Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясында 7 шілде күні 4 ауданның 7 ауылдық округінде өткен сайлаудың дайындау мен өткізілу барысы талқыланды. ZOOM форматында өткен іс-шараға аудандық аумақтық сайлау комисияларының төрағалары, төрағалардың орынбасарлары және хатшылары қатысты.
Ол жиында Бәйтерек, Бөкей Ордасы, Қаратөбе және Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағалары Радик Ихласов, Бекбол Жұмабекұлы, Бақытжан Жүсіпқали, Арсен Бисенғалиевтер сайлау қорытындысын жария етті.
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламановтың айтуынша, өткен сайлауда төрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен қатар 19 учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс істеді. Осы 7 округтегі сайлауда тізімге енгізілген сайлаушылардың 48,5 пайызы сайлау учаскесіне келіп, таңдауларын жасаған. Дауыс беру күні учаскелерде кандидаттардың сенім білдірген 55 адамы, 4 қоғамдық бірлестіктен 26 байқаушы, 10 бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тіркеліп, саяси дода барысын байқады.
- Сайлау – қазіргі қоғамды де¬мократияландырудың маңызды инс¬ти¬туты, халықтың ерік-жігерін білдіру, оның мемлекеттік басқаруға қатысуының негізгі нысандарының бірі. Көптеген шетелдің тәжірибесі көрсеткендей, тікелей сайлау кезінде жергілікті атқарушы орган¬ның басшысы (әкім) өз сайлаушылары алдында үлкен жауапкершілікті сезінеді, бұл оның жұмысының нәтижесіне оң әсер етеді. Бүгінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкім¬дері мәслихаттың келісімімен облыс әкімі тағайындайтын саяси қызметшілер болып саналады. Жалпы, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің тікелей сайлауын енгізуге 2021 жылы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу ықпал етті. Еске салсақ, Ұлттық экономика ми¬нистр¬лігі Мемлекет басшысының азамат¬тарға аудан әкімдерін қанатқақты режімде сайлауға мүмкіндік беру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін облыс аудандары мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін тікелей сайлауды енгізу бойынша заңнамалық түзетулер әзір¬леген болатын. Бұл нормалар «Қа¬зақ¬стан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Мемлекет бас¬шысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңында және «Қазақстан Республикасының кейбір заң¬намалық актілеріне Мемлекет бас¬шы¬сының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында қарастырылды. Былтыр 5 қарашада облысымыздың үш ауданында аудан әкімдерінің сайлауы үлкен дайындықпен өткізілсе, жыл басынан бері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы жалғасуда. Бүгінге дейін облыста оннан аса ауылдық округте сайлау өткізілді. 7 шілде күні облыстың Бәйтерек ауданы Дариян, Құрманғазы, Рубежин ауылдық округтері әкімдерінің өкілеттігі аяқталуына байланысты және Бөкей ордасы ауданы Темір Масин ауылдық округі, Қаратөбе ауданы Аққозы және Қаратөбе ауылдық округтері, Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімдерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты әкімдер сайлаулары тағайындалып, сәтті өткізілгенінің куәсі болдық, - деп атап өтті Әділ Жоламанов.
Өз кезегінде Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламанов кандидаттардың үгіт жүргізу кезеңінде және дауыс беру күні түскен ұсыныс пен шағымдарына жедел және толыққанды жауап берілгенін атап өтіп, сайлау заңнамасының қатаң сақталуы, сайлаушылардың сенімі басты талап екенін айтты. Отырыста учаскелік сайлау комиссия мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыру, электоралдық кезеңде сайлаушылармен тығыз жұмыс істеу маңыздылығы кеңінен сөз болды. Әсіресе, сайлаушыларға сайлау науқандары туралы жан-жақты ақпарат беруі олардың қызығушылығын жандандырып, жауапкершілігін жетілдіретіні айтылды.
Отырыстың қорытындысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелеріне жаңартылған сайлау жүйесінің ерекшелігін түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.