Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Алматы облысының Кеген ауданы Саты ауылдық округіне қойылған сайлау 28 шілде күні өткізіледі. Бүгінгі таңда Саты ауылдық округі әкіміне үмітті кандидаттардың есімдері белгілі. Кеген аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мұса Кенжебаевтың айтуынша, округ бойынша 3 кандидат тіркелген. Екі кандидат өзін-өзі ұсынса, бірін Amanat партиясы ұсынып отыр. Үміткерлердің екеуі округтің азаматы.
- Өздеріңіз жақсы білесіздер. Елімізде үш жылдан бері аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауы өткізіліп келеді. Биыл біздің ауданымызда бұл екінші өткізілгелі отырған ауылдық округ әкімінің сайлауы. Бұған дейін наурыз айында Жалағаш ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізген болатынбыз. Енді 28 шілдеге қойылған Саты ауылдық округі әкімін де халық әділ сайлау өткізіп, таңдап алады деген сенімдеміз. Жалпы еліміздің басты құндылығы адам және оның өмірі, азаматтардың өзін қауіпсіз сезінуі десек, сайлаудың маңыздылығы тіпті арта түседі. Өйткені сайлау таңдау жасаудан бұрын, азаматтық құқықтық қатынасты жүзеге асыратын мүмкіндік. Саясатқа араласу, партия құрып, көшеге шығу деген сөз емес. Дауыс беру арқылы да саясатқа араласуға болады. Міндетті түрде саяси сауатты болудың қажеті жоқ. Өзінің тұрмысын, өмір сүру сапасын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін, отбасының болашағын ойлаған адам міндетті түрде сайлауға қатысып, дауыс береді және саясатты түсінеді. Өкінішке қарай, азаматтар мен сайлаушылар арасында еліміздегі сайлау жүйесіне деген сенімсіздіктің қалыптасқаны рас. Осы жағдайды есепке ала отырып, жауапкершілікті сезініп, біз сайлауды таза, адал, әділ өткізуге тырысуымыз керек. Ел азаматтарының сенімін туғызғымыз келсе, алғашқы қадамды бастау керек. Өйткені қазіргі сенімсіздік келешекте Тәуелсіздігімізге, мемлекеттілігімізге үлкен зиян әкелуі мүмкін. Екінші мәселе, ең бірінші мұндай мәселені жастар айтуы керек. Адамдар өз құқығын қорғауға бет бұрған сайын мемлекет дами береді, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы да жақсарады. Сайлауға ешкімді қинап апара алмайсың, ол – әр адамның таңдауы. Бірақ көзі ашық кез келген азамат сайлаудан тыс қалмайды деп ойлаймын, - дейді комиссия төрағасы Мұса Кенжебаев.
- Жалпы ауданда учаскелік сайлау комиссиясының біліктілігін арттырып отыру аумақтық сайлау комиссиясының негізгі жұмыстарының бірі. Мәселен, Жалағаш ауылдық округі әкімінің сайлауы қарсаңында аудан көлемінде аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастырумен онлайн түрде ZOOM платформасы арқылы әкім сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі сайлау комиссиясының жұмысы туралы оқу-семинары өткізген болатын. Оқу барысында сайлау учаскелерінде сайлаушылардың тізімін заң талаптарына сәйкес жасақтау туралы біршама ақпараттар беріліп, учаскелік сайлау комиссиялары тарапынан туындаған сұрақтарға жауаптар берілді. Соның арқасында мұндағы сайлауда заң бұзушылықтар орын алған жоқ. Барлығы да талапқа сай өткізіліп, кандидат басым дауысқа ие болып, қызметіне кірісті. Ал Саты ауылдық округі әкімі сайлауы қарсаңында, 12 шілде күні округтің сайлау учаскесінде де оқу-семинары ұйымдастырылды. Жалпы оқу-семинарда округтік сайлау комиссияларының заң талаптары деңгейінде жұмыс атқаруына қажетті инфрақұрылымдық мәселелерді шешу және «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конститутциялық заңның талаптары бойынша кандидаттарды тіркеу қаралды. Оның ішінде партиялық тізімдер бойынша күнтізбелік жоспарлардың орындалуы, қаржылық қамтамасыз етілуі, сайлаушылар тізімдерінің жасақталуы, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беру мүмкіндіктерінің қамтамасыз етілуі мен сайлау өткізу барысындағы маңызды мәселелер көтерілген-ді. Күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мұса Кенжебаев пен сайлау комиссиясының барлық мүшелері өздерінің жұмыс бағыттарына сай міндеттері бойынша баяндамалар жасап, қатысушылардың сұрақтарына толыққанды жауаптар берді. Бұл оқу-семинарының да алдағы сайлау күні алдыңғы сайлаудағыдай өз септігі тиері анық.
- 28 шілдеге тағайындалған Кеген ауданының Саты ауылдық округінің әкімі болуға тіркелген кандидаттар бүгінгі күні округ тұрғындары арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізуде. Тағы бір рет ауылдық округ әкіміне үміткер ретінде тіркелген кандидаттарды таныстырып өтсем артықтық етпес. Округ әкіміне үміткер ретінде тіркелген кандидаттың бірі –Мұхит Нурахынұлы Абдикалыков. 1986 жылы туған ол Кеген ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық техналогиялар бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді. Екінші кандидат – 1990 жылы туған, Кеген ауданының Кеген ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұрым Қайырғалиұлы Сағымжан. Оның кандидатурасын Amanat париясы ұсынуда. Ал үшінші кандидат –Айболат Бекбергенұлы Сауытканов Кеген ауданының Бөлексаз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-салық инспекторы. Кандидаттар белгілі. Ендігі кезекте біз учаскелік сайлау комисиясымен жұмыс істеп, комиссия мүшелерін оқытып, біліктіліктерін шыңдаудамыз. Өйткені сайлауды алдыңғы сайлаулар сияқты жауапкершілікпен өткізі күн тәртібінен түскен жоқ. Учаскелік сайлау комиссиясы мүшелеріне сайлаушыларды тіркеу, азаматтардың жауапкершілігі, сайлаушылардың тізімі, дауыс беру тәртібі бәрі-бәрі оқыту-семинары барысында айтылып, түсіндірілуде, - дейді Кеген аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мұса Кенжебаев.