Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданы биыл ауылдық округ әкімдерінің бірнеше сайлауын өткізді. Бұқар жырау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Нұрлановтың айтуынша, биыл 18 ақпанда, одан кейін 5 мамырда және 9 маусымда бірнеше 8 ауылдық округте сайлау ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілсе, ендігі сайлау 4 тамызға белгіленіп отыр.
«Бұған дейін ауданның Қызылқайың, Петровка және Самарқанд ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өткізілген болатын. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Бұқар жырау ауданының Қызылқайың, Петровка және Самарқанд ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын белгіледі. Атап айтсақ, Қызылқайың сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 782 азамат енгізілсе, оның 364-і дауыс берген. Дауыс беру барысында К.Абдрасимова сайлаушылардың 18, Е.Амиров 124, ал М.Рахимберлинов 192 сеніміне ие болды. Сөйтіп 1977 жылы туған,«Егін» шаруа қожалығы басшысының орынбасары Мурат Балмакаевич Рахимберлинов сайланды Қызылқайың ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Ал Петровка сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 1531 азаматтың 1087-сі сайлау учаскесіне келіп өз таңдауларын жасады. Кандидаттар арасында дауыс төмендегідей бөлінді. Т.Елюбаев сайлаушылардың 844, А.Жолдасбаева 120, С.Шиликпаева 112 дауысына ие болды. Округтің әкімі Талгат Ахметұлы Елюбаев орнын сақтап қалды. 1962 жылы туған оны сайлауға Amanat партиясы ұсынған болатын.
Самарқанд сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген 890 азаматтың 610-ы дауыс берді. Сөйтіп мұнда сайлаушылардың басым дауысына ие болған Жасұлан Мұратұлы Көшек Самарқанд сайлау округінің әкімі болып сайланды. Ол бұған дейін Теміртау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы болып жұмыс істеген. Оның кандидатурасын ұсынған Amanat партиясы. Бұл 18 ақпанда өткен сайлаудың нәтижесі», - дейді Марат Нұрланов.
Бұқар жырау ауданында екінші өткізілген сайлау 5 мамырда Ғабиден Мұстафин кенті және Центральный ауылдық округі әкімдерінде өтті.
Ғ.Мұстафин сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 2492 азаматтың сайлауға 1225-і қатысып, өз таңдауларын жасады. Сайлау қорытындысында Amanat партиясы ұсынған, 1966 жылы туған, Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Бакыт Койшибайқызы Ускембекова Ғабиден Мұстафин кентінің әкімі болып сайланды. Ал Центральный сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне енген 1037 азаматтың 573-сі сайлауға қатысып дауыс берді. Мұнда да Amanat партиясының мүшесі жеңіске жетіп, 1967 жылы туған, Сәбит Мұқанов атындағы жалпы білім беру мектебінің жүргізушісі Нұрбол Бопежанов Центральный ауылдық округінің әкімі болып сайланған еді.
- Бұқар жырау ауданының Баймырза, Тоғызқұдық және Суықсу ауылы әкімдерінің сайлауы 9 маусым күні өтті. Баймырза ауылдық округі әкімі лауазымына «Amanat» партиясы атынан округтің бұрынғы әкімі Асел Сунғатуллақызы Жүнісова, Жаңаталап ауылы әкімінің бас маманы Гүлмира Қуанышқызы Мұханова мен Центральный ауылдық округі әкімінің бас маманы Виктория Анатольевна Стефкина түсті. Соңғы екі үміткер өз-өздерін осы лауазымға ұсынғандар. Ал Тоғызқұдық ауылдық округі әкіміне үмітті үміткерлер қатарында Көкпекті ауылдық округі әкімінің бас маманы Айнель Боранбайқызы Абжанова, Тоғызқұдық ауылының әкімі Гүльнара Қадырқызы Қадырова мен Бұқар жырау ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Мейрам Игілікұлы Тулеуов бар. Мұнда «Amanat» партиясының ұсынған кандидаты округтің бұрынғы әкімі Гүльнара Қадырқызы.
Сасықсу ауылдық округі бойынша түскен кандидаттар Үштебе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қуаныш Есейұлы Амангелді, жұмыссыз Айбар Ойратұлы Касимов пен Бұқар жырау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Олег Дмитриевич Цыганков. «Amanat» партиясының ұсынған кандидаты жұмыссыз жүрген Айбар Ойратұлы.
9 маусымда Бұқар жырау ауданының Баймырза, Тоғызқұдық және Суықсу ауылдық округтерінде округ әкімінің сайлауы заң талаптарына сай өткізіліп, 3 ауылдық округте де ешқандай заң талаптары бұзылаған жоқ. Сайлаушылар сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасауына бар мүмкіндік жасалды. Бұқар жырау ауданы аумақтық сайлау комиссиясының қорытындысымен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Бұқар жырау ауданының Баймырза, Тоғызқұдық ауылдық округтері және Суықсу ауылы әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын белгіледі. Әрбір округ бойынша жеке-жеке тоқталсақ.
Баймырза сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1150 азамат енгізілсе, оның 727-сі сайлау учаскесіне уақтылы келіп, өз дауыстарын таңдаған кандидаттарына берген. Санақ барысында Асел Сунғатуллақызы Жүнісова сайлаушылардың басым дауысына, атап айтқанда 611 дауысты иеленді. Ал келесі кандидаттар Гүлмира Қуанышқызы Мұханова 61, Виктория Анатольевна Стефкина 49 дауыс жинаған. Сөйтіп 1988 жылы туған, «Amanat» партиясы ұсынған округтің бұрынғы әкімі Асел Сунғатуллақызы Жүнісова өз орнын сақтап, Баймырза ауылдық округінің әкімі болып қайта сайланды.
Тоғызқұдық сайлау округіндегі 820 сайлаушының 558-і өз таңдауын жасап, дауыс берді. Сайлау қорытындысы бойынша дауыс төмендегідей бөлінді. Яғни, Айнель Боранбайқызы Абжанова сайлаушылардың 31 дауысына ие болса, Тоғызқұдық ауылының бұрынғы әкімі Гүльнара Қадырқызы Қадыроваға 481 сайлаушы сенім білдірген. Ал Мейрам Игілікұлы Тулеуов болса 44 дауысты қанағат тұтқан. Сайлау қорытындысымен округтің бұрынғы әкімі, 1970 жылы туған, «Amanat» партиясы сенім білдірген Гүльнара Қадырқызы Тоғызқұдық ауылдық округінің әкімі болып қайта сайланды.
Суықсу сайлау округінде халық саны тым аз. Бар болғаны 100 сайлаушының 77-сі сайлау учаскесіне келіп өз таңдауларын жасаған. Үш кандидат арасында басым дауысты жұмыссыз жүрген Айбар Ойратұлы Касимов жинаған. Оны жақтап 62 ауыл тұрғыны дауыс берген. Сөйтіп мұнда да «Amanat» партиясының ұсынған кандидаты жеңіске жетті. Сөйтіп бұл сайлау да Бұқар жырау ауданының тарихында қалды. Ендігі кезекте 4 тамыз күні Бұқар жырау ауданының Ботақара кенті әкімін сайлауын абыроймен өткізу міндеті тұр алдымызда, - дейді Бұқар жырау аудандық аумақтық сайлау комиссия төрағасы Марат Нұрланов.