Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Елімізде биыл үшінші жыл қатарынан аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін жергілікті тұрғындардың өздері тікелей сайлауы жалғасуда. Мемлекет басшысы тапсырмасымен жүзеге асырылып келе жатқан сайлау бүгінде өз нәтижесін беріп отыр. 7 шілде күні Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданының Темір Масин ауылдық округі әкімінің сайлауы талапқа сай өткізілді.
Бөкей ордасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Нұрберген Болатқалиевтің айтуынша, Темір Масин ауылдық округі әкімінің лауазымына үш кандидат тіркелген. Үшеуі де өзін-өзі ұсынғандар. Кандидаттардың бірі әйел. Ол Сайқын ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ләззат Ерболатқызы Анесова. Ал келесі кандидаттардың бірі Мұратсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Мирас Сагингалиұлы Карагойшин болса, үшіншісі Бөкей ордасы аудандық демалыс орталығы мемлекеттік комуналдық қазынашылық кәсіпорынының директоры Қуандық Елтайұлы Рашкалиев.
- Бүгінгі өткізіліп жатқан сайлаулар бұрынғы сайлауларға қарағанда көп өзгеріске ұшыраған. Ең бастысы қазіргі сайлау жүйесінде ашықтық бар. Жалпы Мемлекет басшысының тапсырмасымен сайлау жүйесі жаңаша түрленді. Соңғы өткізілген сайлауларға қарап, халықтың да көзқарасы өзгергені байқау қиын емес. Былтыр ауданда аудан әкімінің сайлауы жоғары дайындықпен өткізілсе, биыл Темір Масин ауылдық округі әкімдігіне тағайындалған сайлау жыл басынан өткізіліп отырған алғашқы сайлау. Бұл ауылдық округте сайлау өткізгенде байқағанымыз, сайлау учаскелеріне келіп, өз дауысын берушілердің қатары арта түскен. Бұл қуанарлық жағдай. Сайлауға түсетін кандидаттар өткен айдың ортасына қарай тіркеліп, кешеге дейін өздерінің үгіт-насихатын жүргізді. Жалпы сайлауға кандидат ретінде 3 үміткер тіркелген еді. Халық дауыс беру арқылы осы орынға лайық үміткерді әділ, әрі ашық жолмен таңдап алды, - дейді Нұрберген Мұхитұлы.
Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14- бабының 9 тармақшасына, 44- бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10- бабына сәйкес, Бөкей ордасы ауданы Темір Масин ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысы жарияланды. Бұл сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 651 азаматтың 397-і сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. Дауыс беру қорытындысында Ләззат Ерболатқызы Анесова сайлаушылардың 33, Мирас Сагингалиұлы Карагойшин 58, ал Қуандық Елтайұлы Рашкалиев 293 дауысын жинаған. Яғни, сайлаушылардың 76,3 пайызы 1971 жылы туған, «Бөкей ордасы аудандық демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық комитетінің директоры Қуандық Елтайұлы Рашкалиев сайланды.
«Бірліктен артық құндылық жоқ. Сырттан біреу келіп ауылымызды көркейтіп бермейді. Туған жерге қызмет етемін деп ниет еткен әрбір ауыл әкімі халыққа жайлы, адал еңбек етуі керек. Біз үшін ауылдың өркендегені керек», - дейді Тереңқұдық ауылының тұрғыны Мерует Иманқұлова.
- Темір Масин ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі жарияланып, жаңа әкім тағайындалып, қызыметіне кірісіп кетті. Жалпы бүгінгі сайлау – қазіргі қоғамды де¬мократияландырудың маңызды инс¬ти-туты, халықтың ерік-жігерін білдіру, оның мемлекеттік басқаруға қатысуының негізгі нысандарының біріне айналды. Көптеген шетелдің тәжірибесі көрсеткендей, тікелей сайлау кезінде жергілікті атқарушы орган¬ның басшысы (әкім) өз сайлаушылары алдында үлкен жауапкершілікті сезінеді, бұл оның жұмысының нәтижесіне оң әсер етеді. Бүгінде аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін жергілікті тұрғындардың өздері тікелей сайлауы халық арасында үлкен серпіліс әкелді. Ең алдымен сайлауға деген халықтың сенімін оятты. Оған аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің тікелей сайлауын енгізуге 2021 жылы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу ықпал етті. Бұл үрдістің жалғасын кешегі ауданда өткен ауылдық округі әкімінің сайлауынан көріп, біліп отырмыз, - дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Нұрберген Болатқалиев.