Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Қарағанды облысында 4 тамызға 6 ауданның 7 ауылдық округі әкімдігінде сайлау белгіленген. Соның ішінде Абай мен Ақтоғай аудандары да бар. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сандуғаш Асылбекованың айтуынша, 4 тамыз күні Қарағанды облысының Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Осакаров, Шет аудандық аумақтық сайлау комиссияларының тағайындауымен 7 ауылдық округте сайлау өткізіледі.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында айтқандай, өткен жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жаңа ереже бойынша сайланды. Біздің облыста да аудан әкімдері мен ауылдық округтің әкімдерін халық өздері сайлады. Шын мәнінде үлкен өзгерістің басы болған ауыл және аудандық маңызы бар қала әкімдерін сайлау жалғасып келеді. 2021 жылы басталған бұл науқан облысымызда жүзеге асырылып жатқан саяси реформаларға тың серпін беріп, тұрғындарды ел басқару және шешім қабылдау үдерісіне тартуға жол ашты. Жыл басынан бері облысымыздың аудандарында бірнеше қайтара ауыл әкімдерінің сайлауы ұйымшылдықпен өткізілді. Соның ішінде Абай ауданының Юбилейное ауылы, Ақтоғай ауданының Ортадересін ауылдық округі де бар. Мәселен, жыл басында Абай ауданының Қарабас кентінде өткен сайлауға округтегі сайлаушылардың 64,5 пайызы қатысқан. Яғни, 1605 сайлаушының 1035-і өз таңдауын жасаған. Ал сайлау бюллетеньдеріне 3 кандидат енгізілді. Оның бірін Amanat партиясы ұсынса, екеуі өзін-өзі ұсынғандар. Ол сайлауға 4 бақылаушы, 2 сенімді кандидат қатысты. Amanat партиясы ұсынған Мақсат Болатұлы Тәттімбетовке дауыс беру қорытындысы бойынша 902 сайлаушының дауысына ие болды. Ол халықтың 87,5 пайызын жинаған. Ал оның қарсыластары Ардақ Құдайбергенқызы Оразғалиева сайлаушылардың 60, Мақсат Асқарұлы Аукенов 69 дауысын алған. Сөйтіп, Қарабас кенті әкімі болып, Мақсат Болатұлы Тәттімбетов сайланды. Ал одан кейінгі өткен сайлау Құрама ауылдық округінде ұйымдастырылды. Мұнда сайлаушылардың келуі 66,5 пайызды құрады. Сайлау бюллетеньдеріне 3 кандидат енгізілді, оның бірін Amanat партиясы ұсынса, екеуі өзін-өзі ұсынғандар. Дауыс беру қорытындысында Орынбай Жамелұлы Ахметов сайлаушылардың 487, Дина Валерьевна Джантелова 36, ал Нефедова Наталья Владимировна 75 дауысына ие болды. Мұнда округ әкімі болып Ахметов Орынбай Жамелұлы сайланды. Біз қос ауылдық округте де сайлау процесінің әділ өткенінің куәсі болдық, - дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сандуғаш Асылбекова.
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау мұнымен де тоқтап қалған жоқ. Ақтоғай ауданның екі бірдей ауылдық округінде 9 маусым күні тағы бір сайлау өткен болатын. «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес 09.06.2024 жылға тағайындалған ауылдық округтерінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу сайлау талаптарына сәйкес жүргізілді. Нәтижесінде Ақтоғай ауданының Абай және Сарытерек ауылдық округтері бойынша 6 кандидат тіркелген болатын. Атап айтсақ, Абай ауылдық округі бойынша тіркелген кандидаттың бірі – Сарытерек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Игибеков Нұртілек Ерменбетұлы, ол өзін-өзі ұсынды. Екінші кандидат – «Алаш Агро» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы Майлыбаев Ердос Рахметоллаұлы. Оны сайлау додасына «Amanat» партиясы қосты. Үшінші кандидат – Ақтоғай ауданы әкімінің аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Смағұлов Нұрбол Нұрмбекұлы. Ол өзін-өзі ұсынған болатын.
Ал Сарытерек ауылдық округі бойынша тіркелген Алибаев Алтай Баймағанбетұлы Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді. Омарбеков Данияр Төлегенұлы болса Ақтоғай ауданы әкімінің аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау бөлімінің басшысы. Бұл екеуі өз-өздерін ұсынғандар. Ал Серкебаев Қанат Рахметоллаұлын «Amanat» партиясы ұсынған. Ол бұған дейін осы округтің әкімі болған. 9 маусымда өткен Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Абай мен Сарытерек ауылдық округтері әкімінің сайлау қорытындысына тоқталар болсақ, Абай ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 131 азамат енгізілсе, оның 128-і өз таңдауын жасаған. Сайлауға мұнда бар болғаны 3 сайлаушы ғана қатыспаған. Кандидаттардың жалпы саны 3-еу. Сайлау қорытындысы бойынша, дауыс төмендегідей бөлінді. Таратып айтар болсақ, Нұртілек Ерменбетұлы сайлаушылардың 7 дауысына, Ердос Рахметоллаұлы 106 дауысына, Нұрбол Нұрмбекұлы 13 дауысына ие болды. Дауыс қорытынысымен «Алаш Агро» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы, «Amanat» партиясының ұсынған кандидаты Майлыбаев Ердос Рахметоллаұлы Абай ауылдық округі әкімі болып сайланды. Сарытерек ауылдық округі сайлаушылар тізіміне енген 402 азаматтың 363-і сайлауға қатысып дауыс берген. Сайлау қорытындыларымен Ақтоғай ауданы Сарытерек ауылдық округі әкімі болып 1973 жылы дүниеге келген, округтің бұрынғы әкімі Серкебаев Қанат Рахметоллаұлы өз орнын сайлап қалды. мұндағы сайлаулар да әділ өтті», - дейді комиссия төрағасының орынбасары.
- Жыл басынан бері қос ауданда жоғарыда айтқанымыздай әрбір ауылдық округте өткен сайлау сәтті өткізіліп, сайлау талаптары толық орындалды. Барлық аудандағы учаскелік сайлау комиссиялары өз міндеттерін толықтай абыроймен орындап шықты. Ендігі кезекте алдымызда тағы ауылдық округ әкімдерінің сайлауы күтіп тұр. Ол сайлау 4 тамызға қойылған. Ол күні ауыл әкімдерінің сайлауы облысымыздың Абай ауданының Юбилейное, Ақтоғай ауданының Ортадересін, Бұқар жырау ауданының Ботақара кенті, Қарқаралы ауданының Ынталы, Осакаров ауданының Батпақты және Николаев, Шет ауданының Ақой ауылдық округтерінде өтеді. Ол сайлауларды алда ойдағыдай өткіземіз деген сенімдеміз, - дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сандуғаш Асылбекова .