Есіл ауданында 9 кандидат бақ сынауда

Oinet.kz 25-06-2024 72

Есіл ауданында бұл алғашқы өткізілгелі отырған ауылдық округі әкімінің сайлауы емес. Бұған дейін де ондаған сайлау ұйымшылдықпен өткізілген. Соңғы сайлауды 16 маусымда 3 сайлау округінде өткізсе, ендігі кезекте тағы да 3 ауылдық округте, атап айтқанда, Амангелді, Заречный және Явленка ауылдық округтерінде өткізгелі отыр. 

Screenshot_76.jpg

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Максим Деревяганың айтуынша, бүгінгі күні тіркелген кандидаттардың саны 9. Оның 3-і әйел. Amanat партиясы әрбір ауылдық округтен бір-бірден өз үміткерлерін ұсынса, 6 кандидат өзін-өзі ұсынғандар.  

- Президентіміз айтқандай, сайлауға әрбір ел азаматының қатысуына құқы бар. Сонымен бірге мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға да еркі бар. Бүгінгі күні 4 тамызға белгіленген ауылдық округтер бойынша кандидаттар тіркеліп болды. Амангелді, Заречный және Явленка ауылдық округтерінің әкімі болуға ұсынылған кандидаттар туралы қорытынды ақпарат 12 шілде күні жарияланды. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-5 бабына сәйкес аудандық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 12 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Амангелді ауылдық округі әкіміне кандидаттар тіркелгенін хабарлады. Үш кандидаттың бірі – Бақыт Серкешұлы Исмағұлов. 1964 жылы туған ол аталған округтің әкімі. Оның кандидатурасын аудандық «Amanat» партиясының филиалы қолдап отыр. Екінші кандидат - 1992 жылы туған, Есіл ауданы әкімдігі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Асқар Абайұлы Байтоков. Үшінші кандидаттың есімі – Виктория Владимировна Кутейникова. 1986 жылы туған ол Есіл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы. Соңғы екеуі өзін-өзі ұсынғандар, - дейді ол. 

Заречный ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидат, Amanat партиясы ұсынған осы округтің бас маманы Арман Азаматұлы Әбілғазин. Жасы 27-де. Өзін-өзі ұсынған кандидаттардың бірі – Олег Александрович Краснощёк. 40 жастағы ол Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маман. Екіншісі - Дина Оспанқызы Шалабаева. 39 жастағы ол Есіл ауданы әкімдігінің Алматы аауылдық округі әкімінің аппаратының бас маман. 

Ал Явленка ауылдық округі әкіміне саяси партиядан ұсынылған кандидат Нұркен Жалғасбайұлы Сисенбаев. 1989 жылы туған ол Есіл аудандық мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы. Өзін-өзі ұсынған кандидаттар, Тұяқов Данияр Алтайұлы, 1989 жылы туған, Заградовка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман, ал Наталья Николаевна Никитина, 1978 жылы туған, Покровка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман. 

- Көріп отырғандарыңыздай үш ауылдық округі бойынша сайлауға түсетін кандидаттардың есімдері белгілі. Олар қазіргі таңда халықпен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Реті келіп тұрғанда өткен сайлаудың да қорытындысымен таныстыра кеткенді жөн көріп отырмын. 16 маусымда Есіл ауданының 3 ауылдық округінде әкімдерінің сайлауы өтті. Мәселен, Жаныспай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша айтар болсам, сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 493 азаматтың 290-ы дауыс берді. Мұнда үш кандидаттың ішінен басым дауысқа 47 жастағы Текеман Сағдат Мұратұлы ие болып Жаныспай ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Оған дейін ол Екідін ауылы әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарған еді. сөйтіп сайлауға бұл округтен зін-өзі ұсыну азамат жеңіске жетті. 

Орловка ауылы әкімінің сайлауында сайлаушыларының 137 дауысын жинаған 53 жастағы Марат Елемесұлы Еңсебаев округ әкімі болып сайланды. Өзін-өзі ұсынған ол бұған дейін Есіл ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы болатын. Ал Свободный ауылдық округі әкімінің сайлауында 492 дауыс жинаған 61 жастағы аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Мәжитұлы Саматов сайланды. Оның кандидатурасын Amanat партиясы ұсынған болатын. Осы өткен сайлау сияқты 4 тамызға тағайындалған сайлау да жоғары деңгейде өтіп, лайықты азаматтар сайланады деген сенімдемін, - дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Максим Деревяга. 

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы сайлауға дайындықты бастады
Кандидаттарға сайлау талабы толық түсіндірілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу