Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Теректі ауданының Ақсуат ауылдық округінде өткен ауыл әкімін сайлау науқанында ауыл тұрғындары ұйымшылдық көрсетті. 7 шілде күні аталған округтегі №352 сайлау учаскесіне отбасымен келіп дауыс берген жанұялар көп болды. Сондай жанұялардың бірқатары Раис пен Салтанат Аяғановтар, Өскелең мен Гүлбану Ахмадиевтер, Ғұбайдолла мен Күнсұлу Күзенбаевтар ауыл болашағын ойлап, отбасымен келіп дауыс бергендерін мақтанышпен айтты.
«Біздер дауыс беруде аянып қалмаймыз. Себебі, белсенді азаматтық позиция осындайдан туындайды. Кезектен тыс әкім сайлауына жұбайыммен бірге келдім. Біз үшін ауылдың ертеңі маңызды, округті білікті әкімнің басқаруы маңызды», - деді сайлау учаскіге немересімен келген Раис Аяғанов.
Сайлау күні Ақсуат ауылдық округінде 4 учаскелік сайлау учаскесі жұмыс істеді. Мұндағы сайлаушылар тізіміне 1806 тұрғын енгізілген.
- Сайлау қарсаңында біз Теректі ауданының Ақсуат ауылдық округінде учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің басын қосып, округ әкімінің сайлауына дайындықты пысықтауға бағытталған қорытынды практикалық семинар ұйымдастырдық. Семинарға Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Арсен Бисенғалиев және хатшысы Дамир Меңдібаев қатысты. Онда тәжірибе алмасу бағытында Долин ауылдық округіне қарасты №377 сайлау учаскелерінің мүшелері де қатыстырылды. Оқыту барысында Ақсуат ауылдық округіне қарасты №352, №353, №354 және №381 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қолданыстағы заңнаманы пысықтады. Практикалық семинарда Арсен Бисенғалиев алдағы сайлау науқанының ашық, шынайы, сапалы өтуінің маңыздылығына тоқталып өтті. Сондай-ақ, ол сайлау учаскелерінің жабдықталуы, комиссия мүшелерінің өкілеттіктері мен жауапкершілігі, құжаттар мен хаттамаларды жазу, сайлау күнгі учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс алгоритмі, сайлауды байқауды жүзеге асыратын өкілдермен жұмыс жолдары туралы айтып өтті. Бұдан кейінне №377 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері дауыс беру күнгі таңғы 6:00-ден кешкі 20:00-ге дейінгі іс-әрекеттерді көрсетіп, тәжірибе алмасып, ситуациялық кейстерді бірге талқылады. Соның нәтижесі 7 шілде күні өткен сайлау күні өз жемісін берді, - дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Аман Байғали.
Сайлау қарсаңында Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімінің лауазымына үш кандидат тіркелген болатын. Оның бірін, «Адильханов К.А.» жеке кәсіпкерлігінің басшы Қайрат Алтайұлы Адильханов. Қайрат Алтайұлының кандидатурасын Amanat партиясының Теректі аудандық филиалы ұсынды. Өзін-өзі ұсынғандардың бірі Покатиловка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Меркин Тулешович Кубашев болса, екінші үміткер Ақсоғым ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Саясат Мақсұтұлы Нуменов.
Сонымен Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасы, 44 бабының 4 тармағы 3) тармақшасы және 113-10 баптарына сәйкес, Теректі ауданының Ақсуат ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары жарияланды. Ақсуат сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 1806 сайлаушының 734-і өз таңдауларын жасап дауыс берген. Сайлау қорытындысында Қайрат Алтайұлы Адильханов сайлаушылардың 592, Меркин Тулешович Кубашев 13, ал Саясат Мақсұтұлы Нуменов 26 дауысына ие болған. Мұнда 18 сайлаушы «Бәріне қарсымын» жолын белгілесе, 85 бюллетень жарамсыз болып қалған.
Сайлау қорытындысымен 1978 жылы туған, уақытша жұмыссыз жүрген, Amanat партиясының Теректі аудандық филиалы ұсынған кандидат Қайрат Алтайұлы Адильханов Ақсуат ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
- Көріп отырғандарыңыздай Ақсуат ауылдық округі әкіміне 3 кандидат тіркелген. Оның біреуін Amanat партиясы ұсынған болса, екеуі өзін-өзі ұсынғандар. Барлығы да жоғары білімді. Еліміздің басты құндылығы адам және оның өмірі, азаматтардың өзін қауіпсіз сезінуі десек, сайлаудың маңыздылығы тіпті арта түседі. Өйткені сайлау таңдау жасаудан бұрын, азаматтық құқықтық қатынасты жүзеге асыратын мүмкіндік. Саясатқа араласу, партия құрып, көшеге шығу деген сөз емес. Дауыс беру арқылы да саясатқа араласуға болады. Міндетті түрде саяси сауатты болудың қажеті жоқ. Өзінің тұрмысын, өмір сүру сапасын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін, отбасының болашағын ойлаған адам міндетті түрде сайлауға қатысып, дауыс береді және саясатты түсінеді. Сайлауға ешкімді қинап апара алмайсың, ол – әр адамның таңдауы. Бірақ көзі ашық кез келген азамат сайлаудан тыс қалмайды деп ойлаймын. Халық кешегі өткен сайлауларда өз таңдауларын жасады. Менің бір байқағаным халық «Менің даусым ештеңе шешпейді», «Мен дауыс бергім келген адам тізімде жоқ» деген сенімсіз ойдың жетегінде кететін кезден өтті. Немқұрайлылыққа салынбай, сайлауға қатысып, дауыс бергендер көп болды. Өткен сайлаудан мен соны байқадым, - деді облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Аман Байғали.