Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы сайлауға дайындықты бастады

Oinet.kz 25-06-2024 81

Солтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес 2024 жылғы 4 тамызға Айыртау, Есіл, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев, Қызылжар, Мамлют, Ғабит Мүсірепов атындағы, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов және Шал ақын аудандарында әкімдердің өкілеттіктерінің аяқталуына және өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты аудандық маңызы бар қалалар және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын өткізу белгіленді.

Screenshot_75.jpg

Әкімдердің сайлауы облыстың 2 аудандық маңызы бар қаласы мен 24 ауылдық округінде өтеді. Қазіргі таңда қала мен аудандарда кандидаттар тізімі нақтыланып, үгіт-насихат жұмыстары басталып кетті. Соның ішінде Айыртау ауданы да бар. Айыртау ауданы бойынша ауылдық округтері әкімдеріне «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес Айыртау ауданының сайлау комиссиясы 2024 жылғы 11 шілдеде келесі кандидаттарды тіркеген болатын. 

Атап айтсақ, Константиновка ауылдық округі бойынша тіркелген кандидат саны үшеу. Екеуі өзін-өзі ұсынса, біреуі саяси партиядан ұсынылған. Өзін-өзі ұсынған кандидаттың бірі – Медетбек Жұмабекұлы Бекенов. 1983 жылы туған ол Қазанка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Екінші кандидаттың есімі Ақан Алтайұлы Сексенбаев. 1976 жылы туған ол «Айыртау ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы. Ал Amanat партиясынан ұсынылған кандидат Антоновка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Орлов Сергей Валентинович. 

Лобанов ауылдық округі бойынша да үш кандидат тіркелді. Барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Соның бірі – 1991 жылы туған, Айыртау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы Еркен Жаңабайұлы Әбілдин. Екінші кандидат – 1992 жылы туған, Антонов ауылдық округі әкімі аппаратының ауылдық аумақтарды дамыту және жастармен жұмыс жөніндегі бас маман-салық агенті Айдос Айтқожұлы Ақжолов. Үшінші үміткердің есімі Саят Біржанұлы Қошқарбаев. 1980 жылы туған ол уақытша жұмыссыз.  

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы төрағасы Рүстем Дәулетовтың айтуынша, Константиновка мен Лобанов ауылдық округтерінің әкімін тіркеу аяқталды. «Бүгінгі таңда 4 тамызға тағайындалған Константиновка мен Лобанов ауылдық округтерінің әкімі болуға 6 кандидат тіркелді. Оның 5-і өзін-өзі ұсынса, 1-еуі саяси партия тарапынан ұсынылған. Қазіргі күні кандидаттар тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізуде. Үміткерлердің барлығы да жоғары білімді. Сайлауға түсетін кандидаттар белгілі. Ендігі кезекте біз учаскелік сайлау комисиясымен жұмыс істеп, комиссия мүшелерін оқытып, біліктіліктерін шыңдаудамыз. Өйткені сайлауды алдыңғы сайлаулар сияқты жауапкершілікпен өткізі күн тәртібінен түскен жоқ. Учаскелік сайлау комиссиясы мүшелеріне сайлаушыларды тіркеу, азаматтардың жауапкершілігі, сайлаушылардың тізімі, дауыс беру тәртібі бәрі-бәрі оқыту-семинары барысында айтылып, түсіндірілуде, - дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Рүстем Дәулетов.

Дауыс беру тәртібі оқу-семинар барысында айтылып, түсіндірілді
Есіл ауданында 9 кандидат бақ сынауда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу