Бөлек және Ташкенсаз ауылдық округі әкіміне үміткерлер анықталды

Oinet.kz 24-06-2024 76

Елімізде аудан, қала мен ауылдық округ әкімдерін сайлауы жер-жерде өткізілуде. Осындай сайлауды 28 шілде күні Алматы облысының Еңбекшіқазақ және Кеген аудандарындағы Бөлек және Ташкенсаз бен Саты ауылдық округтерінде өткізу жоспарланған. Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Әмірденовтың айтуынша, ауданда жыл басынан бері 4 ауылдық округте әкім сайлауы өткізілген. Ендігі кезекте Бөлек пен Ташкенсаз ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауын өткізу жоспарланып отыр. 

Screenshot_71.jpg

- Еліміздің Ата Заңы – Конституцияға сәйкес сайлауға әрбір ел азаматының қатысуына құқы бар. Сонымен бірге мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға да еркі бар. Бүгінгі күні 28 шілдеге белгіленген сайлауға кандидаттарды тіркеу шарасы аяқталды. Еңбекшіқазақ ауданы Бөлек және Ташкенсаз ауылдық округтерінің әкімі болуға ұсынылған кандидаттар туралы қорытынды ақпарат 2 шілде күні жарияланды. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2024 жылғы 19 маусымда Еңбекшіқазақ ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 28 шілдеге Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бөлек, Ташкенсаз ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындады.

Сайлау тағайындау, сайлау округін құру туралы қаулылар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны және құрамы, учаскелік сайлау комиссиясының құрамы және шекарасы, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған және аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінде жарияланды, - дейді комиссия төрағасы. 

Бүгінгі таңда Еңбекші ауданында бір аумақтық және 6 учаскелік сайлау комиссиясы, 47 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істеуде. Ал Бөлек ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5419, Ташкенсаз ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2915 сайлаушы енгізілген. Екі ауылдық округтің әкімі болу үшін ұсынылған кандидаттардың саны 6-у.  Бөлек ауылдық округі әкіміне 3 кандидат ұсынылды. Оның барлығы да өзін-өзі ұсынғандар. Ташкенсаз ауылдық округі әкіміне де ұсынылған кандидат саны 3-еу, оның бірі өзін-өзі ұсынса, екіншісін Amanat партиясы, үшінші үміткерді «Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған. 

- Кандидаттардың есімдері белгілі. Олар қазір халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Бөлек ауылдық округі бойынша ұсынылған кандидаттың бірі – Еламан Елубай Рауанұлы. Ол Текістік ауылдық округі әкімінің орынбасары. Екінші кандидат, «Айбол» шаруа қожалығының жетекшісі Айбол Шампитұлы Қайнарбаев, үшінші кандидаттың есімі Дулат Сарсенбекұлы Қасымшалов. Ол Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы болып жұмыс істейдін. Ал Ташкенсаз ауылдық округі бойынша тіркелген кандидаттардың бірі, «Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған Самат Дауытбайұлы Буянбаев. Ол Еңбекшіқазақ ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы. Екінші кандидат, Amanat партиясы ұсынған Х.Абдуллин атындағы орта мектептің құқықтық тәрбие жөніндегі менеджері Адылжан Алимұлы Надыров. Өзін-өзі ұсынған Бартоғай ауылдық округі әкімінің орынбасары Эльдар Ризаевич Якубов. Барлық кандидаттардың құжаттары сайлау талаптарына сай болғандықтан сайлауға жіберіліп отыр. «Бақ шаба ма, бап шаба ма» демекші, қос ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидаттар сайлаушылармен кездесіп, өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде, - дейді Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Әмірденов.

Халық өз таңдауын жасады
Дауыс беру тәртібі оқу-семинар барысында айтылып, түсіндірілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу