Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
7 шілде күні ауылдық округ әкімдерінің сайлауы Қаратөбе ауданының Қаратөбе және Аққозы ауылдық округтерінде болып өтті. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Жүсіпқалидың айтуынша, екі округ бойынша округ әкіміне үміткер ретінде барлығы 6 кандидат тіркелген. Екі үміткердің кандидатурасын Amanat партиясы ұсынса, төрт кандидат өзін-өзі ұсынғандар.
Әуелі Қаратөбе ауылдық округіне тоқталсақ. Мұнда Amanat партиясы ұсынған кандидат Қаратөбе аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Ермек Бекболатұлы Сайнов. Ал өзін-өзі ұсынғандардың бірі «Қаратөбе өңірі» газетінің директор-редакторы Бекжан Турсынгалиұлы Койшекенов болса, екіншісі Қаратөбе ауданы әкімі аппартының төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы Нуржан Хамидуллиевич Сахипов. Ал Аққозы ауылдық округі әкімінің лауазымына ұсынылған кандидаттың бірі Аян Қуанышқалиұлы Еңсепов. 1996 жылы туған ол Қаракөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істейді. Ал өзін-өзі ұсынған келесі үміткер Елдос Ерланұлы Орынғалиев Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Amanat партиясының қолдауына ие болған Асхат Жанибекұлы Тойшыбаев осы округ әкімі аппаратының бас маманы.
- Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Шөптікөл ауылындағы №287 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-де Мемлекетік Әнұранымен ашылды. Ауыл тұрғындары сайлауға таң ертемен келіп өз белсенділіктерін танытты. Сайлау комиссиясының төрағасы Мербол Есендосов сайлауға келіп өз таңдауын жасаған алғашқы сайлаушы Ақмарал Кабуловаға естелік сыйлық табыс етті. Аудан орталығында орналасқан №278 сайлау учаскесіндеде дауыс беру процессі ойдағыдай жүргізілді. Жалпы Қаратөбе ауылының тұрғындары сайлауға белсене қатысып, елдің болашағы, ауылдың тағдыры үшін өз таңдауларын жасауда, - дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Жүсіпқали.
Ауыл тұрғындарының да сайлаудан алған әсері жоғары. «Адамның жастық шағы өткен жері, тұрған жері мәңгі мекені. Менде осы ауылда туып, осы жерде есейіп, ер жетіп, еңбек еттім. Сондықтан, ауылымның тағдыры мені бей-жай қалдырмайды. Сайлау күні таңмен таласа сайлау учаскесіне келіп алғашқылардың бірі болып өз таңдауымды жасадым. Өз басым дұрыс таңдау жасадым деп есептеймін. Болашақ басшымыз халықпен етене араласып, ауылымыздың болашағы үшін аянбай қызмет ететініне сенемін», дейді ауыл ақсақалы Серік Ғалымов.
Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14- бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 113-10- бабына сәйкес, Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысы жарияланды. Атап айтар болсақ, аталған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 3782 азаматтың 2390-ы сайлау учаскелеріне келіп өз таңдауларын жасаған. Бір атап өтерлігі, дауыс санау барысында 131 бюллетеньнің жарамсыз болып қалғаны анықталды, ал 37 азамат өз таңдауында барлығына қарсы дауыс берген. Соған қарамастан сайлауға қатысқан жалпы сайлаушылардың 85 пайыз дауысын жинаған Ермек Бекболатұлы Сайнов Қаратөбе ауылдық округі әкімі болып сайланды. Сөйтіп сайлауда Amanat партиясының Қаратөбе аудандық филиалы ұсынған кандидат басым дауыспен жеңіске жетті.
- Ал көктемде су тасқынынан қатты зардап шеккен Қаратөбе ауданы Аққозы ауылдық округіндегі округ әкімнің сайлауы заң талабына сай өткізілді. Табиғаттың биылғы қатал сынына төтеп берген аққозылықтар жаңа қоныстарының құрылысы сапалы ақталатынына сенімді. Олар бұл мәселеге жаңадан сайланатын азаматта лайықты үлесін қосады деп есептейді. Округ бойынша екі сайлау учаскесі орналасқан. Сайлаушылар саны 436. Қоржын ауылында орналасқан №267 сайлау учаскесінде тұрғылықты халықтың дауыс беруі белсенді болды. Сайлау учаскесіне алғашқы болып дауыс берген ауыл тұрғыны Болатбек Сисенғалиев «сайлау - демократияны жүзеге асырудың ең маңызды құралы, әрбір Қазақстан Республикасының азаматы өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беруге, сайлауға қатысуға сайлануға толық құқығы бар, мен де өзімнің таңдауымды жасадым» дейді. Ертемен белсенділік көрсетіп алғашқы дауыс берген Болатбек Сисенғалиевқа және ауыл ақсақалы Мұрат Майлыбаевқа сайлау комиссиясы естелік сыйлықтар табыстады. Ал №270 Бесоба сайлау учаскесінде де дауыс беру процессі қолданыстағы заңдылыққа сай өтті. Комиссия төрайымы Змарзат Оразбаеваның мәлімдеуінше ауыл тұрғындары сайлауға аса белсенділікпен қатысып, сайлау учаскесінде көтеріңкі көңіл күймен келген. 71 жастағы ауыл тұрғыны Рая Оспан сайлауға келіп дауыс беріп, комиссия мүшелері мен сайлаушыларға аналық батасын беріп, жұмыстарына сәттілік тілеген. Көріп отырғандарыңыздай, Аққозы ауылдық округінен бізге жеткен ақпаратта елдің көңілі көтеріңкі, сенімі берік екенін аңғару қиын емес, - дейді Бақытжан Қайрқұлұлы.
Сонымен 7 шілде күні Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, Аққозы сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 436 сайлаушының 325-і дауыс берген. Дауыс санау барысында Аян Қуанышқалиұлы Еңсепов сайлаушылардың 39, Елдос Ерланұлы Орынғалиев 30 дауысын жинаса, ал Асхат Жанибекұлы Тойшыбаевқа халықтың сенім артатыны көрініп ақ тұр. Яғни, сайлаушылардың басым бөлігі, 77,2 пайызы, дәлірек айтсақ 234 сайлаушы өз дауыстарын Асхат Жанибекұлына берген.
Сөйтіп Аққозы ауылдық округі әкімі болып 1989 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Аққозы ауылы тұрғыны, Amanat партиясының Қаратөбе аудандық филиалы ұсынған Асхат Жанибекұлы Тойшыбаевжеңіске жетіп, қызыметіне кірісіп кетті.