Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Жетісу облысы бойынша аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы жалғасуда. Ендігі кезекте Жетісу облысының Алакөл, Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссияларының 2024 жылғы 4 тамызға тағайындалған әкімдердің сайлауы Алакөл ауданының Арқарлы, Сарқан ауданының Лепсі ауылдық округтерінде өткізу белгіленген.
Алакөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сатай Бекболатовтың айтуынша, жалпы жылынан бері Алакөл ауданында 3 сайлау өткізілген. Шілде айының 21 күніне бір сайлау белгіленсе, одан кейінгі ауылдық округ әкімінің сайлауын өткізу 4 тамызға қойылған.
- Ауыл әкімдерін тікелей сайлау – жалпы өзін-өзі басқару жүйесінің ма¬ңызды бөлігінің бірі. Сондықтан ауыл әкімін тікелей сайлаудың нәтижесі өте маңызды. Бұл бір жағынан сайланатын әкімнің жауапкершілігіне байла¬нысты. Екінші жағынан халықпен қа¬рым-қатынастағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының шын мәнінде жүзеге асуына толықтай өз үлесін қосады. Мемлекет басшысының осындай демократиялық қоғам құруға талпынысы анық байқалады. Осы орайда ол демократияның бірден-бір көрінісі сай¬лау екеніне назар аударып отыр. Биыл сайлау Алакөл ауданында 3 наурызда, 19 мамыр мен 9 маусымда бірнеше ауылдық округтерінде өтті. Мәселен, 9 маусымда өткен сайлау бойынша айтар болсақ, алдымен 19 мамырда Алакөл ауданындағы Ырғайты ауылдық округінде кандидаттар сайлау талаптарына сай тіркелді. Аталған ауылдық округі бойынша айтар болсақ, кандидат ретінде үш үміткер сайлау талаптарына сай құжат өткізген болатын. Соның бірі Жаңғал ауылдық округі әкімі апаратының бас маманы Тілек Қабылбеков. Оның туған жылы 1994. Екінші кандидат аталған округтің бұрынғы әкімі Дауренбек Мукабаев. Үшінші кандидат Алакөл ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Еркебұлан Тұрғанов. Үш кандидат та өз-өздерін ұсынғандар.
Ол сайлауға сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 1475 азаматтың 1075 дауыс берді. Дауыс қорытындысында сайлаушылардың Қабылқанов Тілек Болатұлы 77, Мукабаев Дауренбек Кадирбекұлы 881, ал Тұрғанов Еркебұлан Серікханұлы 85 дауысына ие болды. Сонымен жеңіске өзін-өзі ұсынған, Көктұма ауылының тұрғыны, 1988 жылы туған Дауренбек Мукабаев Ырғайты ауылдық округінің әкімі болып сайланған болатын, - дейді комиссия төрағасы.
Оның айтуынша, 21 шілдеге белгіленген Сапақ ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде үш азамат тіркелді. Олардың үшеуі де өзін-өзі ұсынғандар. Атап айтсақ, өзін-өзі ұсынған кандидаттардың бірі – 1970 жылы туған, Жетісу облысы ауыл шаруашылығы басқармасы, мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы Ерболат Жолдасқанұлы Биекбаев. Екінші кандидаттың есімі Талғат Саятұлы Кобдиков. 1992 жылы дүниеге келген ол Қамысқала ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. Үшінші кандидат 1990 жылы дүниеге келген, Көлбай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Алмас Амантайұлы Кутымбеков.
- Бүгінгі күні 4 тамызға белгіленген Жетісу облысының Алакөл ауданында Арқарлы ауылдық округі әкіміне кандидаттар ұсыну басталды.
Сайлау тағайындау, сайлау округтерін құру туралы қаулылар, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы және сайлау учаскелерінің шекаралары аудан әкімдігінің сайтының «Сайлау» парақшасында орналастырылған және аудандық «Alakol» газетінде жарияланды. Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 1 учаскелік сайлау комиссиялары, 12 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді.
2024 жылдың 27 маусымнан бастап әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі. 5 шілдедегі жағдай бойынша 3 кандидат ұсынылып отыр. Оның бірін «Amanat» партиясы ұсынса, екеуі өзін-өзі ұсынғандар. Жалпы Арқарлы ауылдық округі әкіміне кандидаттар ұсыну 9 шілде күні аяқталатын болады, - дейді Алакөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сатай Бекболатов.