Степной ауылдық округінің сайлаушылары сайлауға 100 пайыз қатысты

Oinet.kz 21-06-2024 62

7 шілде күні Абай облысының Бородулиха ауданының Степной ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Бородулиха аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сергей Харченконың айтуынша, бұл ауданда өткізіліп отырған төртінші сайлау. 

Screenshot_61.jpg

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы біздің өңірде де 2021 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Осы күнге дейін өкілеттік мерзімі аяқталған онға тарта ауылдық округте әкім сайлауы өткізіліп, халық өз таңдауын жасады. Соның бірі 7 шілдеге белгіленген Степной ауылдық округі әкімін сайлауы ұйымшылдықпен өтті. Жалпы бұл ауылдық округі әкіміне үш кандидат тіркелген еді. Оның біреуін Amanat партиясы ұсынған болса, екеуі өзін-өзі ұсынғандар. Тіркелген кандидаттардың бірі әйел. Ол 1980 жылы туған Жезкент кенті аппаратының бас маманы Зульфия Мамырбаева. Amanat партиясы ұсынған кандидат округтің әкімі, 1984 жылы дүниеге келген Адильбек Халиоллаұлы Жүнисов. Үшінші кандидаттың есімі Асқат Құмарұлы Құрманбаев. Кандидаттардың барлығы да жоғары білімді. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. Бір атап өтерлігі сайлау өткен күні округ тұрғындары 100 пайыз сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Мұндай жағдай ауданымызда бірінші рет тіркеліп отыр. Яғни, осыған қарап халықтың сайлауға деген көзқарасының жақсарғанын аңғару қиын емес, - дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сергей Харченко.

Мұның алдында ауданда 9 маусым күні Дмитриевка ауылдық округінде округ әкімі сайланған болатын. Дмитриевка сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 754 сайлаушы енгізілсе, оның 604-і сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасады. Сайлау қорытындысында халықтың басым дауысына ие болған Кайрат Кенесбекұлы Нурлыбеков округ әкімі болып сайланған болатын.  

- Ауылымызда өткен сайлауға ауыл тұрғындары түгел қатысты. Біздің тілегіміз – елімізде тек жақсылық болсын. Сондықтан да ауыл ардагерлері ұйымдаса келіп, ауыл тұрғындарының сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауға түгел қатысуларын жүрген жерде айтып, үгіттедік. Нәтижесі жаман болған жоқ. Халықтың сайлауға 100 пайыз қатысуы еш жерде болмаған болар. Біз бұл жағынан ұйымшылдық таныттық. Жүз пайыз қатысу арқылы өзіміз таңдаған кандидатқа дауыс беруге болатынына көзіміз жетті. Жалпы округте өткен округ әкімінің сайлауы әділ өтті. Әкім өзінің жақсы жаңалығымен бөлісіп тұрса, сол бақыт бізге. Жаңа әкімнен күтеріміз көп. Бүгінге дейін ауыл тұрғындары көтерген көп мәселе шешімін тапты. Алдағы күндері де шешімін тауып, ел игілігі үшін жаңа әкім жұмыс істейді деген сенімдеміз, - дейді ауыл қариясы Мұса Мұратбек.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының Степной ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі. Атап айтар болсақ, Степной сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген 207 азаматтың барлығы сайлау учаскесіне келіп, өз дауыстарын берді.

- Мемлекет басшысы тапсырмасымен жер-жерде ауыл әкімдерін халық сайлауда. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау – жалпы өзін-өзі басқару жүйесінің ма¬ңызды бөлігінің бірі. Сондықтан ауыл әкімін тікелей сайлаудың нәтижесі өте маңызды. Бұл бір жағынан сайланатын әкімнің жауапкершілігіне байла¬нысты. Екінші жағынан халықпен қа¬рым-қатынастағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының шын мәнінде жүзеге асуына толықтай өз үлесін қосады. Мемлекет басшысының осындай демократиялық қоғам құруға талпынысы анық байқалады. Осы орайда ол демократияның бірден-бір көрінісі сай¬лау екеніне назар аударып отыр. Степной ауылдық округінде өткен әкім сайлауы соның бір дәлелі. Сайлау қорытындысында сайлаушылардың басым дауысына ие болған округтің бұрынғы әкімі Адильбек Халиоллаұлы Жунисов өз орнын сақтап қалды. Сонымен Аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2024 жылғы 09 шілде  шешімімен Бородулиха аудандық Степной ауылдық округі әкімі болып сайланған – Жунисов Адильбек Халиоллаұлы тіркелді, - дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сергей Харченко.

М.Жұмабаев ауданында сайлауалды дайындық күшейтілді
23 кандидат ішінен 7 ауылдық округ әкімі сайланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу