің әкімін сайлауы белгіленген.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Данияр Шайкеновтың айтуынша, аталған ауылдық округтер әкіміне 6 кандидат тіркелген. Оның 5-і әйел.
- Жалпы орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойыша, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдар әкімі сайлауын әзірлеу мен өткізу жөнінде негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбе жоспары бекітілген. Жалпы елімізде барлығы 2346 әкім бар. Жаңа нормалар енгізілгеннен кейін олардың бәрі бұрын ұсынылған қолданыстағы өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін тікелей дауыс беру арқылы сайланатын болды. Мемлекет басшысы тапсырмасымен алғашқы жылдың өзінде сегіз жүзге жуық ауылдық округ әкімі қайта сайланды. Одан кейінгі жылдар да бұл наухан өз жалғасын тауып, сайлау ауыл әкімдердің өкілеттілігінің аяқталуына немесе мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты өткізіліп келеді. Жыл басынан бері ауданда үш сайлау өткізіліп, әкімдер халықтың тікелей сайлауы арқылы сайланып жатыр. Ендігі сайлауда екі округ әкімін сайланып, қызметіне кірісетін болады, бүгінгі күні ол кандидаттардың есімдері белгілі. Бір атап өтерлігі екі округ бойынша тіркелген 6 кандидаттың 5-і әйел. Мұндай жағдай ауданымызда бірінші рет тіркеліп отыр. Бұл әрине қуанарлық жағдай. Әйел адамдарының билікке араласуы, әкім болуға, ел басқарып, қоғам жұмысына үлес қосуға деген үлес арта түскені жақсылықтың нышаны, - дейді Данияр Шайкенов.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 11 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Возвышен және Новоселов ауылдық округтерінің әкімдеріне келесі кандидаттарды тіркеді. Возвышен ауылдық округтері бойынша тіркелген кандидаттың бірі Новоселов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Надежда Константинова Құрманбаева. Екіншісі аудан әкімдігі экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Мария Вячеславовна Мазур болса, үшінші кандидат Көкалажер ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Елена Александровна Сандерс.
Ал Новоселов ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде тіркелген үш кандидаттың бірі аудан әкімі аппаратының жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы Әсемгүл Ереженқызы Елікпаева. Екіншісі Червонный ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Евгения Владимировна Офицерова. Үшінші үміткер Новоселов ауылдық округінің әкімі Сергей Всмильевич Спасибушкин.
ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
- Ауданымызда бұған дейін де бірнеше сайлау ұйымдастырылып, ұйымшылдықпен өткізілген. Соңғысы мамырда өткен болатын. Ондағы сайлау барысында бірқатар ауылдық округтің әкімдері өз орындарын сақтап қалса, қалғандарына жаңа әкімдер қызметке кірісті. Ендігі кезекте алдымызда тұрған 2 ауылдық округі әкімін сайлауын абыроймен өткізу. Бұл ауданда да дайындық жұмыстары басталып, сайлау учаскелері ашылып, жұмыс істеуде. 4 тамызға белгіленген сайлау да жоғарыда өткен сайлаулар сияқты өз дәрежесінде өтеді деген ойдамын, - дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Данияр Шайкенов.